7


  • Учителю
  • План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіре отырып,дені сау,ағзасы мықты ұрпақтар тәрбиелеу салауатты өмір сүру екенін ұғындыру. Маскүнемдікке қарсы күресу,есірткі мен темекінің зияндығын сезіне отырып ,салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат сал
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты: оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіре отырып,дені сау,ағзасы мықты ұрпақтар тәрбиелеу салауатты өмір сүру екенін ұғындыру.

Маскүнемдікке қарсы күресу,есірткі мен темекінің зияндығын сезіне отырып ,салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысу.

Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын,одан сақтану ,қорғана білу туралы түсіндіру.

Көрнекілігі:ЖИТС-қа арналған кітапшалар, сызбалар,ТСО. .



Барысы:

Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып ,еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың- жаны сау» деп орынды айтқан.

Денсаулық-зор байлық.Денсаулық болса ,бәрі де болады.Дені сау адамның көңілі шат өмірі бақытты.

Денсаулық ол-күлуің

Көңіл күйің жадырай

Денсаулық ол-жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

Денсаулық табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы.Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек.Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне,кәсібіне,өмір сүру салтына,өзіне тікелей байланысты.

Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір қоқысты жерлерде өсіп-өніп,шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай.

Отанымыздың келешегі ,көркеюі,балалар сендердің қолыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың-салауатты өмір салтын сақтау.

-Балалар ,салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?Салауатты өмір салты деген не?

Дұрыс сонымен ішімдіктің,темекінің, нашақорлықтың, денсаулыққа зиян екенін айтып тұрсаңдар, ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дені саудың-жаны сау» деп аталады, өйткені қазіргі кездегі елімізде ұрпақтарымыздың өсіп-өнуіне, қалыпты өмір сүруіне кедергі жасап отырған кеселдің бірі-нашақорлық,темекі,арақ және 21 ғасыр індеті ЖҚТБ жайлы түсініктер аласыңдар.СЛАЙД

Балалар ең бірінші біз ЖҚТБ жайлы сөз қозғаймыз,содан соң ЖҚТБ-ға әкелетін жолдар,ол темекі,ол,арақ,ол есірткі жайлы айтамыз.

Ендеше ЖҚТБ-ғасыр індеті. ЖҚТБ- адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема.Ол тек медицина ғана емес,әлеуметтік проблема.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

- Ал,ендеше қазір бірінші сіздер ЖҚТБ құрбаны (монологына )назар аударыңыздар.

Көрініс: «СПИД-ғасыр індеті» атты бөлім

1. СПИД құрбаны (монолог)

Төбе құйқаңды шымырлатып ышқына шыққан азалы да ащы әуен.Жарқ-жұрқ етіп,жоғарыдан айқұш-ұйқыш,су-су сорғалаған өткір сәуле астында бүйі тигендей болып дөңбекшіген біреу. Біресе ұшып тұрады,біресе қайта құлайды,құлайды да қайта тұрады. есірік айғай.Сандырақ.Жан төзгісіз ауыр азапқа түскен адам. Аласұра шыққан азалы әуен баялап барып саябыр тапқанда,қағы мен қасіреттен қажыған адам ыңырана орнынан көтіріледі. План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

-Уа,жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан,жұмыртқадай жұмыр басты пендеңнің зарын тыңдашы бір сәт!

( сахнада адам төзбестей ауыр тыныштық, жүзін мұң шалған адам сыртқа қарай сыр шашпай,іштей тілдесіп,өзімен-өзі болып отыр.)

Өзімнен өзім сыр таптым,

Өле алмай жүрген сырқатпын

Шіріген картоп сияқты,

Бұрышында қалған бір қаптың

Өзімнен өзім тістенем,

Шарабым да тұр ішпеген.

Ұйықтайын десем қорқамын

Көрмейтінсұмдық түс көрем

(Сахнада мұңды әуен басталады)

(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр)

-Мен жағдайы әжептауір отбасында дүниеге келдім.Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім,кимегенді кидім. Бір сөзбен айтқанда,өте ерке болып өстім.Әке-шешем бар дегенімді жасады. Анда санда әкем мен тентек болған кезде,айғайлап ұрса бастаса анам «Ойбай, жалғыз балада нең бар?» -деп ара түсетін.

(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалады.)

  • Иә, ата-анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті.Жетінші сыныпқа жеткенше екі-үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой.Тәртіпсіздігім үшін.Біркүні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді.Олардың да мен секілді ұлы бар екен.Сонымен іздегенге сұраған демекші,екеуіміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша деген пәленің дәмін ерте татқан екен.Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?

Тамырын умен суарып

Денсаулық деген егістің

Шірітіп апсың біразын

Ғаламат қымбат жемістің.

Инемен таза денеңді,

Тесуге неге келістің?

Көк түтінмен уланып

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат

Ауру меңдеп құлайсың

Дәрігерлерді мазалап

Не үшін енді жылайсың?

(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып,сөйлеп кетті)

-Содан арада екі-үш жыл өтті.Бұл кезде мен темекісіз ,есірткісіз тұра алмайтын болдым.Өзім секілді достарым да көбейді.Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды.Не құдіреті барын ,сол бір инені көрсем аузымнан суым шығып,есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды.Жалғыз анамның жиған-тергені есірткінің айыобасына кетті.Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім.Бірде қатты салқын тиіп ауруханаға түстім.Дәрігерлер менің СПИД -пен ауыратынымды анықтапты.Төрт-бес жыл білмей жүріппен.

Таусылмақ дәм.Бітпек өмір-өзенім.

Менің-дағы жетті кетер кезеңім

Оны көптен тарқамаған қайғы мен

Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.

«Өлермін»-деп күңіренем,күйзелем,

Мені есірткі найзасымен түйреген.

Өз әлімше арман-көлде жүзе алмай,

Қанатымнан жараланған күйде мен.

-Соңғы кезде өмір-тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О,Жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой.Бір-ақ өмір! Осы біра-ақ рет берілген өміріңде қартайғанша жүріп,о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі?балалық па,шалалық па,әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді,өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады.Бәрі кеш енді.

О,Жаратқан!

Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан!Сендер естисіңдер ме,мына менің зарымды? Айтыңдаршы,құтқаратын күш бар ма,мына мендей бейбақты?

(мұңлы ащы әуен ойналады.)

Бұл тірлікте не тындырдым,не көрдім,

Құрбанымын СПИД деген кеселдің.

Ақтамай -ақ кетіп барам арманын,

«жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.

Кім кінәлі,аялаған анам ба?

Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

Тек қана өзім кіналімын сол үшін

Улы дерттің құрбаны мен болам да.

Жас жеткіншек!

Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,

Ауырсаңдар Бұл кеселмен,

Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.

Құтқаратын күш жоқ,онда әлсіз тірі өліксің,

Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!

Азалы да ащы әуен қайта ойнады.Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп,жерге құлайды.Бұл оның ақтық сөзі еді.



-Міне балалар, бұл көрініс ҚР-ның әрбір азаматын ойландыратын жайт. Енді қазір сендерге ЖҚТБ жайлы және одан сақтану,оның қалай шыққаны жайлы,алдын алу шаралары жөнінде ,сөз беріледі мектеп -интернатының медбикесі Зәмзәгүл апайға.

План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

СЛАЙД

"ЖҚТБ" қайдан ,қалай келді?

  • Осы сұрақ жиі қолданылады "ЖҚТБ" қайдан келді? "ЖҚТБ"-ның туған жері Орталық Африка болып саналады.Осы жұқпалы ауруды таратушы жергілікті маймылдар болған екен,және белгісіз бір себептермен осы жұқпалы ауру АҚШ-тың әскерлеріне жұққан.1983 жылы мамыр айында "ЖҚТБ" дерті тіркелді.ЖҚТБ дерті біздің де елді айналып өткен жоқ, бірінші 1987 жылы тіркелсе,2003 жылы 2442 адам осы дертпен ауырғандар саны белгілі болды.Көбі 15-29 жас аралығындағы жастар.

  • АҚТҚ,АҚТҚ жұқпасы деген не?

  • АҚТҚ -қорғаныш жүйесінің жеңілісін ту-дыратын,организмнің жұқпалардан,ісік-тен қорғануына жауап беретін,адамның қорғаныш қоздырғышы.АҚТҚ қорғаныш жүйесіне, ең алдымен лимфоцит еніп өмір сүреді және көбейеді.Осының нәтижесінде лимфоциттер өледі.Лимфоцит санының қысқарғанына қарай қорғаныш жүйесі нашарлайды және әртүрлі жұқпалар мен ауруларды тойтаруға мүмкіндігін жоғалтады.

  • АҚТҚ жұқпасы- адамның қорғаныш тапшылығы жұқпамен у нәтижесінде пайда болады және бірнеше сатысы бар.

  • "ЖҚТБ" деген не?

  • ЖҚТБ-жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі,АҚТҚ-жұқпасының соңғы сатысы. Көпшілік адамдардың организмінде әртүрлі жұқпалардың қоздырғыштары өздері туралы ешқандай белгі бермей тұра береді.Олардың қатарына өкпе ауруы,цитомегало қоздырғыштың жұқпасы,іріңді жаралар,ұшықтар т.б. жатады.ЖҚТБ мен ауыратындарда зиянды ісіктер ,ми қабының зақымдануы жиі кездеседі.АҚТҚ жұққаннан кейін ЖҚТБ-ның пайда болуына 10 жылдан астам уақыт керек.АҚТҚ жұқтырған адам ауру адамға мүлде ұқсамайды,өздерін жақсы сезінгенмен басқаларға жұққызу мүмкіндіктері бар.ЖҚТБ емделмейтін дерт.

  • Адамдар АҚТҚ мен қалай жұқпаланады?

  • АҚТҚ-мен әрбір адам жұқпалана алады,бірақ мінез-құлықтары АҚТҚ-ны жұқтыруға икемдірек адамдарда жұқпалану екпіндірек болады.(есірткіні инемен қолдану,қорғаныссыз жыныстық қатынастар) оны жұқтырған адам тек қана қанды зертханалық зерттеулерден өткізу арқылы ғана білуге болады.

  • Адам АҚТҚ-мен жұқпаланған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адам арқылы ғана жұқпалана алады.АҚТҚ -мен жұқпаланған адам оның таратушысы болып саналады,яғни ол өзін сау адамдай сезінсе де, жұқпаны басқаға тарата береді.АҚТҚ организмдегі белгілі биологиялық сұйықтықтар арқылы ғана беріле алады:қан,тұқым сұйықтығы,ана сүті.

  • "АҚТҚ"-ның берілу жолдары

  • АҚТҚ үш жолмен беріледі:

  • Қан арқылы

  • Жыныс жолдарымен

  • Анадан балаға

Жаңа айтылғандай ЖҚТБ біріншіде дұрыс білінбейді.Адам өзін сау адамдай ұстайды, ештеңе сезбейді.АҚТҚ адамның жасушасына жабысып,дамиды екен.Дами келе,ЖҚТБ-ға айналады.Ол басқа аурулардың астарына тығылады.Мысалы,грипп,өкпе аурулары,т.б.ЖҚТБ-ға қарсы ешқандай дәрі- дәрмек жоқ.Сондықтанда өмірімізге қауіпті наша,темекі сияқты зиянды улы түтінге әуес,құмар болмайық қымбатты біздің болашақ өмірдің жалғасы.

Ал ,енді қазір маскүнемдік жайлы айтылады.СЛАЙД. МАСКҮНЕМДІК

Маскүнемдік-өзін-өзі қорлау немесе арақтың азабы туралы бөлім

Арақ қалай пайда болды?

Адамзат бірнеше жүз мыңдаған жылдар бойы арақты білген жоқ.Араққа үйір болу.Адамның жас кезіндегі қателерінің бірі. Адамдар жеміс-жидекті жабық ыдысқа ұстағанда бір түрлі ішімдік пайда болатынын байқаған.Бірақ алғашқы кезде оны өте сирек және аз мөлшерде ішкен. Күші 5-7грамм болатын бал-сыра адамдардың сүйікті ішімдігіне айналған,тек 16 ғ алхимиктер арақ жасаған,оны дәріханаларда аз мөлшерде дәрі ретінде пайдаланған.Бейберекет ішімдікке салынушылық 19ғ басталды.Қазақ халқының тарихында және лексикасында "арақ" деген сөз болған емес.Олар ашытып қымыз,шұбат және боза ішкен.Қазан төңкерісінен кейін арақ ішу кең өріс алып,біртіндеп айықпас кесел,сатып алатын ауруға айналды.

Арақ адам ағзасына қаншалықты әсер етеді?

Алкогольді үнемі пайдалану маскүнем-

дікке апарып соқтырады.Асқазанның

Қабынуы,бауыр,бүйрек ауруларын тудырады. Маскүнем ішімдік болмаса ауыр күйге түседі,үрейленіп орынсыз қорқады,дірілдейді,аузы кебуі,бас ауруы жалпы әлсіздік байқалады.Олардың жұқпалы ауруларға,әсіресе туберкулезге қарсы тұру қабілеті нашарлайды.Алкоголь ұрпаққа әсер етеді.

  • Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал ұл боламын десе,-АРАҚ ішпесін.

  • Кімде-кім сұлу қызға жар боламын десе-АРАҚ ішпесін.

  • Кімде-кім өз қоғамына пайдалы азамат боламын десе -АРАҚ ішпесін.

План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

1-оқушы Алкоголизм- тұқым қуалайтын ауру.Оның көп белгілері елге белгілі.Ең алдымен науқастың мінез-құлқы өзгеріп,интелектісі төмендейді,ауру азып-тозады.Егер әке-шешсі жағынан алкоголизммен ауырған адам болса онда ұрпақтары да сондай сырқатқа бейім келеді.

Келесі бөлім СЛАЙД ТЕМЕКІ

«Темекі түтінімен уланғың келмесе немесе шылымшы» атты бөлім

  • Темекінің шығуы жайлы не білеміз?

Еуропаға темекі тартуды Колумбтың 11экспидициясына қатысушылар 1496ж Америкадан оралғаннан кейін, XV ғ. Үндістер "кохоба" деп атайтын өсімдік тұқымын испан монахы Рома Паноға әкелген.Алғашқы кезде темекі өсімдік ретінде Испанияда өсірілген деген болжам бар.Өкінішке орай, адам ағзасына өте зиянды өсімдіктің әлемге қалай тез таралғанын ешкім көз алдына елестете алмайды.

  • Шын мәнінде темекі зиянды ма?

Темекі түтінінің құрамында организмге зиянды

1200-дей зат бар.Оның ең зияндысы -никотин. Ойлап қарасаң,"шегу" деген сөзді екі-ақ сөзбен тіркестіріп айтуға болады: азап шегу, шылым шегу.Темекі құрамындағы никотиннің зиянды әсерінен ауыздың дәм сезуі нашарлайды,тіс уақытынан ерте бүліне бастайды.Темекі сал- дарынан сілекей бездері де өзгереді. Сондай-ақ тілге,ерінге, таңдайға жазылмайтын жара шы- ғып,ол кейін ракқа айналуы мүмкін.Қысқасы, темекінің адам өміріне зияны көп.

  • Темекіденқандай аурулар туындайды?

  • Өкпе рагінің -90 пайызы (құрамында рак ауруын тудыратын бензпирин,бензатрацин т.б. улы заттар бар)

  • Өкпе ауруының -75 пайызы

  • Жүрек ауруының -25 пайызы

  • Ғылыми зерттеулерге қарағанда улы түтін адамның ми,сезім,тыныс жолдары,ас қорыту,қан тамырлары қызметін бұзады екен.

  • Темекімен күрес

    шаралары қалай жүргізілген?

  • Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданған.

  • 1680жылы XIII Людовик король темекіні еркін сатуға тыйым салып,тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұқсат берді.

  • 1692ж Санть-Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған.

  • Югославияда 1987ж жұмыс және мектепте темекі шегуге тыйым салған.Оны бұзғандар 50 000 динар айып пұл төлеген.

  • Біздің елімізде де кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.

План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)







Күнделікті көңілді тірілгіміздің көлеңкелі көрінісіне айналған темекі тарту сияқты ақыл естің дұрыстығына сай келе бермейтін әдеттен арылудың басты шарты-осыған тыйым салу.

Ендеше Никотинді соттау. көрініс.





План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)





«Есірткі-жас өмірді улаушы» атты бөлім.

Есірткі қашан және қай мемлекеттерде пайда болды?

  • Есірткіні өте ерте заманнан-ақ пайдаланған.Оның құрамындағы удың әсері басты айналдырып,миды әлсіретеді.Осыны дінбасы және емші,көріпкелдер өз қажетіне,бұқараны айтқандарына сендіруге, санасын өздеріне бағындыруға пайдаланған.Есірткі ертедегі Египетте,Грекияда,Римде және Үндістанда өте ерте заманнан қолданылған.Бұны иіскеп немесе шеккен адамдар көңілденіп,ауырғандар ауруын сезбей,бей-жай көңілді күй кешкен.Оны ойлап тапқан неміс ғалымы Альберт Ниман.Осы есірткіні алғаш пайдаланғандар үндістер мен латынамерикалықтар болған.

  • Есірткі деген не?

  • Есірткі - қазіргі кездегі нашаның көп тарағаны- героин,яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады.Бірінші рет көргенде ләззәт алады,сол ләззәтті өмір бойы іздеп өтеді.Ол адам организімін тез улайды.Сана сезімі уланған адамның мінез құлқы тез өзгереді,

  • бауыры зақымданады.

  • 2Есірткі- достардан айыра-

  • ды,адамның өліміне әкеледі,

  • Адамның ақыл-есін өзгерте-

  • ді,созылмалы ауруларды ту-дырады.



Міне балалар мына суретке қарасаңдар

План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)





1 суретте 38 жастағы Сергей ол инеге отырмай тұрғанда инжинер болған.Инеге отырғалы 7 жыл болған екен.

2-суретте Алик деген ол 25 жаста 7жыл ине салған,инеге бірінші қызық көріп отырған,ойлаған көріп сосын тастаймын деп,бірақ тастай алмаған. Келесі бір отырыста жолдастарымен иньекциялық егу арқылы қолына инфекция түсіріп қолынан айрылған.

3 суретте.Радик 24 жаста 18 жасынан есірткіге әуестенген және иньекциялық егу арқылы аяғының 1\3 бөлігінен айырылған.

4суретте. Елена 22 жаста 3жылдан бастап инеге отырған , модель болған, инеге дос қыздары отырғызған,біріншіде кокоин иіскеген, ақшасы біткен соң героинге көшкен,содан инекциялық егуге көшіп қолына инфекция түсірген.

Міне, Есірткіні қолданудың етек алуы ерекше алаңдық туғызуда.Ұлтымыздың алаңдатып,ұрпақты,адамдарды кісілік қасиеттен айыратын тажал дерке қарсы күрес отбасынан, мектептен және саналы әр азаматтың өз жүрек түбінен шығуы тиіс. Есірткімен, нашақорлықпен бүгінгі таңда дүниежүзі болып күресуде.

Дәрігер мамандардың айтуынша қазір есірткіні 11-13 жастан бастап қабылдағандар тексерілу тізімінде демек ұрпағымыз өспей жатып өшуде.Есірткі шегетіндер бірте-бірте өспей жатып өшуде.Есірткі шегетіндер бірте -бірте мейірімсіз,өзімшіл,тасбауыр,есалаң болып, өзіне -өзі қол жұмсайтын болады.

-Ал,енді қазір сіздермен соц педагог тест жұмысын өткізеді.

Өлең:

Ана жерде бір қыз жүр

Мына жерде бір ұл жүр

Екеуінің біреуі

Наша шегіп қор боп жүр



Қайырмасы.:

Оу,халайық ,халайық

Нашаға қарсы тұрайық.

Болашағымыз үшін

Спортпен дос болайық



Наша шеккен ұлымыз

Өз тамырын қиып жүр

Ал спортшы қызымыз

Бәрінен де озып жүр



Қайырмасы:

Салыстырып екеуін

Бір нәтиже табайық

Наша шеккен жақсы ма

Талдап кәне қарайық.

Қайырмасы:

Тест қорытындысы.



Қорытынды: Денсаулық ең қасиетті де құнды ,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл қазына.

Салауатты өмір салтының мақсаты-өмір сүрудің мағынасы терең екендігін білдіруде.Ішімдік, нашақорлық адамның жауы.Бұл жолдан аулақ жүру керек.Барлық байлық денсаулық екенідігіне сіздердің көздеріңіз жеткен шығар. «Жақсыдан үйрен,жаманна жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.Жақсыны көріп,тыңдап, соған ұқсау керек.Жаманды көріп, естіп,зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау-көрегендіктің белгісі.

Салмақты ,сабырлы,білімді жат қылықтардан аулақ болып салауатты өмір салтын ұстанайық балалар.!

Бүгінгі тәрбие сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен

Көп нәрсені ұғып алдық

Кетпейтұғын мәнгі естен-деп тәрбие сағатымды аяқтаймын.



















План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

1. 2.



План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

3. 4.



План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

























План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)

















План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)





План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)



План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)









План работы по воспитательной работе Дені саудың-жаны сау(6 класс)























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал