7


  • Учителю
  • 'Құрақ құраудың әдістері' (6-сынып)

'Құрақ құраудың әдістері' (6-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырып: Құраққұрауәдістері.Сабақтыңмақсаты.Білімділік:Құрақтыңқұралуыжәнеонықолдануыжайлымәліметберіп, оныңәдіс- тәсілдерінүйрету.Дамытушылық: теориялықбілімдерінісжүзіндешығармашылықпендамыту, құраққұраубарысындаалғанбілімдерін, дағдыларыннығайту.Тәрбиелі
предварительный просмотр материала

Тақырып: Құрақ құрау әдістері.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Құрақтың құралуы және оны қолдануы жайлы мәлімет беріп, оның әдіс- тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту.

Тәрбиелік: Құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру, ( Ι- топ төртбұрыш, ΙΙ-топ жұлдызша).

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Құрақ құрау дегеніміз не?

2.Құрақтың тарихы қандай?

3.Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?

4.Құрақ құрауда түстер үйлесімділігінің қандай маңызы бар?

5.Құрақ жасау үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?

6. Құрақтың тұрмыста алатын орны қандай?

7.Құрақ қандай геометриялық фигуралардан тұрады?

Жаңа сабақ.

Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдымдылықты қажет ететін қолөнер түрі. Мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейміз.Мата қиындысынан құралып жасалатын көрпе-жастық ретінде пайдаланатын құрақ. Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Құрақтың 200ден аса түрі бар. Соның ішіндегі біздің таңдағанымыз төртбұрыш пен жұлдызша құрағы.



Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Құрақ геометриялық фигуралар арқылы құралады. Осы фигуралар арқылы мата бетіне түсіріп, қырқып аламыз. Екі екіден бөліктерді беттестіріп тігіп, жан-жағындағы бөліктерін біріктіріп тігеміз.

Сабақты қорыту.

Қазақта аналар өз қолдарымен қыздарына құрақ көрпе жасаған.біріншіден құрақ құрау қызына қандай да бір үнемшіл бол, бірді екіге құрай біл десе, екіншіден әлем ақыл, сана, мейірімнен құралғанын түсіндіру. Бүгінгі бойжеткен,ертеңгі ана ендеше халқымыздың салт- дәстүрінің қаймағын бұзбай келер келешекке жеткізетінде өздеріңіз. Қорыта кететін болсақ біз сіздермен құрақ құраудың түрлерімен пішілуін, тігілуін үйрендіңдер. Енді өздерің құрақтың түр-түрін тіге аласыздар.

Топпен жұмыс істеу. "Жалғасын тап ойыны"

1.Өнерлі болу зейнет, өнерсіз болу... (бейнет)

2.Әке асқар тау, ана... (бауырындағы бұлақ), бала...(жағасындағы құрақ).

3.Жеті рет өлшеп...(бір рет кес)

4.Рахаттың түбі кеңіс, еңбектің түбі... (жеңіс)

5.Шебердің инесі де, күймесі де...(алтын).

6.Ағаш көркі жапырақ, адам көркі... (шүберек).

7.Шебердің қолы...(ортақ), шешеннің тілі...(ортақ).

8.Шешеннің...(сөзі) мерген, шебердің...(көзі) мерген.

9.Байлықтың атасы...(еңбек), анасы...(жер).

10.Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің...(өзіңе) жақсы.

11.Еңбекке үйренемін десең...(ерінбе), өнерге үйренемін десең...(жейренбе),

12.Еңбек қылсаң...(ерінбей),тойады қарның...( тіленбей).



Құрақ құрау әдістері. Қыздар өз қиялдарындағы құрақты салады және оны қорғайды. Оқушылардың білімін бағалау. Сабаққа белсене қатысып сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмыстарына қарай білмдерін бағалау.

Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігіп келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал