- Учителю
- Вннекласное мероприятие по самопознанию на тему Сән әлемінің падишасы (8-11 классы)
Вннекласное мероприятие по самопознанию на тему Сән әлемінің падишасы (8-11 классы)
Тақырыбы: Сән әлемінің падишасы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық іскерлігін арттыру. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта білу.
Көрнекілігі: Тақырып аты жазылған плакат, тақырыпқа байланысты суреттер.
Барысы:
Сұлтанбек: Армысыздар, оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Сән әлемінің падишасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Осы сайысты 8 - 10 сынып оқушы қыздары арасында өткізгелі отырмыз.
Бақыт: Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызға қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
«Сән әлемінің падишасы» атты сайысымыздың шарты:
-
«Сәлем - сөздің атасы» - қатысушылардың таныстыруы
-
«Тапқыр болсаң, тауып көр» (Ситуациялық жағдаят, мақал - мәтел жалғастыру)
-
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» Үй тапсырмасы (қағаздан ою ою сайыс барысында орындау, бисерден, тоқымадан жасалған заттарды үйден дайындап әкелу)
-
«Өнерлінің қанаты талмас» (ән, би)
-
«Қыздарға әсемдік жарасады» Сән киім үлгісін көрсету (Қазақ көйлек)
Сұлтанбек: Байқау барысында өздерінің әділ бағасын беріп, қыздарымыздың өнерін саралау үшін сайланған әділ - қазы мүшелерін таныстырып өтсек
1. ...................................................................................................................
2. ...................................................................................................................
3. ....................................................................................................................
Бақыт:
Оралбеков Сұлтанбектің орындауында «Қыз сыны» әнін қабыл алыңыздар. (Қыздар ортаға шығады)
Бақыт:
Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше, - дей келе сайысымыздың алғашқы шарты «Сәлем - сөздің атасы» бөліміне кезек береміз.
Сұлтанбек:
Қатысушылар келесі ретпен сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсетеді.
1.
2.
3.
4.
Бақыт: Құрметті қазылар алқасы, ару қыздарымызға өз бағаларыңызды беріңіздер.
Сұлтанбек: Сайыстың келесі шарты «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Бөлімнің шарты бойынша қатысушыларға ситуациялық тапсырмалар мен мақал - мәтелді жалғастыру тапсырмасы беріледі. Қыздар, ортаға келіңіздер. Айжан, сіздерге тапсырмаларды ұсынады. Олардың ішінен біреуін таңдап алыңыздар.
1-Тапсырма:
1)Ситуациялық жағдаят
Анаң сенің дәрігер болғаныңды, ал әкең мұғалім болғаныңды қалайды. Ал саған екі мамандық та ұнамайды, өйткені сен актер болғың келеді.
-
Сенің әрекетің?
2)Мақал - мәтел жалғасын табу
Ақылды қыз білімге жүгірер
Ақылсыз қыз ........................(сөзге ілігер)
2-Тапсырма:
1)Ситуациялық жағдаят
Меруерттің көңілі ештеңеге толмайды. Тіпті ол бәйек болып жүретін ата - анасының, жақындарының мейірімі мен қамқорлығын сезінбейді де. Меруерт өзінің бұл қылығына еш қиналмайды.
-
Меруерттің бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсың?
2)Мақал - мәтел жалғасын табу
3-Тапсырма:
1)Ситуациялық жағдаят
Айнаш үйіндегі кәрі әже, атасының мазасыздығына, құлағының нашар еститініне ашуланады. Ол қарттардың табиғи қауқарсыздығын түсініп тұрса да, қалай ашуланғанын сезбей қалады.
-
Мұндай жағдайда Ерболға қандай кеңес бересің?
2)Мақал - мәтел жалғасын табу
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық .................(ер кісінің ісі)
4-Тапсырма:
1)Ситуациялық жағдаят
Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.
-
Айманға қандай ақыл кеңес берер едіңдер?
-
Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
2)Мақал - мәтел жалғасын табу
Бақыт: Құрметті, қыздар, енді тапсырмаларды таңдап алыңыздар. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
Ал, енді қыздар дайын болды деп ойлаймыз. Уақыт бітті. Бірінші қатысушымыздан бастайық.
Сұлтанбек: Тамаша! Қыздарымыздың сұлулықтары мен қатар ақыл парасаты қатар жүреді екен.
Бақыт: Енді сайыскерлеріміздің бұл сында қаншалықты шымыр болғанын білсек, қазылар алқасы.
Сұлтанбек: Қыздарымыз келесі бөлімге дайындалып жатыр. Құрметті қонақтар, Сләмғазиев Серікболдың орындауында «Миллион» әнін қабыл алыңыздар.
Бақыт: Сайыстың үшінші бөліміне өтейік. Бұл бөлім «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады. Бөлімнің шарты бойынша, сайыскерлер қазылар алқасы мен көрермендер алдында қазақтың ұлттық ою - өрнегін ойып, оны бізге таныстырады.
Сұлтанбек: Қатысушыларымызды қолдау үшін ортаға 10 «А» сынып
оқушысы Бейсембаев Азаматты «Ерке сылқым» күйімен ортаға шақырамыз.
Сұлтанбек: Одан кейінгі кезекте «үй тапсырмасы» ретінде қатысушы өз қолынан бисерден немесе тоқымадан өз бұйымын дайындап әкелу керек болатын. Бұл бұйымдар(алдына - ала дайындалып, қатысушының аты жазылып, көрме ретінде дайындалып тұрады.) қазылар алқасы мен көрермендер назарына ұсынылып отыр.
Сұлтанбек: Сайыскерлер тамаша дайындықпен келген екен.
Әділ қазылар алқасы, қыздарымызға өз бағаларыңызды беріңіздер.
Бақыт: Сайысымыздың келесі бөліміне кезек берейік. Бұл бөлім «Өнерлінің қанаты талмас» деп аталады.
Мен жаспын деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап тұрар бойында.
Сұлтанбек: Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады»- дей келе барлығымыз ару қыздарымыздыың өнерлерін тамашалайық.
2-жүргізуші: Олай болса, алдарыңызда
1:.......................................................................................................
2:.......................................................................................................
3:.......................................................................................................
4:.......................................................................................................
Сұлтанбек: : Келесі кезек «Қыздарға әсемдік жарасады» атты бөлімге де келіп жетті.
Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне, ортаға толқып, тасып.
Аруларды сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық, - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.
Бақыт: Құрметті қонақтар, әділ қазылар алқасы , 10 «А» сынып оқушысы ....................................... Жаннаның орындауында «Ақ тілек» әнін қабыл алыңыздар.
(Қыздар ортаға шығып өздерінің дайындап келген сән үлгісін көрсетеді.)
Бақыт: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазылар алқасы, сіздер ендігі кезекте арулардың ұпайларын есептей беріңіздер. Ал, ол кезге дейін, Оралбеков Сұлтанбектің өнерін тамашалайық. Сұлтанбектің орындауында «Бол жанымда» әнін қабыл алыңыздар.
Бақыт:
Енді кезекте қазылар алқасы өз шешімдерін қабылдады деп ойлаймыз. Құрметті, әділ қазылар алқасы, сөз сіздерде.
Бүгінгі сайыста «Бас жүлдеге» ие болған ...........................................
«Өнерлі ару» номинациясы ............................................................
«Білімді ару»номинациясы .................................................................................
«Көрермен көзайымы» номинациясы ..............................................................
Сұлтанбек: Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер.
Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым - қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» деп, бүгінгі тамаша кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Сау болыңыздар!