7


  • Учителю
  • Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету сабағы

Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мектеп психологінің мүмкіндігі шектеулі оқушылармен түзету сабағы ортаңғы сыныптармен жұмыстануға арналған. Педагог-психолог Исаева Роза Рахымжановнаның психологиялық түзету сабағы облыстық семинарда беріліпі, облыс көлемінде жұртшылыққа тараған. Сабақ жоспарында
предварительный просмотр материала

БҚО, Казталов ауданы ,Жалпақтал ауылы

Ғ.Молдашев атындағы ОЖББ мектебі

Педагог-психолог: Исаева Бағдагүл Рахымовна

Мектеп психологінің түзете-дамыту сыныбының оқушыларын психологиялық қолдау сабағы

Сыныбы: 5-6 түзете-дамыту сыныбы

Уақыты: 45 минут

Түзету сабағының мақсаты: таным процестерін , есте сақтауды дамыту, зейін мен ойлауды дамытып, балаларда жағымды эмоция қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;

1-жаттығу . «Бетперделер». Cмайликтер

Мақсаты: топта достық қарым-қатынас орнату,жағымды эмоционалды жағдай туғызу

Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз.Ол үшін сендерге түрлі бетперде дайындадым. Мұнда : түрлі бетперделерді оқушылар өздері таңдап, неге таңдағанын айтады.

2-жаттығу «Мейірімді есім»

Мақсаты-эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон қалыптастыру.

Әр бала оң жағында тұрған көршісін мейірімді түрде атайды.Ал көршісі алғыс айтып,сосын жаттығу кері сол жақ көршіге орындалады.

3-жаттығу. «Атомдар мен молекулалар»

Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру.Сонымен қатар. Осы жаттығу арқылы балалардың өзара қарым-қатынасын анықтауға болады.

Оқушылар бөлмеде еркін жүреді.Психолог: «Сендер әрқайсысың атомсыңдар, енді жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, енді екі-екіден, сосын үш-үштен бірігесіңдер. (Оқушылар санына қарай ойын жалғастырылады.)

4-жаттығу «Бұл мен, мені таны»

Мақсаты: эмоционалды қысымды, агрессияны түсіру, эмпатияны, тактилді қабылдауды дамыту, топқа жағымды эмоционалды жағдай жасау.

Топтан бір оқушы шығып арқасымен тұрады. Оқушылар кезекпен барып,. «Бұл мен» деп айтады. Ойыншы оқушының кім екенін табу керек.Оқушылар ортаға барлығы кезекпен шығып орындайды.

5-жаттығу «Көңіл-күйімізді жаттықтыру»

Мақсаты: оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жаттықтыру

Қазір біз 2 жұптан шығып берілген тапсырмадағы сөйлемді оқып,асты сызылған сөзді көңіл-күйімізбен көрсетеміз:

  1. Аю байқамай кірпіні басып кетіп, аяғына тікен кіріп кеткен. Кірпі өзін кінәлі сезінеді, ал аю қатты ашуланып тұр.

  2. Күшік ата-анасынсыз қыдырып, еркін жүргеніне қуануда, ал ата-анасы қатты алаңдаулы.

  3. Мысықтың баласы тамақты бірінші рет ішіп тұр, ол оған ұнамай, жүрегі айныды, ал тотықұс оған мүлдем тамақ бермегендіктен ренжіп отыр.

4.Екі кірпі орманда келе жатып, біреудің түсіп қалған сағатын көрді.

Алдымен олар тықылдан қорқып кетіп, кейін қызығып, жақындап барып

қарағысы келеді.


6-жаттығу «Нүктелерді қос».

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту, арттерапия арқылы мидың жалпы белсенділігін қалыптастыру.

Оқушыла рға әрқайсысына 20 нүктесі бар бір-бір қағаздан беріледі. Әр тапсырма әртүрлі:

-кеме,

-құс,

-шырша,

-құрт,

-гүл,

-күн,

-бұлақ.

Оқушылар сурет салып болған соң, оны бояуға кеңес беріледі.

7. «Ғарыш кемесі»

Мақсаты: Сенсомоторикасын дамыту

Оқушыларға екі қолымен бірдей ғарыш кемесі суретін салуға нұсқау беріледі.

8-жаттығу «Бір сөзбен айт»

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту

1.Кітап, дәптер, қалам -оқу құралы

2.Стол,отырғыш,диван- жиһаз

3.Кофта, юбка, шарф-киім

4.раушан, қызғалдақ.сирень-гүлдер

5.қайың,қарағай, шырша-терек

6.қарлығаш,торғай,аққу-құстар

7.шортан, сазан, алабұға- балықтар

8.орамжапырақ, сәбіз, қияр-көкөністер

9.апельсин, алмұрт, банан-жемістер


9- жаттығуы «Тыныс алу жаттығуы»

Мақсаты: Мидың жарты шарлық әрекетін дамыту,өзін, еркін басқаруға үйрету

Қазір оң мұрнымызбен ауа жұтып, сол мұрнымыздан шығару,ауаны жұту кезінде «алтын-күміс» энергия ішіме бірге кіріп, тамағыма, аузыма, жүрегіме, асқазаныма аяғымның ұшына дейін барып жатыр деп ойлау керек.Осылайша екі жақ мұрныңмен 3 рет демалу.

10-жаттығу«Тату паровоздардың саяхаты »

Мақсаты: кеңістік туралы ұғымдарын дамыту.

Еденге диаметрі 1.5 метрдей арқан қойылады.Оқушылар бір-бірінің беліне ұстап,тұрады.Барлық қатысушылардың көздері байланып, арқан үстінен жатқан нәрселерді табандарымен сезіне отырып, жүру тапсырылады. Жолында қиындықтар көп.(орындық қою,аяқ астына геометриялық фигуралар тастау) Ең бастысы -локомотивтің рөлі.Локомотив роліндегі адам жолындағы кедергілер туралы айтып тұруы керек.

Өте тез немесе өте жәй жүрмеу қажет,алдыңдағы және артыңдағы адамды сезіне білу керексің .Оқушы өзін ,қасындағы достарын бір-бірінен айырыла алмайтын поезд секілді сезініп,үзіліп қалмауына жол бермеуі керек.

Жүргізуші жол біткенде «келдік» деп айтады.


11- жаттығу . Релаксация: «Түстертерапия»

Мақсаты: Оқушыларының өзіне деген сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндігін қалыптастыру, музыка арқылы демалту.

Шеңбер құра отырамыз, көздерімізді жұмамыз.3 рет терең дем алып, шығарыңыздар. Әуен жіберіледі.

Ал енді жұлдызды аспанды көз алдымызға елестетеміз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай , жарық және күңгірт. Біреулеріңіз үшін жұлдыздар үлкен және кішкентай болып көрінуі мүмкін, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін нүктелер болып көрінуі мүмкін.Ол жұлдыздар біресе қол жетер жерге жақындап, біресе төмендейді.

Жұлдыздарға зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдап алыңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәтттілік, серпіліс сәттерін есіңізге түсіретін шығар.

Тағы да жұлдызыңызды тамашалап көріңіз.Жұлдызыңа қарап, оған сүйсініп және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз. Сіз міндетті түрде қол жеткізесіз. Аспаннан алып, алдыңызға мұқият қойыңыз. Қандай сәуле шашатынын көріңіз.

Екі қолыңызбен алақаныңызбен тізеңді сипап , алақаныңызбен аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашып , жұлдызымызды алып, аспанымызға орналастырамыз.Соңғы сабағымызда өз жұлдызыңызды алып кетесіз.(Тақтадағы плакатқа орналастыру)Анықтап қарайықшы жұлдыздар бір-біріне ұқсамайды.

12. жаттығу. Қоштасу «Мұнара»

Мақсаты: Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа баулу.құрдастарымен қарым-қатынасын жақсарту.

Әр оқушы үлкен саусақтарын ортаға қойып,мұнара жасап, «Бәрің де сау болыңдар» дегенде мұнара құлайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал