- Учителю
- Ашық сабақ Мүсіндеу (Бүлдіршін тобы)
Ашық сабақ Мүсіндеу (Бүлдіршін тобы)
Білім беру саласы: «Шығармашылық», «Таным», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Машаға білезік сыйлаймыз»
Мақсаты: Ермексаз бөлшектерін алақан арасына салып есуді, біріктіре отырып, белгілі форманы қалыптастыра білуді үйрету. Мүсіндей білу және саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуын қалыптастыру. Тілдерін дамыту, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: тосын сый, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, сергіту сәті. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: білезіктер, білезіктер бейнеленген суреттер, ермексаз, тақтайша, сулық шүберек, үлгі материал, қуыршақ Маша.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: әшекей бұйымдарымен, білезікпен таныстыру.
Сөздік жұмыс: білезік
Мотивациялық қозғаушы
Іздену-ұйымдастырушы
Рефлексивті-коорекциялаушы
Шаттық шеңбері
- Балалар,біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, денемізді оятып алайық.
-Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар!
-Қайырлы таң құлақтарым, сендер де ояныңдар!
-Қайырлы таң, саусақтарым, сендер де ояныңдар!
-Қайырлы күн, сен де ояндың ба?
-Тағы бір күн артта қалып, арайланып таң атты.
-Жарайсыңдар, балалар орнымызға отырып жайғасайық.
Ғажаыйп сәт!
(музыка ойналады) Аю мен Маша келіп кіреді, амандасады.
Аю: -Сәлем кішкентай достар
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, аю. Күтпеген жерден бізге тосын сый жасадыңыз ғой. Қош келдіңіздер!
Аю: - Сәлем, сәлем! Бүгін менің Машамның туған күні. Балаларға
барайыншы, көңіл көтеріп қайтайықшы деп қоймады.
Тәрбиеші: -Солай ма? Қонақ келсе біз қуанамыз.
Алақай келіңіз,
Дайын тұр төріміз.
Келіңіз, келіңіз,
Сый-сияпат көріңіз!
Төрлетіңіздер.
Аю: Әрине, әрине.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгін Машаның туған күні. Туған күн иесіне сыйлық сыйлауымыз керек. Машаға қандай сыйлық сыйласақ болар екен.Кәмпит сыйласақ, тісі ауырып қалуы мүмкін.Машаның қолына білезік жасап берсек қалай болады,әрі естелік болып қалар еді.Балалар,Машаға өз қолымызбен білезік жасап береміз бе? Білезік Машаның қолына әдемі болатын сияқты. Кәне бәріміз білезік деп айтайықшы.
Сөздік жұмыс: Білезік
Балалардың назарын суретке аударып білезікпен таныстыру.
Білезік әшекей бұйымға жатады. Мына суретте білезіктерді көріп тұрмыз. Білезіктердің пішіні дөңгелек, түстері жасыл, сары және қызыл түсті екен. Білезіктердің түстері әртүрлі болады.Білезіктерді әдемі болу үшін қолымыздың білегіне тағамыз. Білезіктердің көлемі де әртүрлі болады. Үлкен және кіші білезіктер. Үлкен білезіктерді үлкен адамдар, ал кіші білезіктерді кішкентайлар тағады. Мен сендерге білезіктердің жасалу жолдарын көрсетейін. - Ермексазды алақан арасына салып, әрі-бері сопақша етіп есеміз. Мінекей, ермексаздан сопақша пішін шықты. Енді осы сопақша пішінді иіп, дөңгелек пішін шығу үшін екі ұшын біріктіреміз. Міне, қызыл түсті білезік пайда болды. Жұмысымызды аяқтаған соң ылғалды шүберекпен қолымызды сүртіп, тазалап аламыз.
-Балалар орнымыздан тұрып, бойымызды жазып алайықшы.
Тыныш, тыныш балалар
Қуыршағым Ақмарал
Ұйықтап жатыр дамылдап
Ән айтайық ыңылдап
Әлди-әлди-әлди-ай
Ку-ка-ре-ку!
Уақыт болды,уақыт болды тұратын
Ойын сауық,ойын сауық құратын
Би билейді,би билейді Ақмарал
Қол соғады, қол соғады балалар
Ля-ля-ля-ля
-Енді жұмысымызға кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
- Балалар Машаға беретін сыйлығымыз дайын болды. Машаның туған күніне әдемі білезіктерімізді сыйлайық.
- Аю, сізге балалардың жасаған білезіктері ұнады ма?
Аю: -Ия, әрине ұнады. Қандай әдемі білезіктер! Мына білезік қандай керемет! Мынау да әдемі. Маша қатты қуанатын болды. Маша саған да ұнады ма?
Маша балаларға алғысын білдіріп жатыр. Рақмет, балалар! Менің де сендерге сыйлығым бар, демалған кездеріңде бізді көріп, тамашалаңдар!
Тәрбиеші: - Аю, Маша көрдің бе, балалардың қолынан бәрі келеді. Машаға арнап жасаған білезіктерінің бәрі де әдемі шыққан, дұрыс ермексазды пайдаланып, ұқыпты жұмыс жасаған. Жарайсыңдар, балалар!
Білезік сыйлығымызды Машаға сыйладық, енді Машаның туған күніне арнап жақсы тілектер айтайықшы.
- Маша сен ақылдысың!
- Маша туған күнің құтты болсын!
- Маша бізбен бірге дос болшы!
Тәрбиеші: - Әрине, Маша сендермен дос болады. Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып, Машаны ортаға алып, туған күніне керемет ән айтайық.
«Балабақшада» әні.
Тәрбиеші: - Балалар, міне енді Маша мен аю біздің досымыз болды.Енді демалып,Маша мен аюдың әкелген сыйлығы мультфильмді бірге тамашалайық.
Балалар шаттық шеңберін жасайды
Көздерін уқалайды
Құлақтарын уқалайды
Шапалақтайды
Бір-біріне қарап күледі
Балалар таңқалады
Балалар қол бұлғайды
Сәлем аю
Аю үстелдің үстіне Машаны қойып, өзі орындыққа отырады
Ия
Балалар қайталайды
Балалар суретке мұқият қарайды
Білезіктерді қарайды
Балалар мұқият көріп, тыңдайды
Балалар сөздеріне қарай қимылдар жасайды.
Шапалақтайды
Аяқтарын топылдатады
Балалар ермексазбен жұмыс жасайды
Маша күледі
Балалар тілек айтады
Балалар ән айтады
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Білезіктердің түстерінің, көлемдерінің әртүрлі болатынын;
Меңгеруі: мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін;
Жасай алуы: ермексазбен ұқыпты жұмыс жасауды