7


  • Учителю
  • Разработка урока казахского языка 'Адамгершілік асыл-қасиет' 10 класс

Разработка урока казахского языка 'Адамгершілік асыл-қасиет' 10 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №1 ГИМНАЗИЯСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы:

Адамгершілік -асыл қасиет

10сынып





БАРЛЫБАЕВА А. Е.

№ 1 гимназияның қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі




Тараз қаласы

Қазақ тілі

10сынып

Тақырыбы: Адамгершілік -асыл қасиет

Сабақтың мақсаты: «Адамгершілік» ұғымын түсіне отырып, тақырып аясында өз ойын жүйелі жеткізе білу арқылы оқушы бойына адами қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Лексикалық минимум. Жаңа сөздермен танысу, сөздік қорларын арттырады.

  2. Мәтін мазмұнымен танысып, «адамгершілік» сөзінің мағынасын аша отырып, ой бөліседі, пікір алмасады.

  3. Грамматикалық тапсырма арқылы сөздердің мағыналық топтарын игереді.

Ресурстар: постер, слайд, стикер, аудиожазба, үлестірмелі қағаздар.

Күтілетін нәтиже: адамгершілік туралы өз ойын мемлекеттік тілде еркін жеткізеді .

Сабақтың барысы:

Уақыты

Кезеңі

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1 мин

1. Ұйымдастыру

Кезекшімен сұхбат

Мұғалімнің сұрағына жауап береді

2 мин

2. Психологиялық ахуал

«Шаттық шеңбері»

Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып, мақтау айтып, жақсы тілек жолдаймыз.

Мысалы мен:«Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Лайым жүзіңнен күлкі кетпесін»,-деймін. Келесі оқушы әрі қарай жалғастырады. 2-сдайд:

Оқушылар тілек айтады

6 мин

3. Үй тапсырмасын тексеру

Нақыл сөздерді жатқа айту

(2 тапс. 31б.)

Оқушылар нақыл сөздерді жатқа айтады

3 мин

4. Қызығушылығын ояту

«Миға шабуыл».

Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.

Назарымызды тақтаға аударайық та, адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік.

Сұрақтар:

Адамгершілік деген не?

Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай?

Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?

Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толтырайық.



3-сдайд:

Татулық Кішіпейілділік Шыншылдық Мейірімділік Аяушылық Сенімділік Сыйластық Адалдық

Міне, оқушылар, бүгінгі сабақтың тақырыбын аштық.



4- слайд: Тақырып

Сабақтың тақырыбы «Адамгершілік - асыл қасиет» .

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.



Сабақтың мақсатымен таныстырып өтейін:

1. Жаңа сөздермен таныса отырып, сөздік қорымызды арттырамыз.

2. Мәтін мазмұнымен танысып, «адамгершілік» сөзінің мағынасын аша отырып бір-бірімізбен пікір алмасамыз.

3. Грамматикалық тапсырмамен жұмыс жасау арқылы антоним сөздерді игереміз.

Оқушылар слайд бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

1мин

  1. Тренинг

Қазір оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып, әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден жақындарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік (музыка ойнап тұрады)

Көзімізді ашамыз. Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз. Бұл тілек орындалмайынша ешкімге тіс жарып айтуға болмайды. Себебі, ол орындалмай қалуы мүмкін.


Іштерінен жақсы тілек айтады

  1. мин

  1. Топқа бөлу

Түстер арқылы топқа бөлу.

Тақтада түрлі түсті дөңгелектер ілулі тұрады. Түрлі түсті дөңгелектерді балалар өз қалаулары бойынша таңдап алып, топқа бөлініп отырады.


Топқа бөлінеді

7 мин

  1. Мағынаны тану

Сөздік жұмысы




1. Сөздік жұмысы-5 слайд

Рухани тазалық, бауырмалдық, жанашырлық, ұшқын, ізеттілік, жүрек жылуы, абыройлы борыш, жан сұлулығы, қатігез.

  1. Топтық жұмыс


1 тапсырма:

Неге осы түсті таңдадың себебін түсіндіріңдер. Әр түстің мағынасы қандай?

2 тапсырма:

Дөңгелектің сыртына адам бойындағы жақсы қасиеттер жазылып қойылған. Осы сөздердің мағынасын ашыңдар.

3 тапсырма:

Мәтінді оқып, постерді толықтырып жазу, қорғау

(1 тапс. 34 б).


Оқушылар өз ойларын айтады

1 топ: Ақ түс- адалдықты, тазалықты, арманды білдіреді.

  1. топ: Сары түс- жылылықты

3 топ: Көк түс - ашық аспанды, көрегендікті

Сөздердің мағынасын ашады

Ақ - адал, кішіпейіл, әділ

Сары - шыншыл, ақкөңіл, мәдениетті

Көк - қайратты,сабырлы, батыл

Жасыл - қанағатшыл, жомарт ақылды.

Оқушылар постерді толықтырып, қорғайды

1 топ

Адамгершілік ұшқыны



  1. топ

Адамның жаман қасиеттері



Адамгершілік туралы нақыл сөздер3 топ




  1. мин



  1. Мәтінмен жұмыс.




Оқушыларға мәтін ұсынылады.

Тапсырмалар беріледі.

Мәтінді мәнерлеп оқиды (аудиожазба).

1 тапсырма: Оқып, талдап, ғибрат қыл.

Оқушыларға мәтін үлестіріледі (баяу музыка ойналады)

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, қатігез атанады.

Жұрт безердей болғандықтан оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең , мына тақтайға сонша шеге қақ дейді.Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.

«Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап,азайта отырып, ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:

«Енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр» Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып,тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім » Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің.Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине , бұл күндерің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол» дейді.

Оқушылар тапсырмалаларды орындайды

1 топ тапсырмасы-6 слайд:

1) Мәтін ішінен тірек сөздерді табу

2) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

Сұрақтар:

Әкесі неге қарапайым талап қойды? Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па? Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?

Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

2 топ тапсырмасы:

1) Мәтін ішінен тіркес сөздерді табу

2) Мәтін бойынша сөйлесу құрау

3 топ тапсырмасы:

1) Мәтін ішінен тірек сөздерді табу

2) Синтаксистік талдау жасау

Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті.

5мин

  1. Дәптермен жұмыс


  1. Тапсырма: «Қалай дер едің?» қарама-қарсы мағынасын тап.

Адал … (арам), жомарт - (сараң), шыншыл - (өтірікші), әдепті - (әдепсіз), мәдениетті - (мәдениетсіз), қайырымды - (қайырымсыз), батыл - (қорқақ), мейірімді - (қатігез)

3. Сергіту сәті "Жылы шеңбер" ойыны

Балалар бір - бірінің қолынын ұстап, шеңбер құрап көршісіне "Мен сенімен бір сыныпта оқығаныма қуаныштымын себебі …" (сен адал доссың), (сен қайырымдысың) - деп әрі қарай жалғастырып, жақсы сөздерді арнайды. Балалар міне осындай жақсы қасиеттерді бір сөзбен қандай қасиеттер деп атаймыз? (Адамгершілік қасиеттер). Ендеше, мына адамгершіліктің алтын ережесіне назар аударайық

  1. тапсырма: Сөйлемдерді толықтырып жаз.

Адамгершіліктің алтын ережесі.

Өзіңе тілемейтінді өзгеге ... ;

Үлкендерді сыйла;

Өтірік айтпа;

Ұрлық жасама;

Көре алмаушылық болмасын;

Озбырлық .... ;

Ешкімдікіне тиіспе; Ендеше, жақсы қасиеттерді бойына жазған, жанына жақсылық сыйлайтын адамды кім дейміз? (Адамгершілігі мол адам дейміз).

Тапсырмаларды дәптерге жазады

3мин

  1. Бірін-бірі бағалау


Формативті бағалау

Бір-бірінің жауаптарын бағалайды

2 мин.

  1. Сабақты қорытындылау


Балалар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол - адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып жүректен шыққан жылы сөздеріңді мына жүрекшелерге жазып ілулеріңе болады.

Ықыластарыңа рақмет!

Жүрекшелерге тілек жазып іледі.

1 мин

  1. Үй тапсырмасы

Үйге тапсырмасы: сөздік жаттау; 1 тапс. 34 б. Мәтін бойынша түсінік айту

Үй тапсырмасын жазады

1 мин

  1. Рефлексия

Рефлексия:

Жақсы әсер болса-сандыққа;

Әлі ойлау керек болса-еттартқышқа;

Сабақтан керекті ешнәрсе алмаса-қоқыс жәшігіне салыңдар.


Оқушылар стикерлерді іліп қояды




«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №1 ГИМНАЗИЯСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





Ашық сабақ жоспары



Тақырыбы:

Адамгершілік -асыл қасиет

10сынып





БАРЛЫБАЕВА А. Е.

№ 1 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал