7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны (7 сынып)

Сабақ жоспары Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны.

Техника қауіпсіздік ережелері.Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны. Техника қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға қол жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра білуге дағдыландыру.

</<font face="Times New Roman, serif">Еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріспе

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұхбаттасу.

Көрнекілігі: « Қол жұмыстарына пайдаланатын құрал-саймандар» суретті плакат

Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;

І. Кіріспе бөлім;

ІІ. Негізгі бөлім;

ІІІ. Қорытынды бөлім

Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Класс бөлмесіне кезекшілікті белгілеу.

ІІ. Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны- бұл өңделетін бөлшектерді, құрал-саймандар мен құрылғы аспаптарды орналастыратын жұмыс үстелі.

Оқушыларға технология сабағына қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру және олардың үстел үстінде орналасу тәртібін айту.

Қол жұмыстарын орындаудағы дұрыс отыру тәртібі:

1. Аяқтарың еденге тіреліп, табандарың жайлы жату керек.

2. Бас сәл ғана алға иіліп, көз бен бұйым арасындағы ара-қашықтық шамамен 30 см

болуы керек.

3. Шынтақтармен үстел бетіне сүйенбе.

4. Қолдарың денеңнен 10 см шамасында арақашықтықта болсын.



Қол жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау



Жұмыс барысындағы қауіпті жағдайлар:

-инемен, түйрегішпен немесе қайшымен, саусақты, қолды немесе көзді жарақаттап алудан сақтану керек.

Жұмыс басталғанда:

-инешекте қанша ине, қанша түйрегішбар екенін санау;

-құрал-жабдықтарды арнайы бөлінген жерге қою.

Жұмыс барысында:

-мұқият болу;

-саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию;

-инені, түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке немесе арнаулы қорапшаға салу;

-қайшының ұшын өзіңнен бұрып, оң жаққа қою.

Жұмыс соңында:

-инешектегі ине мен түйрегішті санау, түгелдеу;

-жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымдарды, құрал-саймандар мен аспаптарды арнаулы орындарына жиыстырып қой.

ІІІ. Оқушылардың күнбе-күн орындалатын жұмыс кезіндегі тәртіп пен ережелерді сақтаудың негізгі шартын жасау. Кабинеттегі қауіпсіздік ережелері туралы дәптерге қол қою.

Үйге тапсырма: Өткен материалды қайталау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал