7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жанғатаева Ботагөз Уатайқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі




Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері


Сабақтың мақсаты. І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту

Міндеттері.

1. Өлеңнің ой - түйінін жан - жақты аша отырып,шығарманың идеясына көз жеткізу

2. Әдебиет теориясынан түсінік беру

3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастастыруына ықпал ету


Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдіс-тәмілдері: сұрақ -жауап, топтастыру, шығармашылық, талдау, өз пікірін айту, мәнерлеп оқу, бағалау парағы

Сабақтың көрнекілігі. Интербелсенді тақта, ақын-жазушылардың портреттері, оқулық, бағалау парағы, қатты қағаз, маркер, стикерлер


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу (тренинг)

2. Оқушыларды түгендеу

3. Бағалау парақшасын тарату

ІІ. Қайталау - оқу анасы

Үш топқа қағаз, маркер үлестіріліп беріледі.

«Топтастыру» әдісімен:

1-топ. С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы

2-топ. Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы

3-топ. І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы

Әр топ өз басшысын тағайындап, қорғайды.


Сұрақтар:

1-топқа: 1. Ақын жастарға қандай тілек айтады?

2. Ақын келешектен не күтеді?

2-топқа. Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесі бойынша.

  1. Әңгіме қалай басталады?

  2. Ауыл балаларының айтуынша молда қандай адам?

  3. Портрет дегеніміз не? Молданың портретін сипаттап айт.

  4. Түйебай сабаққа қалай оқыды? Кішкентай Түйебай сабаққа барған алғашқы күннен-ақ молданың қаһарына ілікті. Неге оны молда жек көреді? Не себепті?

  5. Түйебайдың осындай бір кешігіп қалған кездегі молданың қатыгездігін жазушы қалай суреттейді? (үзінді тауып оқу)

  6. Түйебай қандай шешімге келді?

  7. Әрі қарай Түйебайдың тағдыры қалай өрбиді?

  8. Молдадан зәбір көру тек Түйебайдың басында болды ма?

  9. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді?

10. Бұрынғы оқу мен қазіргі оқуды салыстыру.


3-топ. Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы

( не себепті үшеуін қатар атап өтіп отырғанымды айтып кетемін. «Үш бәйтерек» жайлы)

  • І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлин - бір заманның өкілі екені анық.

  • Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне ақын, қаламгер, драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт - сенімдері кеңінен көрінеді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді.

  • Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты.

І.Қызығушылықты ояту

«Мен өзім тауда туып, тасында өстім»

Ескіше хат танитын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды , шежірелерді жақсы білетін , көкірегі ояуғ көзі ашық, дамбырашы, ұста әкесі жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі беріп, тәрбиелеп өсіреді.

Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден батырлық, даналық мекені жетісу өлкесінің перзенті Ілитяс жас күнінен бастап ін мен жырды, өлең мен күйдің небір асын нұсқаларын көкірегіне түйіп өседі.

Жас кезінде өлкенәің тамаша табиғаты, ауыл көріністері оны ерекше толқытып, өлеңдер жаза бастайды. Абай пщэзиясы жас ақынға ықпал етеді. Алғашқы өлеңдерінен -ақ ақынның қарымды стиль ерекшеіг байқла баятайды.

Сөйтіп жүріп кең арналы, терең мағыналы өлеңдерімен елге танылады. Орыс жазушысы М.Горькиймен шығармашылық байланысы, М.Әуезовпен, Сікен Снйфуллинмен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырады. Көзі тірісінде ақындықтың құлагері атанған ілияс репрессияға ұшырап 1938 жылы опат болады.

II «Анам тілі» өлеңі

- Балалар, өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?

( Оқушы ойын тыңдау )


«Анам тілі» өлеңін оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу


Бағасы алтын анам тілі - қымбат

Бағаланған балаң түрі - есейген

Маңымды танығанмын - білдім

Тәттілік - қадірлілік

Апкәусар - жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада


- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.

Тіл туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

Нақыл сөздерді экраннан оқып беру.

  • Тілден биік асқан тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ.

Ғ.Мүсірепов.

  • Өз тілін сезбеген бала - ана сүтін татпаған жетіммен тең.

Б.Момыщұлы

III Ақынның келесі өлеңі «Домбыра» деп аталады.

Домбыра қандай аспап? ( Оқушылар пікірін біле кету )

Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т.б.

Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.

«Домбыра» өлеңін мәнерлеп оқытып, мазмұнын ұғындыру.

Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру. Өлеңде не туралы әңгіме айтылады?

  1. Домбыра үні

  2. Әуез

  3. Қарқын

  4. Күй суреті

Осы жоспар бойынша талдау

IV Интерактивті тақтаға назар аударту. Әдеби теориялық ұғымдар.

Градация туралы оқу, дәптерге жазу. ( Не түсінгендерін сұрау, талдау)

Градация, дамыту- алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды,

алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақ-

тата түсу.


ГРАДАЦИЯ

Түйдектету Баяулату


«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.

(Оқушыларға тапқызып, талдату, салыстыру)

Домбыра, сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге бола ма?

Тілден анық үн барда.

Домбыраның күші мол

Көмейінде күй барда?

( Түйдектеу бағытында жазылған )

Келді жақын сең қағысқан,

Үн шыққандай жолбарыстан

Тұншыққандай

Өлді арыстан

Ат шапқандай

Жер қайысқан.

( Баяулату сарынымен жазылған )


Теңеу, эпитетті тапқызу

Теңеу: , тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дыбыстай,

жарыстай, дауыстай, барыстай.

Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.


Сергіту сәті:

Оқушылар ана тілі, домбыра жайлы ойтолғау жазады, домбырада күй тартады.


Сабақты қорыту


«Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп күні бүгінге дейін үлгі шашып дәстүр жасаған қайраткер»

Тұрсынбек Кәкішов


Сабақты бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек»

(Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі. Өздеріне ұнаған екі нәрсені және бір тілек жазып тақтаға іледі.)


Үйге тапсырма

  1. І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу

  2. «Анам тілі» өлеңіне балама жазу

  3. «Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы» ( ойтолғау) жазып келу


Бағалау парақшаларын жинап алып, оқушыларды бағалау


Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Ақкөл орта мектебі




























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал