- Учителю
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту коучинг сабағы
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту коучинг сабағы
ОҚО, Шымкент қаласы
Х.Әлімжан атындағы №85
жалпы орта мектептің мұғалімі
Нархашова Рабия Нуралбаевна
Екінші (негізгі) деңгей
"Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру" тaқырыбы бойыншa коучинг сабақ жоcпaры
Күні: 20.02.15ж.
Caғaт: 1300-1420
Тaқырыбы:
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
Мaқcaты:
1. Әріптестерге оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, ойлау және шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту, пікірлерін қалыптастыру жолында кәсіби көмек беру;
Оқу нәтижесі:
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін сын тұрғысынан ойлаудың тиімді әдістерімен танысады, оларды тәжірибеде қолдануды үйренеді.
Негізгі
идеялaр:
Сын тұрғысынан ойлау әдістері пайдалана отырып ,оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру жолдарына бейімдеу;
Мaтериaлдaрмен құрал- жабдықтар
Ұйымдастыру кезеңіндегі берілетін сөз тіркестері, әдіс - тәсілдерге берілген түсініктемелер, аудиотыңдалым , мақал- мәтелдер, "Қария неге жылайды" бейнекөрініс," Рафт" әдісі бойынша кесте, " Ақылдың алты қалпағы"стратегиясы бойынша түсті қалпақтар, маркер, стикер, тақырып бойынша түсіктемелер.
Өткізілу барысы
Кезең
Тапсырма
Уақыт
Коучтың іс- әрекеті
Мұғалімнің іс- әрекеті
1. Кіріспе
Коучинг туралы жыр
5 мин.
Жырды мәнерлеп оқиды.
Тыңдай отырып, коучинг не екенін түсінеді.
Ұйымдасты-ру кезеңі
Ішкі әлем мүмкіндіктеріне көңіл білдіру
12 минут
Қатысушыларға әр түрлі тіркестер таратылады.
1. Мен әдемі гүлмін...
2. Мен өлеңмін...
3. Мен сезіммін...
4. Мен қызық кітаппын...
Қатысушылар ішкі сезімдері арқылы ойды әрі қарай жалғастырады.
Топқа бөлу
1- топ.Ақыл
2- топ. Қайрат
3- топ. Жүрек
Тіркестің артына жазылған нөмірлер арқылы топқа бөледі.
Топтасып отырады.
Ой толғау.
"Сезімнен туған ойлар"
Бағалау критерийлері: 3 балдық жүйе бойынша
1. Ерекше ойлау қабілетін
шығармашылықпен жеткізе алуы
3. Мәнерлі, сезімге беріліп әсерлі оқуы
10 минут
1) 1- топ. Ақыл сен....
2- топ. Жүрек сен ....
3- топ. Қайрат сен.... ой толғау жазуға жұмылдыру.
2) Бағалау критерийлерін ескерту.
Ерекше ойлау қабілетін байқата отырып, өзіндік ойын жеткізеді.
1- кезең- (жаңаны, тың нәрсені дамыту, сезе білу, ойлау, түрткі
идеяны табуға ұмтылу)
"Болжау стратегия-сы"
Мақалдың мәнін ашу
Бағалау критерийлері: 3 балдық жүйе бойынша
1. Мақалдың мәнінің толық ашылуы
2. Постердің көркемдігі
3. Сөйлеушінің сөйлеу мәдениеті
10 минут
1- топ. Диқанның бақшасын көр, жемісін тат,
Адал еңбек еткеннің көңілі шат.
2- топ. Ақыл, қайрат, еңбек- бәрін де жеңбек.
3- топ. Жан рахатын білер жалғыз сол адам,
Еңбегімен , шыдамымен ие болса кім оған. Гете
Мақалдың мәнін ашады. Постер қорғайды.
2- кезең - (қиял, ұшқыр ой, ой қызме-тінің батыл-дық ерек-шелігі қалыптаса-ды)
Тыңдалым дағдысы
Аудиотыңдалым арқылы тапсырмалар орындау
Бағалау критерийлері: 3 балдық жүйе бойынша
1. Мәліметтің нақтылығы
15 минут
Тыңдалым арқылы берілген мәлімет бойынша түсініктерін айтуға негізделген тапсырмалар ұсынады
Тыңдалым бойынша берілген тапсырманы орындайды.
1- топ. Төрт сөйлем
2- топ. Попс формуласы
3- топ. Блум деңгейлік тапсырмалары
Мәтінмен жұмыс
"Рафт" әдісі бойынша мәтінмен жұмыс.
Бағалау критерийлері:
3 балдық жүйе бойынша
1. Шарттың дұрыс орындалуы
2. Шығармашылықпен жеткізе білуі
15 минут
"Бүгінгі қария неге жылайды? Бейне көрінісін
Көрсете отырып ой шақыру, сезімдерін ояту. Үш топқа топ атауына сай парақшалар таратылады. Бұл парақшаларда мәтін жазуға түрткі кесте болады. Оқушылар осы кестеде берілген сызбадағы тірек сөздерді негізге ала отырып, мәтін жазады.
Мейірім тобы:Рөл
Аудитория
Формат
Тақырып
Қарт
баласы
күнделік
Өкініш
Қайрат тобы:
Рөл
Аудитория
Формат
Тақырып
Немере
атасы
хат
Сенім
Ақыл тобы:
Рөл
Аудитория
Формат
Тақырып
«Қарттар үйі» мекемесінің басшысы
кәсіпкер
Ұсыныс
Қайырымдылық
Бейнекөріністен әсерлене отырып, тапсырма орындайды. Рөл - кімнің атынан, аудитория -кімге, формат - қандай үлгіде, тақырып - не туралы, демек, қатысушыларға мәтін жазуға тірек сөздер бар. Олар топ боп ақылдасып, мәтін жазады.
Екінші кезең - қиял, ұшқыр ой, ой қызметінің батылдық ерекшелігі қалыптасады. Мұнда оқушының өзіндік ізденісі, пікірі, айтар ойы байқалады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашудың бір көзі - өз бетінше жұмыс істеу қабілеті артады.
3-кезең - тапқырлық пен шеберліктің ұясы. Мұнда өзіндік сын, бастаған ісін аяқтау, дәлелдеу. "Ойлаудың алты қалпағы"
әдісі
Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі бойынша ортақ проблемаға әр түрлі көзқараста пікір айтуға жұмылдыру.
10 минут
Мақсатты мәндерге, сөздерге, әрекеттерге бағыттайды, тәртіптің сызықтарын тұрғызуға көмектеседі. Өйткені бұл мақсатқа жету үшін қажет.
Қатысушылар ортақ проблемаға әр түрлі пікір айтады. Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша сұраққа жауап береді.
Ақ қалпақ.Фактілер, және информациялар. Функционалды сауаттылық деген не? Ол жайлы бізде қандай мәліметтер бар?
Қызыл қалпақ.Эмоция, сезім, интуиция және сезіну. Аталған проблемалар жайлы не ойлаймын.
Қара қалпақ.Сақтанғыштық. Идеяны іске асыруға мүмкіндік бар ма?
Сары қалпақ.Жетістік.Пайда, артықшылық,басымдылық.
Бұл не үшін керек?
Мұны не үшін жасаймыз?
Жасыл қалпақ.Ұсыныстар, жаңа идеялар.Осы жағдайда қандай шара қолдануға болады.
Көк қалпақ Үрдіс жайлы ойлау.Келесі қадамдарды анықтау.
Бағалау
Кері байланыс
Кері байланыс парақшасындағы сұрақтарға жауап беру
3 минут
Әріптестерге кері байланыс парақшасын таратады
Сұрақтарға өз ойларын толық білдіреді.
Дереккөз-дер
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Екінші (негізгі) деңгей
2.Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары.
Есимханова Р, Батырбекова А, Масимов Н, Қасымбекова Г.
3. Коуч -мұғалімнің жұмыс кітабы. Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б.,
Жартынова Ж.А., Касымова А.А.
4. С. Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері: Қазақстан Оқу Ассоциациясы. - Қарағанды: 2011 - «Кәсіби даму» сериясы
5. «Қазақ тілі: әдістеме» журналы, №9 -10, 2010 ж.
6. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы