- Учителю
- Мен қандай ұстазбын? тренинг
Мен қандай ұстазбын? тренинг
Бекітілді:
Тақырыбы: Мен қандай ұстазбын?
Мақсаты: - Әрбір ұстаздардың ептілігін, білімділігін айқындау, шығармашылдығын, сөйлеу
белсенділігін арттыру.Шәкірт жүрегінен төр алар ізденгіш, мінезге бай ұстазды
құрметтеп, әр істерін дәлелдеу.
Көренікілігі: сөздер, кестелер, жүрекшелер т,б.
Әдісі: хат жазу, менің экраным, шығу парағы, жүректен -жүрекке.
Түрі: тренинг
Барысы:
І Кіріспе
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! «Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез» , - деп заманын көрегендікпен ерте шалған дана Абай ұстаз есімінің қашан да биіктен орын алатынын дәл көрсеткен.Бүгінгі жұмысымыз тек сіздермен.
ІІ Негізгі бөлім.
І.Дайындықсыз келген әр ұстазға кез келген сөз беріледі.(ұстаздар бір - біріне ыстық тілек айтады).
ІІ. «Өзіңді таныт!» сәті.
ІІІ. Ұстаз - білікті, жан - жақты сауатты болуы шарт деп жатамыз. Себебі: шәкірт өз ұстазына қарап талаптанбай ма? Олай болса, ұлттығымызды дәлелдейтін «Тапқырлық» бөліміне кезек берелік.
1.Ашамай (ердің қарапайым түрі, ағаштан жасалады.Кеңдігі баланың ауына лайық)
2.Наурызша (қылаулап жуған жұқа қар)
3.Отамалы (15.03. - не кіріп, 17.03-не шығатын амал!)
4. 7 әулие (Мекке, Мәдина, Бұқар, Шам, Қатым, Мысыр, Құран)
5.7 атаңызды айтсаңыз?
6.Бата бере аласыз ба?
7.Қолазы (сал-серілер бөрікке қадайтын үкі қауырсынын ораған әшекей)
8. Қыз кәде (ұзатылар қыздардың жеңгелері мен күйеудің қосшылары)
9.Киіз үй ағаштары
10.Киіз басу.
ІҮ. Әрбір адам шешен, сөзге бай емес.Яғни әрбірімізде кемшілік кездесіп тұрады.Енді әрқайсысыларыңыз ана тілге деген өз бейімділігіңізді кестеге түсіріңіздер.Іске сәт!
«Менің экраным»
Ү.Ұстаз - шебер ойынша да болуы шарт.Берілген сөздерді жекелеп шешендерше талдасаңыз
Ұ -ұлы Ә - әділ
С - сабырлы К - көпшіл
Т - талапшыл І - ізетті
А - адал М - мансап иесі
З - замандас
ҮІ.Кім жылдам?
Кітап -
Қала -
Ойын -
Мата -
Адам -
Батыр -
Мемлекет -
Ұлт -
Өзен - көл -
ҮІІ. Әрбір ұстаздың жүрегінде дарынды да ерекше шәкірт болады.Шәкірт - ұстазсыз, ал ұстаз - шәкіртсіз тұл. Әрбіріміз сүйікті оқушымызға жүрек сырын қозғап хат жазалық.
ҮІІІ. Шығу парағы.
ІХ.Қорытынды. Жүректен - жүрекке.
(Мен - ұстазбын, әлемге нұр сыйлаған ...) (жүрекшелерге жазып, плакатқа қыстырады)