- Учителю
- Табиғат - тылсым дүние Өзін өзі тану 11- сынып
Табиғат - тылсым дүние Өзін өзі тану 11- сынып
Мектеп №142 орта мектеп Мерзiмі: 23.04.2016 жыл
Тақырып: Табиғат- тылсым дүние
Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер :тірі жанға қиянат жасамау, адам құқығын сақтау
Мұғалiм Сутенова Индира Сыныбы: 11 Оқушылар саны:6
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаға байланысты қиянат
жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
- жалпы тіршілікке, адам баласына қиянат жасамау қажеттігін
түсіндіру
- балалардың табиғатқа аялы қарым - қатынастары дамыту;
- қоршаған ортаны қорғауға, жақсы азамат болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,видео жазбалар)
Оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру
2.Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»
3.Үй тапсырмасын тексеру:
«Қараңғы түнде тау қалғып» Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді. 31-32 сабақ, 134 бет.
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз:
« Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде
шексіз жанашырлықты білдіреді.»
Махатма Ганди
Бірінші ер балаларға, екінші қыз балаларға айтқызу.
Барлығы бірге айту.
5.Әңгiмелеу. Мұғалімнің сыйы
Махатма Гандидің өмірінен шабыттандыратын мысал келтіру:
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Осы әңгімеден не түйдіңіздер?
2. Осы әңгімедегі Махатма Гандидің бойынан қандай құндылықтар мен
адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар?
3. Адам өзіне қатысты қандай қиянат жасамауы керек?
-
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. ?
2 топқа түс арқылы бөлу
«Қиянат пен аманат» бейнежазбасы
І топ. Оқиғаға байланысты ассоциация құру
II топ. «Қиянат жасамау» ұғымына өлең шығару
Қиянат жасамайы ..............................,
Қиянат жасамайық .............................
Қиянат жасамайық ................................,
Қиянат жасамайық ...........................!
7.Топпен ән айту.
«Жақсы адамдар»
Әні мен сөзі: А. Оралов
8.Үй тапсырмасы:
32 сабақ, 138 бет. «Құм таудың жұмбақтары» П.И.Мариковскийдің еңбегінен үзінді. (талдау жасап, сұрақтар дайындау)
9. Соңғы тыныштық сәтi Жағымды күйге келу