7


Аппақ қыс. Сабақ жоспар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Т.Айбергенов «Аппақ қыс» 4-сынып

Сабақтың мақсаты:

1.Ақын Т.Айбергенов туралы мағлұмат беру. «Аппақ қыс» өлеңінің негізгі мазмұнын түсіндіру.

2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының

стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың өз ойын толық баяндай білуін және табиғат туралы дүниетанымын кеңейту. Жазба тілдерін дамыту. Дәлелдеме арқылы теориялық білімін жетілдіре түсу.

3. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Табиғатты аялауға баулу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі- тәсілдері: Баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап, іздену, талдау,дәлелдеу әдісі, жұмбақ шешу, өлең құрастыру, топтастыру,салыстыру.

Көрнекіліктері: «Қыс», «Көктем» суреттері, Т.Айбергенов портреті, реферат,

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

А) «Алтын қақпа» ойыны.

Шарты: Алтын сандықтағы жұмбақ сөзді табу. Жұмбақ сөз: Халықтың тәуелсіздігінің басты белгісінің бірі не?

« Тас қақпаның» тапсырмасы: Қыс. Топтастыру стратегияларын құру.

«Күміс қақпа» тапсырмасы: Теорияны дәлелде.

«Алтын қақпа» тапсырмасы: «Венн диаграммасын» құр.

Ә) Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып

Бет домбығып

Балдырғандар ойнайды

Кейде ұрып, кейде жұлып

Ұйытқып боран соғады

Бұл қай кезде болады?


ІІ:Жаңа сабақ:

А) Жұмбақтар жасыру.

Мамықтай ұлпа

Қанттай ақ

Қыста жер бетін басады

Жазда сайға қашады. (қар)


ә)Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады (аяз)


3.Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

А) Абай туралы қысқаша айтып беру

Ә) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Қыс

IІІ. Мағынасын ажырату:

« Топтастыру» стратегиясы

ІV. Өлеңді оқу. (Үнтаспадан)

Талдау- дәлелдеу әдістері:

Сұрақтар:

А)- Негізгі ой не?

- қыс бейнесі.

Ә) -қандай теория арқылы?

- кейптеу арқылы.

Б) - кейіптеу деген не?

- табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейіпінде суреттеуді кейіптеу деп атайды.

«Сөз тапқыш» әдісі:


Теория

Мысал

Дәлелдеу

Кейіптеу

Ақ қолғаппен құшақтап


Киген аппақ сәукеле


Рояльдің басылған

ақ тіліне ұқсайды


Ақ қыс-сұлу ақ өлең


Аппақ әуен сықырлап,

Жырлағалы тұр бассаң.

Құлақ күйін он бұрап

Қар жамылған дала


Қар басқан тау, төбе, үй төбелері

Қар үстінде басылған іздер


Аппақ қыстың сұлулығы


Аяқ басқан сайын қардың сықырын әуенге теңеп тұр


Қысқы күннің бірде ашық, бірде тұман, бірде құбылмалы екенін


V. Сергіту сәті:

Жүріңдер, балалар

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай

Шынықсын денеміз.

VI:Оқушылардың оқуы:

«Шашылған моншақтар»

VII: Салыстыру: «Венн диаграммасы» -

Қыс Көктем

Күн суық, аяз, боран, мұз,желтоқсан, қаңтар,ақпан, жаңа жыл, сырғанақ

Жыл мезгілдері,

3 айдан

Күн жылы, қар ериді, бүршік, бәйшешек, жыл құстары, егін егу, мал төлдейді.








VIII. Қорытындылау: а) «Алтын қақпаның» тапсырмасы бойынша жұмбақ сөздің шешуі: Тіл.

ә) Шығармашылық жұмыс:

« Ой қорыту» Эссе жазу:

1-ші нұсқа 2-нұсқа

«Көктем» «Қыс»


IX. Бағалау: Оқушылардың жауаптарына сәйкес бағалау.


X. Үйге тапсырма:

А) 1- нұсқа: 1-ші шумақты жаттау.

2-ші нұсқа: 2-ші шумақты жаттау.

Ә) Өлең құрастыру.

Б) Қыс көрінісін салу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал