7


  • Учителю
  • Мастерицы-рукодельницы конкурс по технологии 6 класс

Мастерицы-рукодельницы конкурс по технологии 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Шеберлер» сайысы

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

ШАЛБАЕВА НҰРСҰЛУ ИСЛАМБЕКҚЫЗЫ

Мақсаты:үйірмеден алған білімі бойынша,біліктерін шыңдап,шапшаңдыққа үйрету.Ой-өрісін кеңейту арқылы ізденуге қиялын дамыту.Ортада өзін ұстауға,сөйлеуге дағдыланады,қолынан келгенше жолдасына көмектесуге үйренеді.Шығармашылық қиялын дамыта отырып ісмерлікке,шеберлікке баулу.

Көрнекілігі:еңбек,өнер туралы нақыл сөздер,шармен безендіру,интерактивті тақта.

Сайыстың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а)Сайысты өткізу сыныбын,көрнекіліктерді,ән-күйді дайындау;

б)Қонақтар мен балалардысайыс өткізетін жерге жинап орналастыру;

в)Әділқазылар алқасын сайлау.

жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,ата-аналар,қымбатты оқушылар!Ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы ,аса құнды салаларының бірі-қолөнер. «Өнерлінің өрісі кең»демекші 6 сынып оқушылар арасындағы «Шебер қолдар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнер мен шеберліктің сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-деп бүгінгі доданы саралайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

жүргізуші:Ендігі кезекте сайыскерлерімізбен де таныс болайық:

«Өнер»тобы

«Асыл мұра»тобы

«Мирас»тобы

Сонымен біздің бағдарламамызда:

  1. «Сәлем- сөздің анасы»,әр топ атымен,ұранымен,эмблемасымен таныстырады.

  2. «Кім білгір»сұрақ-жауап.

  3. «Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді»түйме қадау сайысы.

  4. «Ойлы болсаң, озып көр» -мақал-мәтелдерді толықтыру

  5. «Ою ойғанның ойы ұшқыр».Ою-өрнек қию

6. «Шеберлік шыңға жеткізер» ермексазбен әйнекке сурет салу.

7. «Топбасшылар сайысы»матамен жұмыс

жүргізуші: «Болар елдің баласын сәнімен емес,сәлемінен танисың »-демекші,алғашқы сайысымыз «Сәлем сөздің анасы».

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнер-білім жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз.

жүргізуші: Қолөнері халқымның өрістенсін,

Әрқашан Алла берсін берекесін.

Егіз ұғым өнер мен білім деген,

Сайыскерлер білімін сынап көрсін.

Келесі «Кім білгір»сайысымызда кезекпен экрандағы ұяшықтарды таңдап,сұрақтарға жауап береді.

1.Композиция дегеніміз не? Өрнектің үйлесімділігі.

2.Симметрия дегеніміз не? өрнектің екі жағының бірдей болуы

3.Колорит деген не? Түстер үйлеімділігі

4.Икебано қандай өнер? Кепкен өсімдіктерінен жасалатын гүлшоғы

5.Оригами дегеніміз не? Қағаздан бүктеу әдісімен бұйым жасау

6.Гобеленнің кілемнен айырмашылығы? Гобелен -суретті кілем

7.Аппликация дегеніміз не? Әр түрлі материалдармен әр түрлі бейнелерді суреттеп жапсырмалау

8.Өсімдік тектес ою-өрнектерді ата(ағаш,жапырақ,үш жапырақ,Өткізбе,шиыршық,гүл,жауқазын)

9.Космагониялық(ғарыштық) ою- өрнектерін ата(шеңбер,шимай,төртқұлақ,шұғыла,жұлдыз,айшық,бітпес)

жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз жүргізуші: «Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді»,-деп келесі кезекті

түйме қадау сайысына береміз.Мұнда әр топтан 1 ұл шығып түйме қадап жарысады.


жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз

жүргізуші: Бүгінгі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек.

Өнер, білім, адалдық ,ар-намысты,

Жоятын надандық қой жаман індет.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса басқа елдердей қатарға енбек,-деп Абай атамыз жырлағандай,келесі кезекті «Ойлы болсаң, озып көр»мақал-мәтелдерді толықтыру сайысына береміз.

1.Өнерлі өрге жүзер

2.Қолөнері кілемде,сөз өнері өлеңде

3.Жігітке жетпіс өнер де аз

4.Өнерді үйрен де жирен

5.Ата көрген оқ жонар

6.Әр нәрсеге асық болғанша бір нәрсеге машық бол

7.Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті

8.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей

9.Көз қорқақ қол батыр

10.Еңбек түбі береке

11.Бейнет,бейнет түбі зейнет

12.Шебердің көзі мерген,шешеннің сөзі мерген

13.Зергер адам ,зерделі адам

14.Істі ине тікпейді,икемді қол тігеді

15.Кестені көңіл сызады,көз сынайды

16.Салтын құрметтегенді халқы құрметтейді

17.Талаппен бастап,талғаммен аяқта

18.Асыл қайшы пішуге сән,күміс қасық ішуге сән

19.Ерінбеген етікші болады

20.Шебердің саусағы алтын

21.Шебер көп жерде,өнер көп

22.Ынта болса адамда,қиын іс жоқ заманда.

23.Өзіңде барға мас болма,өнері барға қас болма

24.Батыр адам қорқақты сүймес ,шебер адам шорқақты сүймес

25.Көңілсіз жұмыс өнімсіз

26.Өз үйінде ою оймаған,кісі үйінде сызу сызбас

27.Өнерлінің қолы алтын,өлеңшінің сөзі алтын

28.Жеті рет өлшеп,бір рет кес.

29.Адамды адам еткен -еңбек

30.Білім көп жерде-өнер көп

жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз

жүргізуші: Ою-өрнек қарасаң

Өңкей мүйіз тізілген

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Оюға шебер жан керек.

Ендігі кезекте үш топ сайыскерлері өздері қалаған ою-өрнек түрлерін қиып,ойып көрсетеді. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»сайысын бастаймыз.

жүргізуші: ӘН

жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймы жүргізуші: Шеберлікте шек жоқ,

Жалқаулыққа жол жоқ.

Өнерлінің қолынан,

Тамып тұрған бал көп.

Келесі «Шеберлік шыңға жеткізер» сайысымызда ермексазбен әйнекке сурет салу өнерін тамашалаңыздар.


жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын білдірулеріңізді сұраймыз

жүргізуші: Әжелер киім тіккенде,

Тастамапты қиықты.

Әр алуан қиық түскенде,

Дорбаға салып жиыпты.

Көп киім тігіп біткенде,

Қиықты сәндеп тіккенде.

Құрақ көрпе болыпты,- демекші

Бұл сайыста топжетекшілері үлгіге қарап мата қиықтарынан құрақ нобайын жапсырмалайды.(сегізжапырақ)

жүргізуші: Кімдер шешен,кім іскер білейікші,

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші.

(әділқазылар алқасынасөз беріледі.Марапаттау)


жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар,

«Шебер қолдар»сайысы аяқталды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал