- Учителю
- Формирование правового сознания как условие гармоничного развития детей старшего дошкольного возраста
Формирование правового сознания как условие гармоничного развития детей старшего дошкольного возраста
2 - слайд
Тақырыбы :
Үштілділік -мәдени тұлғаны қалыптастырудың негізі.
Бағыты: Мемлекеттік «Үштұғырлы тіл» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары»
3- слайд
Мәдени тілдік белсенділікті меңгеру аспектісі:
-
Шет тілдермен таныстыру - баланың жеке тұлғасын дамытатын, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыратын басқа мәдениетпен таныстыру;
-
Тілді үйрену, ең алдымен тұрмыстық жағдайда қолдану үшін қажет;
-
Өзінің білімін күнделікті өмірде қолдану.
4-слайд
Мақсаты:
Өз туған тілінің құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік тілде және басқа тілдерде әлеуметтік мәдени қарым-қатынасқа түсуге дайын, қоршаған ортамен вербалды және вербалды емес құралдармен араласуға қабілетті мектепке дейінгі үштілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.
5-слайд
Міндеттері:
-
Ауызша сөйлеу (диалогтық және монологтық) іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
-
Еске сақтаудың әртүрін дамытуға арналған, көру, естуге арналған көрнекіліктерді кеңінен қолдану;
-
Қазақ тілі мен ағылшын тіліне үйретуді қалыптастыру балалар фольклорынан бастап әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, мерекелерден негізге алу.
-
Қазіргі технологияларды, тиімді әдістемелік тәсілдерді, дыбыстық құралдарды қолдана отырып материалды, сабақтың нәтижелі өнімділігін, толық меңгеру үшін қажетті жағдай құру;
-
Қазақ тілі және ағылшын тіліне тән дыбыстарды айту ерекшелігін меңгеру;
-
Өзінің білімі мен іскерлігін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;
-
Қазақ тілі және ағылшын тілін үйренуге,Отанға, жақындары мен туыстарына деген махаббатқа, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа деген қызығушылығын тәрбиелеу;
6- слайд
Елбасымыз өз жолдауларында нақты мақсаттар қойды. Ол мемлекетік тілдің қызметінің артуына баса назар аударып, 2025 жылы қазақ тілін білетін жалпы халықтың көрсеткіші 95% құрауы керектігін айтады:
«Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді
қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. .
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі
Ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
7-слайд
Н.Ә Назарбаев 2011 жылы «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасын ұсынды.
Осыған орай мемлекеттік тілдің қызметін арттыру үшін түрлі бағдарламалар, жобалалар қабылдана бастады. Солардың бірі - «Үштілділік» мемлекеттік бағдарламасы. Бастауын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салып берген бұл бағдарлама қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. 2011 жылдан бастап мықтап қолға алынған жоба бүгінгі күні өз жұмысын бастап кетті әрі оң нәтиже беріп келе жатыр. Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессия отырысында Қазақстан аймағында тұрып жатқан халықтардың басын қосатын тіл қазақ тілі болуы керек деп анық атап айтты:
«Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы шуақтары іспетті.
Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар.
Ол - біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.
Ол - біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз»
8- слайд
«Көп тілді білу - бір құлыпқа түсетін бірнеше кілтке ие болу деген сөз»
Вольтер
9-слайд
"Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ол бақытқа жетеді".
Жүсіп Баласағұн
10 -слайд
«Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын салауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек.
Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық қандай нақтылы анықтама керек?!
Біз ағылшын тілін үйренуге ұмтылыс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің сұранысы бойынша «лингва франканы» меңгеру біздің еліміздің әрбір азамат үшін өмірде шексіз мүмкіндіктерді ашуға жол береді»
Н.А. Назарбаевтың жолдауынан.
11- слайд
Бүгін педагогтардың алдында мынадай міндеттер тұр: саясимәдени тұлғаны қалыптастыру.
Туған тілді және мемлекеттік тілді білу, шет тілін оқу тұлғаның көзқарасын кеңейтеді, жан-жақты дамуына ықпал етеді.
12 - слайд
Мектепке дейінгі жастағы балаларда кілттік құзіреттілікті қалыптастырудың зор маңызы бар.
Балаларда түрлі міндеттер мен мәселелерді өз бетімен және шығармашылықпен шешу қабілеті дамиды, өзінің ойлары мен сезімдерін шығармашылық тұрғыда көрсете білу қабілеті дамиды.
13-слайд
Балаларды үштілділік және мәдени дамыту.
14 - слайд
Іс - әрекетті ұйымдастыру түрлері:
-
Сөздік және фонетикалық жаттығулар;
-
Тақпақтар, буын ұйқастар;
-
Ойындар, рөлдік ойындар;
-
Сурет салу;
-
Құрастыру;
-
Мүсіндеу;
15-слайд
Тілге үйрету үрдісін ұйымдастыру ұстанымдары:
-
Көрнекілік ұстанымы;
-
Белсенділік және өзіндік ұстанымы;
-
Бірізділік және тұрақтылық ұстанымы: қарапайымнан күрделіге қарай;
-
Тіл үйренуде оқытудың жекелендіруіне негізделген шығармашылық ыңғай керек;
-
Күн барысындағы тілдік материалды күнделікті қолдану( бірнеше рет қайталау ұстанымы)
16-слайд
ҰОӘ жұмыс түрлері:
-
Дыбысты дұрыс айту бойынша жұмыс;
-
Ойыншық бойынша әңгімелеу;
-
Сурет бойынша әңгімелеу;
-
Тақпақтарды жаттау;
-
Ән - өлеңдерді жаттау;
-
Қысқаша әңгімелер мен пьесаларды теарландыру;
-
Қимыл - қозғалыс ойындары;
-
Тыныш ойналатын ойындар;
-
Дыбыстарды оқу.
17-слайд
Үштілділікті жүзеге асыру үшін жасалатын жағдай:
-
Мектепке ждейінгі мекеме қызметкеріне қазақ тілін қолдану қажеттілігін құру;
-
Баланың үштілділікке үйретумәселесі бойынша педагогтың теоретикалық және практикалық дайындығы;
-
Материалдық - дидактикалық ортаны жабдықтау;
-
Балаларға тіл үйретуде тиімді технологияларды анықтау;
-
Тілдік құбылыстарды сезіну;
-
Екінші тілді үйренуге деген сезімді қалыптастыру;
-
Үштілділікті үйренуде МДҰ, отбасы және балабақшаның бірлескен жұмысы.
18 - слайд
Дидактикалық ойындар:
«Мойыншақ»- «Цепочка»,
«Аудармашылар» - «Переводчики»,
«Не жоқ?» - «Что пропало?»
«Есің түсір»- «Вспомним разные слова» және басқа да ойындар балалардың сөздік қорын толықтырып қана қоймайды, сонымен бірге құрдастарына көмек көрсетуге, бірлесіп жұмыс істеуге көмектеседі.
19 -слайд
ҰОӘ құзіреттілік жағдайды құру үшін әрбір баланың жоғары белсенділігіне қолдау көрсету керек.
Баланың кемшілігін көрсетудің орнына, оның табысын бағалаудың маңызы зор.
20 - слайд.
Назарларыңызға рахмет!