7


  • Учителю
  • Сценарий радиопередачи Тілдер күні

Сценарий радиопередачи Тілдер күні

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тілдер күні, 2016 жыл, қыркүйек



Камила:

Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің -тілім менің тірлігім!



Айгерім:

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.



Камила: Сәлем, достар!

Әйгерім: Бәріне қайырлы күн! Сіздермен бірге Халық радиосында «Жас тілші» хабары

Камила: «Жас тілші» хабарын Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Қаламгер» орталығының жас тілшілері жүргізеді.

Әйгерім: Хабарды жүргізуіп отырған Камила Босынбаева

Камила: және Әйгерім Бейсекина

Әйгерім: Осы оқу жылыңдағы алғаш хабарымызды «Тілдер мерекесіне» арнаймыз.

Камила: Иа,достар бүгінгі дайындаған әсем ән де, өлең мен жырда ана тілімізге арналмақ.

Әйгерім: Ана тілің - арың бұл,

Ұлтың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте - демекші Қадыр ағамыз, әсем әнмен хабарымызды бастаймыз.

(ән жіберіледі)

Камила: Сіздер 100 де 5 ҒМ радио толқынында «Жас тілші» хабарын тыңдап отырсыздар. Бүгінгі жүргізушілері Камила Босынбаева

Әйгерім: және Әйгерім Бейсекина

Камила: Міне жайдарлы жазда өте шықты.

Әйгерім: Оқу жылы болса басталып кетті

Камила: Әйгерім сен жазғы демалысыңда қалай өткіздің?

Әйгерім: Жазғы демалыс дейсің бе? Ой керемет өткіздім. Атам мен әжеме ауылға барып,таза ауа жұтып,сары қымыз ішіп, кенеліп, жайлауда жатып кітап оқыдым.

Камила: Өзің ше? Қалай дем алдың? мектепті сағыңдын ба?

Әйгерім: Әрине сағындым, сыныптас достарымды, ұстаздарды сағындым. Жалпы мен де жақсы дем алдым. Енді білім алуға күш жігерім көп.



Камила: Бүгінгі хабарымыз тілдер мерекесіне арналған сондықтан сөз кезегін «Қаламгер» тілшісі Данагүлге береміз.

Әйгерім: Данагүл бізге осы мереке жайлы айтып береді.



Данагүл тіл мерекесі туралы



Камила: Құрметті тыңдарман! Адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты мәліметтерді естеріңізге сала жүріңіздер.

Әйгерім: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген

Камила: Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген.

Әйгерім: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Камила: Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

Әйгерім: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Камила: Кибернетика "атасы" деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

Әйгерім: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

Камила: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.

Әйгерім: Иа, Камила дұрыс айтасың, сонымен қатар көп тілдерді білу бұл заман талабы.

Камила: Қазіргі таңда, жалпы білім беру мектептеріңде ағылшын тілін оқытып жатыр. Мектеп қабырғасында Үштілділік бағдарламасы енді. Үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

Әйгерім: Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру - жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол - жаһанданудың кепілі. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек».

Камила: Сондықтан балалар өз тілімізді құрметтеп,өзге тілдің бәрің білуге асығайық.

(ән жіберіледі)



Әйгерім: Жаңадан қосылған тыңдармандарымызға, жомарт күздің керемет күніңде жалынды салем дей отыра бағдарламамызды жалғастырамыз!

Камила: Сіздермен бірге Халық радиосының толқынында «Жас тілші» хабары.Бағдарламаның бүгінгі жүргізушілері Камила Босынбаева

Әйгерім: және Әйгерім Бейсекина.



Камила: Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.Өткірдің жүзі,Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас - деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.



Әйгерім: Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, достар, өз ана тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық.



Камила: Сөз кезегін «Бала тілі- бал» айдарына береміз. Біздің жас тілшілеріміз шығармалар мен өлеңдерін дайындап әкелді.



Әйгерім: Келіңдер балалар бірге тыңдайық.



(по диктофону Айдарбеков Аңсар, Есбулатова Аяри,

Урумбаева Гаухар,Сыздықова Айдана)



Әйгерім: Тіл туралы мақал-мәтелдерді тілшілеріміз Даяна Қуламбаева мен Қайрат Аянат айтып береді.



Даяна Қуламбаева мен Қайрат Аянат мақалдар



Камила: Микрофон алдыңда Айсана Бужеева және Фариза Иманғали. Айсана Әділбай Табылдиевтің тіл туралы өлеңін оқып береді

Айсана Бужеева - өлең

Әйгерім: Микрофон алдыңда Ерасыл мен Эльнара. олар бізге тіл туралы нақыл сөздерді жинап келіпті.Тыңдайық .

Ерасыл мен Эльнара нақыл сөздер

Камила: Тіл - ұлттың жаны. халықтың асыл белгісі, намысы,тыныс тіршілігінің көзі. ата-заңмен қорғалатын, еркіндіктің үні. Оны құрметтеп қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу,қазақстанның бақытты да парасатты,білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.

Әйгерім: Осымен тіл мерекесіне арналған хабарымыз өз мәресіне жетті. аспанымыз ашық,заманымыз тыныш,тіл мәртебесі биік болсын ағайын!

Камила: Бағдарламаны дайындағандар: Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Қаламгер» үйірмесінің шәкірттері

А: Сценарийдің авторы: Асем Аипова

К: Дыбыс режиссері: Алия Нұрмағанбетова

А: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал