- Учителю
- Тәрбие сағатынан ашық сабақ Рәміздерім - мақтанышым (7-сынып)
Тәрбие сағатынан ашық сабақ Рәміздерім - мақтанышым (7-сынып)
Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»
Мақсаты:
Білімділік: ел рәміздері және олардың авторлары туралы толық мағлұмат беру, қазақ жерінің кең байтақ екендігі, тәуелсіздігі жайында білімдерін толықтыру. Ел рәмздерінің мәнін ашу.
Дамытушылық: ақыл-ой әрекеті, топтық ойлау, өзара қарым-қатынас біліктіліктерін, шығармашылық потенциалдарын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік:елжандылыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ел рәміздерін қастерлеп, құрметтеуге баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақты ұйымдастыру барысы: топтық
Әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары
Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, Президент портреті, слайд
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру. Оқушыларды және құралдарын түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Шаттық шеңбері арқылы бір-біріне тілек тілеу. Оқушыларды топтарға бөлу.
І топ: «Елтаңба»
ІІ топ: «Көк байрақ»
ІІІ топ: «Әнұран»
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Әнұранын орындайды.
ІІ. Жаңа мағынаны тану
Тірек білімді актуалдау
Шарты: әр топ басшысына «Миға шабуыл» сұрақтары қойылады. Оқушы шапшаң трде жауап беруі керек.
І топ. «Елтаңба»
1. ҚР тәуелсіздігін қашан алды? 1991
2. Елордамыз қай өзеннің бойында? Есіл
3. Қазақ елінің тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған ел? Түркия
4. ҚР ең бірінші Президенті? Н.Ә.Назарбаев
5. Жері байдың - ..... елі бай.
ІІ топ «Көк байрақ»
1. ҚР Конституциясын қашан қабылдады? 1995ж, 30 тамыз
2. Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында? 9
3. ҚР премьер министрі кім?
4. Тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды? 24
5. Өзге елде сұлтан болғанша, ..............
ІІІ топ. «Әнұран»
1. ҚР қандай мемлекет?
2. Оның өз рәміздері бар ма?
3. Қазақстанның байрағында не бейнеленген?
4. Елтаңбада ше?
5. Отан.......... оттан да ыстық.
ІІІ. Жаңа сабақ:
А)Жетекші сұрақтар қою.
1. Біздің Отанымыз?
2.Біздің Елбасымыз?
3. Біздің Елордамыз?
4. Біздің рәміздеріміз?
Нәтижесі: Отан туралы сұрақтарды қою арқылы сабақ тақырыбын шығарып алдық.
Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып
есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің
мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер
соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым
белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін
темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру
қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды.
Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз
таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер
мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған.
Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтың қанатты пырағы, Родостың раушаны,
Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік
рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі
жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.
Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды.
Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы
салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері
бекітілді.
Ал, балалар, ҚР рәміздерінде нелер бейнеленген және нендей мағыналарға ие?
Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi - шаңырақ. Ол -
гербтiң жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының
бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң
қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi
түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк
аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас
қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.
Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр
арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың,
асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт
пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр
шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының
өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы
бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi.
Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан
Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары - Жандарбек
Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы - Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР
Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi
туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996)
белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме.
Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран
бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен
кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек -
алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік
туының авторы - суретшi Шәкен Ниязбеков.
Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк
күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына
адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да
бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика
(гербтану) тiлiнде - көк түс және оның түрлi реңкi адалдық,
сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi
түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi.
Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге
де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене
отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа
мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын
көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық
пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң
және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған
қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.
Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш
асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде
ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған.
Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай
бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің
басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқовтікі
Ә) «Кім зерек?» тапсырмасы
Шарты: жаңа тақырып бойынша әр топқа сұрақ беріледі? Топ мүшелері бірге ойланып, бір оқушы жауап береді.
І топ. «Елтаңба»: ҚР Мемлекеттік туы қандай жерлерге ілінеді?
ІІ топ: «Көк байрақ»: ҚР Мемлекеттік әнұраны қадай жиындарда ойналады?
ІІІ топ. «Әнұран» : ҚР Мемлекеттік елтаңбасы қай жерлерде бейнеленеді?
Әдісі: сұрақ-жауап
Нәтижесі: жаңа тақырып бойынша алған білімдерін анықтау.
Б) Поэзия минуты. Оқушылар өздері дайындап келген өлеңдерін айтады.
В) Кубик. Қағаздан кубик жасалады. Оның алты жағына алты тапсырма жазылады: сипаттаңыз, салыстырыңыз, талдаңыз, ассоцияциялаңыз, ұсыныңыз, дәлелдеңіз.Әр топқа өзінің топ атауы тапсырма ретінде беріледі.
Г) Сәйкестіндіру. Оқушылар берілген слайдтан рәміздердің авторларын дұрыс тауып, сәйкестендіруге тырысады.
Ғ) Доп. Оқушылар бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты өздеріне бірнеше сұрақтар қояды.
Д) Кластер. Үш топқа да ортасында топ атауы жазылған бір-бір қағаздан беріледі. Олардың мақсаты бір сипаттамадан жазып, тезірек келесі топқа беруі тиіс. Осылай қағаздар барлық топты айналып шығады. Аяқтған топ жеңімпаз.
Сабақтың қорытындысы: «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұран тұмардай қасиет тұтуы қажет» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев нақты дәлелдеді.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!