7


  • Учителю
  • ӨЗін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

ӨЗін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №20

Мерзiмі : ..........................

№ 15

Тақырып: Жанашырлақ

Құндылық : Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық

Мұғалiм Жумагулова Н.А.

Класс : 6

Оқушылар саны : 21


Сабақ мақсаты: Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік бере отырып,олардың бойында сүйіспеншілік сезімдерінің дұрыс әрекетке бағытталуын дамыту

Міндеттері:

1) Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік беру;

2)Олардың бойындағы сезімталдық,қамқорлық, мейірімділік

Сезімдерінің дамуына ықпал ету;

3) Мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

"Аңыз адам" журналынан Ш.Айтматов туралы мәліметтер;




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

  1. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-Қандай сезімде болдыңдар?

-Өзіңнің тыныштануыңа әсері болды ма?



Ендеше,күнделікті өзімізді тыныштандырып, істейтін, бүгін орындайтын істерді орындауда жүрекпен, шын ниетіңмен,сүйіспеншілікпен жасауға ұмтылайық.



  1. Үй тапсырмасын тексеру

52- бет "Жанашырлық" (Ш. Айтматов)

-мәтіннің мазмұны түсінікті болды ма?

-оқығаннан кейін қандай сезімде болды?

-өзіңді кейіпкердің орнына қойып көріңдер.



Балалардың пікірлерін тыңдағаннан кейін, айтылған ойларды түйіндейміз:

- Ендеше балалар, қиындыққа тап болған жағдайда қамқорлық таныту, жәрдем беру мейірімділіктің, жанашырлықтың іс жүзіндегі көрінісі екендігін

Есімізде ұстайық.


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Оқушыларға жағымды ой-пікір қалыптастыру мақсатында төмендегі дәйексөзді ұсынамын:

"Өзіңе де,өзгеге де жақсылық тіле"

А.Йүгінеки

-Дәйексөзде айтылған ойды қалай түсінгеніңді айтып

бере аласың ба?

Ендеше, өзіңе не тілесең, өзгелерге де соны тіле. Өзім үшін деп жасаған әрбір ісіңнің өзгелерге де пайдасы тиюі мүмкін. Олай болса, жүрегің сүйіспеншілікке толы болса, өзгелерді де сүйіспеншілікке бөлей аласың.

Дәйексөзді хормен қайталатып, екі-үш баладан жатқа сұраймын.

  1. Әңгiмелеу

-Балалар, мен сендерге бір әңгіме айтып берейін Мұқият

тыңдар отырыңдар.

Әңгіме "Мейірімді бала" деп аталады. Бұл әңгімені

өздерің сияқты мектеп оқушысы жазған екен.

Мейірімді бала (әңгіме)

Көктем келіп, күн жылына бастасымен балалар аулаға ойнауға шығады. Шуылдап ойнап жүрген балалар көктемді ода әрі құлпыртып жібереді екен. Ермек кеше ғана әкесі сатып әкеліп берген машинасын алып шығыпты.Көрші бала Асан екеуі машинаға құм тиеп апарып, үлкен үй де салды, аула да соқты. Не керек үлкен құрылыс бастады. Кешке екеуі де әбден шаршады. Ермек:

- Асан, қайтайық,анамыз әздеп жатқан болар,-деп еді. Оған Асан :

- Ермек, сен қайта бер, маған машинаңды тастап кетші, мен де бір-екі машина құм әкеп тастайын,-деді.

- Құмды көп тасыдық қой,-деген Ермекке Асан:

- Құмның бәрін сен тасыдың, мен қасыңда жүгіріп жүрдім.Мен де тасып көрейінші,-деп өтінді.

Сонда ғана Ермек :

- Машинамен жалғыз қзңм ойнаппын-ау. Неге сұрамадың? Мен байқамаппын,-деп қатты өкініп қалды.

- Мә, ойна.Мен күтіп тұрамын,-деді.

Машинаны ала сап, оған құм тиеп,оны тасып қуанып жүрген Асанға Ермек :

- Жарайды, машинаны саған сыйға тартамын,-деді.

- Ермек, шын ба,-деп Асан оны құшақтай алды.-Сен шын доссың!-деп айқайлады.

-Иә,достар бір-біріне сыйлық жасауы керек емес пе,-деді Ермек.

Ертесінде баласын оятқан әкесі:

- Ермекғ машинаң қайда?-деп сұрады.

- Әке, бірдеңе айтсам, ренжімейсің бе, мен оны асанға сыйлап жібердім. Оған машина алып беретін әкесі жоқ өой,-дей бергенде әкесі:

- Балам,қандай ақылдысың!Сыйлағаның жақсы болды. Мен саған басқа машина алып беруге уәде беремін, - деп баласының маңдайынан иіскеді.

- Ермектің орнында сен болсаң не істер едің?

- Кімге жанашырлық танытар едің?



- Балалар, байқадыңдар ма,Ермек қандай ақылды бала? Ол қолында барды досымен бөлісе алды. Ендеше өмірде Ермек сияқты бола білсек, біз ешқашанда одан кішірейіп қалмаймыз. Керісінше, өз әрекетіміз арқылы біз қамқорлығымызды, мейірімділігімізді көрсетеміз.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Енді баяу музыка қойып, балалардан тыныштық сәтінде нені сезгендерін еске түсрулерін сұраймын..



Содан кейін мәтін бойынша түсінгендерін эссе, өлең, сурет түрінде дәптерге түсірулерін сұраймын.



- Кім өзінің оймен бөліскісі келеді?

- Иә, балалар, "жанашырлық - жанға қуат" деп тегін айтылмаса керек. Бір-бірімізді осылайша сүйіспеншілік нұрына бөлейік

  1. Топпен ән айту.

Аңса, жаным

Сөзі: М.Мақатевтікі

Әні: Т.Төлендиевтікі

Мен тілеймін,жарқыным, сен де тіле,

Орнасын де жақсылық жер бетінде.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.



Мен аңсаймын, сен дағы аңса, жаным,

Жайлап өскен жақсыдан жан самалын.

Аңса, жаным, зарығып шарша, жаным,

Қанша ғұмыр қалса да, қанша амалың.



Мен сағынсам, сен дағы сағын , жаным,

Тек жақсылық адамнан табылғанын.

Алакөзсіз, ашусыз бауырлардың,

Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.



Болса дағы көңілім қанша жарым,

Білінбейді солармен шаршағаным.

Жайлап ескен жақсыдан жан самалын,

Аңса,жаным, жабықпай аңса, жаным.



-Балалар, ән ұнады ма?

- Мәтініне назар аудардыңдар ма?

-Иә, жақсылық тек адамнан табылады дейді.

Ендеше "Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле" дегенді

әрқашан жадымызда ұстайық.

  1. Үй тапсырмасы.

- Келесі № 16 сабақтағы "Ынтымақ" деген ертегіні

үйде оқып келіңдер.(61-бетте)

- Дәптермен жұмысты үлгермегендерің үйде аяқтап

келіңдер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал