- Учителю
- Психологический на казахском языкемазасызданудан қалай айырылуға болады
Психологический на казахском языкемазасызданудан қалай айырылуға болады
Мазасызданудан қалай айырылуға болады?
-
Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі-жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек.
-
қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылған не пайда бар? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, мәселен, жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.
-
Көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгіліадамдармен талас-тартыспен, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбеннемесе ұзақ уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге-өзіңіз сеніңіз
-
Өзіңізді терең ойландыратын, толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. өмірдің үйреншікті ырғағына түспеген жаңалықтар ендіруге тырысыңыз.
-
ең басты мәселе: бойыңызды мазасыздық сезімі кернеп жүрген кезде, онын себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам, асығыс қабылданған шешім қызбалықпен қате әрекет жасауға алып келуі ықтимал. Оқиғаның мән-жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізді қатты өкініп, кінәні сезінуден айыға алмай қиналасыз.
-
Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, өз жағдайыңыздан шыға алмай, уайым-қайғыға беріліп жүресіз.
-
көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда-шүйделеріне дейін еске түсіріп, қайтадан бастап өткізгендей сезімге бөленіңіз.
-
Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз.
МАБ - қа дайындық
Ата-аналарға кеңес: МАБ-қа дайындалуда оқушыға қалай көмектесуге болады?
Тестілеуге балаңыздың алатын ұпай санына көп алаңдамаңыз. Және де сынақтан кейін балаңызға сөге қарамай, сынамаңыз. Балаңызды алынған ұпай саны оның нағыз мүмкіндігінің өлшемі емес екендігіне сендіріңіз.
Тестілеу тапсырар алдында балаңыздың алаңдаушылығын жоғарлатпаңыз, бұл тестілеудің нәтижесіне теріс әсер етуі мүмкін. Балаға әрқашан ата-анасының қобалжуы, толқуы беріледі. Егер ата-аналар дәл жауапкершілігі мол сәтте өз эмоцияларын игерсе, балалар өз жастық кезеңінің ерекшелігіне қарай эмоционалды «жарылуы» мүмкін. Балаңызды қолдап отырыңыз, әр жақсы жетістіктері үшін мақтап отырыңыз.
Балаңыздың өзіне деген сенімділігін жоғарлатыңыз. Себебі бала сәтсіздіктерден көбірек қорыққан сайын, қателерді еөбірек жіберу мүмкіндігі соғұрлым артады. Балаңыздың көңіл-күйін қадағалаңыз, тек Сіз ғана оның күйінің нашарлағанын жақсы сезіп, уақытылы қажудың (переутомление) алдын ала аласыз. Балаңыздың дайындалу тәртібін бақылаңыз, оның дайындалуы мен демалуы үйлесіп жатуы тиіс.
Балаңызға дайындыққа үйден қолайлы орын беріңіз, әсіресе, үйде ешкімнің бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Тамақтануға да назар аударыңыз: қарқынды ақыл-ой еңбегінде дәрумені көп тамақтың септігі мол. Әсіресе балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. мидың жұмысын жақсартады.
Балаңазға тақырыптарға дайындықты әр күнге бөлуге көмектесіңіз. Балаңызды емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Материалдың жаттанды мәнін түсінбей, ең негізгі сәттерін қарап, материалдың логикасы мен мәнін ұғып алуға кеңес беріңіз. Қарап жатқан материалды жоспар бойынша тәртіпке келтіріп, қысқа сызбалық жазбалар мен кестелерді жасаудың пайдалылығын көрсетіңіз. Егер балаңыз қиналса, көмектесіңіз. Негізгі формулаларды және анықтамаларды бөлек бетке жазып, жұмыс үстелінің үстіне іліп қойсын.
Алдын ала тестері бар кітаптар сатып алып, балаңызды жаттықтырыңыз. Мұнда балаңыз тәжірибе жүзінде тестерді орындауға, уақытты үнемді пайдалануға үйренеді. Бұл балаңыздың барлық тестілеу барысында зейінін бір жерге шоғырлантуға дағдыландырады, ал бұл өз кезегінде салқынқандылыққа баулиды және артық алаңдаушылықты алып тастайды. Емтихан кезінде балаңыздың қолына сағат тағуға ұмытпаңыз. Емтихан болар алдында балаңыз жақсылап тынығып, ұйқысы қанғаны жөн.
Балаңызға беру уақытында мыналарға назар аударуына кеңес беріңіз:
Алдымен барлық мәтінді, олардағы тапсырмаларды бір көзбен жүгіртіп шықсын, ол балаңыздың жұмысқа деген ынтасын жоғарлатады;
Сұрақты бар зейінін қоя оқып, оның мәнін түсінсін, себебі көп жағдайда балалар тестінің бірінші сөзін ғана оқып, сөйлемді соңына дейін қарамай, жауапты таңдай салады;
Егер сұрақтың жауабын білмесең немесе күмәндансаң, оны белгілеп қой да, кейін, барлық тапсырмаларды орындағанан кейін сол сұраққа оралып, қайтадан істеп көр;
Егер берілген уақытта сұрақтарға жауап бере алмай жатсаң, ең мүмкін деген жауапты таңда не интуицияңа жүгін.
Есіңізде болсын: ең бастысы - бұл балыңыздың қажуы мен алаңдатуын түсіру және сабақ оқуға жақсы жағдай жасау.
Дайындық:
Ең алдымен оқуға жақсы да ыңғайлы орын дайындаңыз: үстел үстіндегі артық заттарды алып тастаңыз, керек кітаптарды, дәптерлер мен қарындаш-қаламды ыңғайлап қой. Дайындалып жатқан жеріңде сары және сия көк түстері бар заттарды қой, олар интеллектуалды белсенділікті жоғарлатады. Бұған осындай түстері бар суретті де жатқызуға болады.
Оқудың жоспарын құр. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта: сен «жапалақсың» ба әлде «бозторғайсың» ба? Осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақытыңды максималды түрде пайдалы қолданыңыз. Дайындықтың әрбір күніне жоспар құрып, дәл бүгінгі күнге нені оқитыныңызды анықтап алыңыз. Жалпы емес, әрбір тақырыптар мен бөлімдерді қарастырыңыз.
Өзіңіз білмейтін ең қиын тараудан бастаңыз. Егер ол қиындық тудырса, өзіңізге ең тартымды да ұнамды материалдан бастаңыз. Осылай, біртіндеп, жұмыс ритміне кіріп, ісіңіз өрге жүзер. Оқу мен демалысты алмастырып отыр, 40 минут оқысаңыз, кейін 10 минут демалыңыз. Бұл уақытта ыдыс жуып, үй шаруасына араласып, бойды сергіту үшін жаттығулар жасауға болады. Барлық оқулықты оқып, есте сақтауға ұмтылмау керек. Материалды жоспарлап, қағазға сызба жасаған жөн. Жоспарларды материалды қайталап шыққанда қолдануда жеңіл.
Пән бойынша кітапшалардағы, әртүрлі баспа бетіндегі тестерді көбірек орында. Бұл тест тапсырмаларының құрылымымен танысуға жол ашады. Қолыңызға секундомер алып, жаттық. Тестерді орындау уақытын белгілеп отыр. Емтиханға дайындалғанда тапсырманы орындай алмаймын деген ойдан арыл, керісінше, ойша жеңіске жету суретін көз алдыңа елестет. Емтихан алдында бір күнді жауаптар жоспарларын тағы қайталап шығуға, ең қиын сұрақтарға тоқталуға қалдыр.
Тестілеу қарсаңында
Көпшіліктің ойы бойынша емтиханға толығымен дайындалу үшін емтихан алдындағы бір түн жеткіліксіз. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың. Және өзіңді қажытуға болмайды. Кеісінше, кешке қарай дайындықты қойып, суға түсіп, серуендеп кел. Дұрыстап тынығып, жақсылап ұйықта. Сонда сен демалып, дені сау, күшті, «батыл» мінезде боласың. Себебі сынақ - бұл өзінше бір күрес, онда өзіңді, бойыңдағы күшің мен мүмкіндіктеріңді және қабілеттеріңді көрсете білу қажет.
Тестілеуге кеш қалмай, тестілеуге дейін жарты сағат бұрын келгенің жақсы болады.
Тестілеу кезінде
Тестілеудің басында сендерге керек мәлімет айтылады (бланкті қалай толтыру керек, қандай әріптермен жазу керек, мектеп нөмірін қалай кодтау керек және т.б). Зейінді, мұқият бол!!! Сенің жауаптарыңның дұрыс болуы барлық ережелерді зейін қойып, есте сақтауыңа байланысты. Жауаптар бланкісін (тіркеу облысы, жауаптардың өзі және т.б.) тек баспа әріптерімен толтырасың! Кейбір әріптердің, мысалы «а» әріпінің қалай жазылатындығына назар аудар. Мәліметтің жартысы кодталған формада жазылады, ол туралы тестілеудің басында айтылады.
Бланкілерді толтыру үрдісінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін, ол туралы саған міндетті түрде хабарлайды. Тестілеудің нәтижесін алғанда сен тексерілген жұмыспен танысуға құқылысың және егер сен бағамен келіспесең, оны конфликтілі комиссияға (нәтижені айтқаннан кейінгі 3 күн ішінде) апелляцияға бере аласың.
Тестілеуді орындауда сәттірек әрекет ету үшін бірнеше әмбебап кеңестер берелік.
Бар зейініңді шоғырландыр! Тестілеудің алғашқы бөлімін (бланкіні толтыру) орындап болғаннан кейін, өзіңе түсініксіз сәттердің бәрін айқындағаннан соң, бар зейініңді жұмысқа шоғырландырып, айналадағыларды ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана тапсырма мәтіні мен тесті орындау уақыты маңызды болуы керек.
Асықпай асық! Қатаң шектелген уақыт сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі керек. Жауапты жазбас бұрын сұрақты екі рет оқып, сенен нені қажет ететінін дұрыс түсінгеніңе сенімді бол.
Оңайынан, жеңілінен баста! Сен күмәнданбайтын тапсырмалары бар сұрақтарға жауап беруден баста, көп ойлануды қажет ететіндерге кідірме. Осындайда сен тынышталып, басың анық және нақтырақ жұмыс істей бастап, жұмыс ритміне кіресің. Осылай сен мазаланудан арылып, кейін бар энергияң қиынырақ сұрақтарға жұмсалады.
Қалдырып кет! Қиын және түсініксіз тапсырмаларды қалдырып кетуге үйрену керек. Есіңде болсын: мәтінде міндетті түрде сенің қолыңнан келетін сұрақтар әрқашан табылады. Қиындық тудыратын сұрақтарды көп жұмыс істеп, «өзіңнің» тапсырмаларыңа жете алмай, ұпай жинай алмағаның ақымақтық болушы еді.
Тапсырманы соңына дейін оқы! Асыққандығың тапсырма талабын «бірінші сөзінен» ұғуға тырысып, оның соңын өз қиялыңмен құруға әкелмеуі керек. Бұл ең жеңіл сұрақтарда қате жіберудің ақиқатты жолы.
Тек істеп жатқан тапсырмаңды ойла! Сен жаңа тапсырманы көргенде оның алдындағылардың бәрін ұмыт. Тестердегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан біреуінде қолданған білімің жаңа тапсырманы дұрыс шешуде көмектеспей, керісінше зейініңді шоғырлантуда бөгет болады. Бұл кеңес саған басқа құнды психологиялық эффектіні түсінуге де мүкіндік береді - бұрынғы өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әрбір жаңа тапсырма ұпай жинаудағы мүмкіндік екенін ойла.
Алып таста! Көп тапсырмаларды анық сәйкес емес жауап нұсқаларын біртіндеп алып тастап отырғанда тез шешуге болады. Алып тастап отыру әдісі бес-жеті жауаптың барлығына емес, бар жоғы бір-екі нұсқаға зейініңді шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Екі рет қарап шығуды жоспарла! Уақытыңның үштен екі бөлігін жеңіл тапсырмаларды тағы бір рет қарап өтуге жұмса (бірінші рет). Бұл жағдайда сен жеңіл тапсырмалардан максимум ұпай жинай аласың. Ал кейін сен қалдырып кеткен қиын тапсырмаларға оралып, оларды шешуде салмақтылықпен ой жүгіртесің (екінші рет).
Тексер! Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, тым болмаса, айқын көрініп тұрған қателерді байқап қалу үшін жауаптарға қарап, бір рет көз жүгіртіп шық.
Тауып ал! Егер сен жауапты таңдауда сенімсіз болсаң, бірақ интуицияң басқаларға қарағанда бір жауапты қалап тұрса, оған сенуіңе болады! Мұнда, сенің көзқарасың бойынша, ең көп мүмкін нұсқаны таңда.
Ренжіме! Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ есіңде болсын: барлығын практика жүзінде орындау мүмкін емес. Тестік тапсырмалар қиындықтың ең максималды деңгейіне есептелгендігін ойдан шығарма және сен шешкен тапсырмалар саны жақсы бағаға тұрарлық шығар.