- Учителю
- ҚұРан Кәрім мен Адамата жайлы түсінік
ҚұРан Кәрім мен Адамата жайлы түсінік
Мұғалім: Адамбаева Гаухар Тилешовна
Туылған күні: 06.06.1970
Пед. өтілі: 23 жыл
Жұмыс орны: «Абыхан Жексембеков қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныбы: 5А
Пәні: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім және Адамата жайында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Діни әңгімелерді оқи отырып, Ислам діні, Құран Кәрім туралы оқушылардың түсінігін кеңейту;
Тәрбиелік: «Адам ата» әпсанасы арқылы адамзат алдындағы оң бағыт пен теріс соқпақ, имандылық пен әзәзілдіктен дұрыс жолды таңдау керектігін ұғыну;
Дамытушылық:. Оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру;
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІI. Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
ІIІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Құран Кәрім дегенде ойымызға не келеді?
- Тарих
- Әдебиет
- Әдет-ғұрып
- Салт-сана
- Шариғат
- Тазалық
- Шипагерлік
- Әділдік
ІV.Материалды түсіндіру:
Мағынаны тану
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Ислам діні - Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар ғалейһи-салам арқылы жіберген ақиқат жолы, дүние жүзіне ең ықпалды әрі кең тараған дін. Ислам арабша мойынсұну, амандық, татулық деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбарға түсірілген Құран Кәрімді өзінен бұрынғы кітаптардың растаушысы (барлық пайғамбарларға бұрын жіберілген өсиеттерді түгел қамтиды.) және Жаратушының ең соңғы өсиеті деп санайды.
Мұсылмандар - Мұхаммед пайғамбардың үмбеттері.
1.Түсінік
2.Сөздік
3.Талдау
VІ. Түсінік тексеру:
Жер бетіндегі халықтардың көбі бір Аллаға табынады, сыйынады. Осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Осы сенімнен дін тарайды. Дүние жүзіне кең тараған төрт ірі дін тармақтары Ислам, Христиан, Будда, Католик діндерінің бәрінің де өзегі - адамгершілік, тазалық.
Алла сөзі Жебірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға, яғни, Мұсаға - «Таурат», Ғайсаға - «Інжіл», Дәуітке - «Забур», Мұхаммед пайғамбарға - «Құран Кәрім» тапсырылады.
Сөздікпен жұмыс
Алла - Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы.
Уаһи - хабар.
Сахаба - пайғамбарымыздың ислам дініне үлес қосқан серіктері.
Хафиз - Құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.
Қари - Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.
Ғайып - көзбен көрмесек те, жүрекпен, иманмен сезінетін әлем.
Сапиолла - Адам атаның шын есімі.
Уасуаса - азғыру.
Талдау
Дискуссиялық карта
Шығармадағы жақсылық пен жаман істерді талдай отырып, кестені толтыру
Жақсылық істер
Жамандық істер
VІІ. Бекіту: «Соңғы сөзді мен айтамын»
Сұрақ - жауап
1.Құран Кәрім жайында не білесіңдер?
2.Құранда неше сүре бар?
3.Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?
4.Алланың неше пайғамбары бар?
5.Қай періште арқылы Алла сөзі пайғамбарларға тапсырылады?
VІІІ. Сабақты қорыту:
1.Бағалау.Оқушының сабаққа қатысу белсенділігіне қарай.
2.Үй тапсырмасын беру.
Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу.Адам ата мен Хауа ана екеуі тыйым салынған жемісті жемегенде не болар еді? (Шығарманы өз ойынша аяқтау)
Сыныптан тыс оқуға ұсынылатын шығармалар тізімі:
-
Құран Кәрім
-
Рабғузидің «Хисса сул әнбия»
-
Ғ. Мүсірепов «Ана жыры» әңгімесі