- Учителю
- План урока воспитательного часа на казахском языке на темуБағдаршам(1 сынып)
План урока воспитательного часа на казахском языке на темуБағдаршам(1 сынып)
Описание слайда:
Тақырыбы: «Бағдаршам - біздің досымыз»
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол
белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол
белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін
есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ
қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі
суреттер, бағдаршам, жол белгілері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп
келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе
түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп
келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да
жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше
тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының
зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі - көптеген
мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін « Бағдаршам - біздің
досымыз » атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатын
өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!
Оқушыларды жол белгілерімен таныстыру.
Видео ролик көрсету.
Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті белгісі бар
оқушылар - «Қызылдар», сары түстілер - «Сарылар», жасыл түстілер -
«Жасылдар».
«Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
I бөлім
Сұрақ-жауап
Бағдаршам тобына
1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге
қосылған үш көзді қондырғы/
2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға
қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/
3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт
жастан бастап болады/
4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/
5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/
«Жол белгілері» тобына
1. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/
2. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/
3. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/
4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге
рұқсат етіледі? / 01 - өрт машинасына, 02 - полиция машинасына, 03
- жедел жәрдемге/
5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру
керек/
II бөлім «Жұмбақтарды шешу»
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)
6. Өзі тым күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)
7. Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді. ( машина)
8. Екі ағасы қашады,
Екі ініс қуады. ( машина дөңгелектері)
9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)
10. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы балалар
Бұл жұмбақтың шешуін. (жол)
III бөлім Тақпақ айту.
Қызыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл "Сен тоқта!"
Сары көзі
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды
Жасыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
1. « Ескерту» белгісі
Өзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,a
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.
2. « Тыйым салу » белгісі
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың?
3. « Нұсқау » белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
4. « Көрсеткіш » белгісі
Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.
5. Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз, ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Есіңде сақтап қал, біздерді ұмытпай!
6.Көліқ,көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен,көшелермен,
Күнде тынбай жүреміз.
7.Жол жүрудің тәртібін,
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау-саламат жүреміз.
8. Мен білемін бәрін деме,
Отырған жоқсың бөлмеде.
Машина өтіп кеткесін,
Жолаушы алға беттесін.
IVСергіту сәті «Бағдаршам»ойыны
Vбөлім МАИ емтиханы. ( 8 тест белгілеп береді.)
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С)
белгілер
3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола
ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну
керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан
5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат
етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай
ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл
VІ бөлім « Әдептілік әліппесі »
Мұғалім: - Балалар енді мен сендерге мынадай жұмбақ - әңгіме оқып
берейін. Шешуін өздерің айтыңдар.
Алмас көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге:
-« Айтыңызшы, сағат қазір қанша? » - деп айқайлады.
Ол жүргінші уақытты айтқан соң, алмас бұрылып жөніне кетті. Бала
бөтен адаммен қарым - қатынасында бірнеше қателік жіберді. Осы
қателіктерді кім табады?
Жауабы:
1. Көшеде айқайлап жөн сұрамау керек!
2. « Сағат қанша? » емес, « Уақытты айтып жіберіңізші » немесе «
Сағат қанша болғанын айтыңызшы » деп сұрауы қажет.
3. Алдымен кешірім өтінуі керек.
4. Алмас ол адамға « Рахмет » айтуды ұмытты.
VІІ бөлім « Жағдаяттарды шешу »
« Қызылдар » тобы:
Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді.
Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы
естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол
қандай шара қолдану керек еді?
« Жасылдар » тобы:
Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан
- жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол
жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс?
Жолдан қалай өту керек?
« Сарылар » тобы:
Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып
қасыңызда тұрған досыңыз машиналар зулап жүріп жатқан жолдан
өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?
VIII бөлім.«Жол белгілері»ойынын ойнату. (Мозайка)
ІX бөлім. Қорытынды
Біз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол
белгілерін үйрендік.
Айналайын, абайла!
Жан-жағыңа қарайла!
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда.
.