- Учителю
- Қазақ тілі пәні 'Тұйық етістік'
Қазақ тілі пәні 'Тұйық етістік'
ТҮЙЫҚ ЕТІСТІК
Сабақтың мақсаты;
Білімділік; Етістіктің ерекше түрі - тұйық етістіктің мағынасы мен түрленген
тұлғасын түсіндіру, оқушылардың етістік туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды естістіктерді дұрыс пайдалануға, байланыстырып
сөйлеуге, жазуға үйрету. Адамгершілікке, Отанды сүюге, өнерлі
болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл мәдениетін дамыту, білімге
көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, топпен жұмыс, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тұйық етістікке арналған кестелер, оқулық, плакат, сурет, венн диаграммасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру сәті
а) Оқушылармен амандасу
ә) Сыныпты түгелдеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
а) Үй тапсырмасын кезектесіп оқыту
ә) Ереже сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Балалар, тұйық етістік - етістіктің ерекше түрі. Ол етістіктің өзге түрлері сияқты емес. Етістіктің түрлері жақпен, шақпен байланысты болғанын көрдік. Ал тұйық етістік жекеше, көпше түрде жіктелмейді және шақпен байланысты болмайды. Тұйық етістік етістіктің атауы ретінде ғана қолданылады. Мысалы: бару, жүру, тұру етістіктері бару, жүру, тұру қимылдарының атын білдіріп тұр.
-
Балалар, тақтадағы кестеге қараңдар, тұйық етістікке тән қандай ерекшеліктер, маңызды белгілер бар екенін байқап көрейік. Қане, кестедегі сөздерді оқып жіберіңдер.
Оқушылар тұйық етістіктің септелу, тәуелдену үлгілерін оқиды.
Балалар, тағы бір ескеретін жағдай - тұйық етістіктің зат есімдерше түрленуі.
Тұйық етістік жөнінде мынадай қызық құбылысты айтуға болады: тілдің даму барысында тұйық етістіктердің кейбіреулері белгілі бір заттардың, түрлі құралдардың атауы болып кеткен.
Көсеуді әперші Отты көсеу керек
Сабаумен жүн сабайды Малды сабауға болмайды
Жасау - қызға жиналған дүние - мүлік Тапсырманы уақытында жасауың керек
2.Оқулықпен жұмыс
260 - жаттығу Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызу.
261 - жаттығу Тұйық етістіктерді тауып, қандай тұлғада тұрғанын ажырату.
3. Топпен жұмыс
«Кім көп біледі?» ойыны
IV. Бекіту.
Тест тапсырмалары арқылы жүзеге асыру, тұжырымдау.
1. Тұйық етістік қатысқан сөйлемді көрсет.
а) Асқар ауылға жиі -жиі барып тұрады.
ә) Ойна да күл, оқы да біл
б) Оқу - өмірдің сәні, тіршіліктің шамы
2. Шақпен, жақпен байланысты болмай, қимылдың, іс - әрекеттің атауын білдіретін етістіктің түрін көрсет.
а) есімше
ә) тұйық етістік
б) етіс
3. Тұйық етістікті сөйлемді белгіле
а) Сен де жұмыс істеуге үйрен
ә) Бүгін қар көп жауды
б) Гималай - ең биік тау
4. Тұйық етістікті сөзді көрсет
а) жау
ә) сау
б) ағу
V. Оқушылардың білімін бағалау
VI. Үйге тапсырма
262- жаттығу. Берілген сөздерді әрі тұйық етістік ретінде қолданып, әрқайсысына екі сөйлем құрау.