7


  • Учителю
  • Психологиядан ата аналарға арналған тренинг

Психологиядан ата аналарға арналған тренинг

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ата-аналарға арналған тренинг



Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке түлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.



Тапсырма: 1 Ата-аналармен ұстаздардың кездесу.

2 Сабаққа қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.

3 Отбасындағы тәрбие жағында пікір алмасу.

Тренинг барысы:



  1. жаттығу: « Кездесу» Жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады (бір шеңберіші, екінші шеңбер сыртқы), әуен тоқтаған кезде шеңбердің қозғалысы да тоқтайды. Екі шеңбер бір-біріне қарайды. Қарама-қарсы тұрған адамдар жұптасады, сол жұптағы екі адам бір-біріне баланың қасиетін айтуы қажет.



  1. жаттығу: «Отбасы туралы ассоцияция» Ата-аналар бір-біріне допты лақтыра отырып, қойылған сұрақтарға жауап беруі керек. Қызықты сұрақтар:

    1. Балаңыздың туған күні?

    2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?

    3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ-киім киеді?

    4. Балаңыздың парталас досы кім?

    5. Бүгін сабақтан қандай баға алды?

    6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

    7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

    8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

    9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы келді?

    10. Балаңызды еркелетіп қандай сөзайтасыз?

    11. Балаңыз сізді ренжеткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?



Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,-дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл-ертенгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертенгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы демеуші ата-ана.

3- жаттығу: «Қимыл-қозғалыс» Қатысушылар қимыл-қозғалыс арқылы жауап

беруі қажет.

«Иә» десеңіздер-қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

«Жоқ» десеңіздер- аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.





1 Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан

тәрбиеге байланысты сұрақтарды таңдап, қарап жүресіз бе?

2 Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпалжасай ма?

  • Егер «отбасы»десеңіздер жымиыңыз

- Егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолы алдымызға соғамыз.

3 Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

  • Егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.

  • Егер «шеше» десеңіздер жымиыңыз.

  • Егер «екеуі» десеңіздер, қол шапалақтаңыз.

4 Ой жинақтау(плакат, фломастыр, қалам)

  1. Балаңыз дамып жетілуіне қандай әдіс-тәсілдерді

қолданасыз.

2. Бала үшін мұғалім мената-ана арасында қандай қарым-

Қатынас болу керек?. Сурет, схеме арқылы өз ойларын талдайды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі

Көңіліне көп жұбаныш

Гүлденіп ой-өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Олай болса, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

Сондықтан да мына жайттарды ескерейік:

1 Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысты табуға

көмектесу.

  1. Балаға маман тарапынан тағылған мін ескертулерді шын

пейілмен түсіну және түсіндіру

  1. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқият таныстыру.



5. Қорытынды. Қоштасу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал