7


  • Учителю
  • 3-сынып Ашық сабақ: «Менің Астанам»

3-сынып Ашық сабақ: «Менің Астанам»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 3-сынып қазақ тіліСабақтың тақырыбы: Менің Астанам!Мақсаты:1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. 2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту. 3) Қазақстан Республ
предварительный просмотр материала

Суворов орта мектебі

3-сынып

Ашық сабақ:

«Менің Астанам»

Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Башенова Қ.Қ


2014-2015оқу жылы


3-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Менің Астанам!
Мақсаты:
1) Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері, қанатты сөздер, «Астанаға саяхат» видеоклип.
Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер,
Түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу;

- Сыныптағы оқушыларды түгендеу;

- Оқушылардың назарын өзіне аударту;

Психологиялық дайындық. Балалар шеңбер құрып,бір-біріне сәттілік тілейді.

ІІ Үй жұмысын тексеру. Оқушылардан Қазақстандағы қала аттарын сұрау.

ІІІ Қызығушылықты ояту.Оқушыларға Астана қаласы туралы видеороликті тыңдату.

Балалар, біз неліктен «Астана» туралы бейнеролик көрдік деп ойлайсыңдар?
Ия. Себебі, алдымызға еліміздің ең айтулы мерекесі Тәуелсіздік мерекесі келе жатыр. Ал Астана - еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.
Ия, балалар, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз Астана қаласы құрметіне арналмақ.
- Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі?
- Әрине, Бәйтерек, Ақ Орда, Ханшатыр, «Нұр Астана» мешіті.
Олай болса, біз қазір «Астана» қаласы дегенде көз алдымызға не келетіндігін ассоциация құру арқылы дәлелдейміз.

Ханшатыр бар

АстанаҮлкен қала Бәйтерек бар


Қазақстанның астанасы Әдемі қала «Думан» орталығы бар

IVЖаңа сөздермен жұмыс.

Астана-столица тұрады-живет

Болдым-был күтіп тұр-ждет

Балалар, енді біз «Маршрут картасы» арқылы Астана қаласындағы көрікті жерлерді аралауға шығамыз. Жолда аялдамаларда тоқтаймыз. Әр аялдамаға жету үішін тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-аялдама: "Думан ойын-сауық орталығы"аялдамасы

Астана қаласының картадағы орны. Мына сөздерді дұрыс сәйкестендіріңдер

Қала путешествие

Саяхат город

Өзен родина

Туған жер гора

Тау лето

Жаз река

2-аялдама: «Ақ Орда»

Мына сөздерден сөз тіркесін немесе сөйлем құраңдар.

Қала, саяхат, Астана, өзен.

Мысалы: Мен Астана қаласына саяхатқа шықтым.

Астана қаласында есіл өзені бар.

3-аялдама: «Бейбітшілік және келісім сарайы» орталығы



Жұптық жұмыс.

Әріптерге кім қанша сөз айтады.

Мысалы: А әрпі, Б әрпі, С әрпі, Ж әрпі, М әрпі;

А әрпіне - алма, аққала, айна, арал

4-аялдама. «Бәйтерек» аялдамасы Міне соңғы аялдамаға да келіп жеттік.


Астана қаласына деген тілектерін айту.Алдын-ала берілген тапсырма бойынша өлеңдерін сұрау.

Балалар, жаңағы сыр - сұхбаттан, Астананың көрікті, айшықты жерлерін көрген бейнетаспалардан алған өздеріңнің әсерлерің жүректеріңнен қандай жыр болып туар екен? Балалар, араларыңда Астана қаласына барып келген балалар бар. Енді сол балалар саяхат жасаған кездегі әсерлерін сыныптағы балалармен бөліссін дегіміз келеді.

Қорытындылау. Бүгінгі сабақтан не түйдік?
Я, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз? жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.

Астанада қандай жерлер бар?

Астанада қандай көрікті жерлер бар?

Астана қаласына саяхатқа шыққыларың келе ме?

Енді, балалар, Астана қаласына деген тілектерінді стикерге жазып, «Бәйтерек» монументіне жапсырыңдар.

Астана көркейсін;

Астана гүлденсін.

Астананы мен жақсы көремін.

Мен Астанаға енді жиі барамын.

Мен Бәйтеркке шыққым келеді.

Мен Бәйтеректі көргім келеді.

Үй тапсырмасы. «Менің Астанам» шағын мәтін құрау

Осымен, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал