- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс ' Жаңа жыл'
Сыныптан тыс жұмыс ' Жаңа жыл'
Жаңа жылға арналған сценарий
1-бөлім.
Залда әсем шырша жарқырап жанып тұр.
Ақерке - Сақыпжамал, Эльмира-Жанель
Парамамен екі жаққа тұрады, қолдарында мишура
-
Сақыпжамал шыршаға бұрылып:
Бұл не деген тал өсіп тұр,
Қыс айына қарамай.
Күміс қырау жарасып тұр,
Қуансын деп балақай.
-
Ақерке: терезе
Кәмпиттер мен жаңғақтар,
Моншақ, шарлар тізілген.
Бұл талға көп қуантар,
Сыйлықтар, міне, ілінген.
-
Эльмира: Ойыншықты мұншама,
Кім ілді екен шыршаға.
Бақшамызға келді шыршамыз,
Хабарлап жылдың келгенін.
-
Жанель: Келе жатыр жылымыз, айна жақта.
Мейрамдаймыз мұны біз.
Таяп қалды жаңа жыл,
Әзірлейік ән мен жер.
Ән шырқауға би билеп,
Шақырайық достарды.
(шапалақтап айтады).
Мишурамен екі жақтан қақпа жасайды, балалар бір-бірімен қол ұстасып, біреуден кіреді (цепочка жасап).
Мишураны төртеуі шыршаның астына қояды.
Би хоровод.
Дөңгеленіп, шыршаны айналып билейді, отырады.
2-бөлім.
-
Ақерке: Естіліп тұр шаттық ән,
Келе жатыр қонақтар.
Бұл кім екен?
Бұл кім екен?
Қонақ келсе құт келгені, халайық.
Шапалақтап, ел боп қарсы алайық!
Залға қыс патшайымы кіреді (Ажар).
Ажар: 1. Айналаның бәрін де,
Ақ көрпемен орадым.
Жердің бетіне ақ қырау,
Дәл маржан деп саламын.
Алуан сурет саламын,
Көргендер таң қалады.
Мен боламын,
Мен боламын,
Қыстың сұлу патшайымы!
-
Өзеніме, көліме,
Әсем ою оямын.
Ағаштардың бәріне,
Алқа тағып қоямын.
- Сәлеметсіңдер ме, достарым! Мені таныдыңдар ма?
Балалар: - Армысың, қыс патшайымы,
Қайырлы таң, қайырлы!
Қыс патшаймым: Тамаша ғой бақшамыз,
Қандай әсем шыршамыз.
Құпиялар көп бүгін,
Көп қызыққа бастайық,
Шыршаменен ойнайық!
3-бөлім.
Карина: 1. Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Бізге келді жаңа жыл!
Қандай сұлу, неткен әйбат
Қыс патшайымы бүгін!
-
Өлең де әзір, ән де әзір.
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел, жаңа жыл, біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
-
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Шыршамызға арналған,
Бүгінгі ән-жырымыз.
Шырша әні
-
Кел ойнайық, кел ойнайық,
Шыршаменен жалықпай.
Кел ойнайық, күлейік,
Неге отырсың ойнамай?
-
Әсем шырша жарқырап тұр,
Көз тоймайды қараса.
Әсем шырша жарқырап тұр,
Жарқ-жарқ етіп шамдары.
Қыс патшайымы - Ажар: «Шырша нешеу?» ойнайық.
Балалар: Топ-топ басайық, Қой аяқты өкшеге,
Іркілмейік билейік. Топ-топ басайық.
Қыс: Ой, шырша қорқып кетті!
Шамдары сөніп қалды.
Қане, жағайық шыршамызды.
Шарт-шарт тамаша,
Шыршамыз жарқыра, жарқыра.
(шырша жанады).
4-бөлім.
Қыс патшайымы:
Тып-тыныш отырайық.
Шыршаға қарайық,
Жаңа жылда шырша жанында
Көп ғажайып құпия, көп қуаныш ертегі.
Мысық пен 7 тышқан
7 тышқан жүгіріп шығып, шырша алдына билейді. Тышқандар биі.
1-тышқан - әкесі: Данияр
Тышқандарым, балаларым,
Қуанышым қарақтарым.
Мен базарға барайын,
Сыйлық таңдап алайын.
Сақ болыңдар әр кез тек,
Жатқа есік ашпаңдар.
Тышқандар қол бұлғайды, қоштасады, Данияр кетеді.
2-тышқан. Нұрсұлтан
Жоқ-жоқ, тыныш отырмаймыз,
Билейміз де , ойнаймыз.
Жаңа жылды тойлаймыз.
3-тышқан: Әй, бауырым, кел мұнда.
Шеңберге тұр қатарға.
Қой аяқ ұшына,
Кезекпен құлшына.
4-тышқан: Айналайық ән шырқап,
Жаңа жылда жарқырап
Тамаша, тамаша,
Би билейік жаңаша.
Жұппен билейді. 7-тышқан әр жұпқа қосылып билейді.Жарты шеңбер болып тұрады
4-бөлім «а»
Бауыржан-мысық жүгіріп кіреді де, алақанын сипап:
Сауық-сайран салып, мяу-мяу,
Жүрмейсіңдер абайлап, мяу-мяу.
Асыр салып көп ойнап, мяу-мяу,
Ояттыңдар мені, мяу-мяу.
Тышқан етін жегім кеп,
Тісім менің қышып отыр!
Мысық тышқандарға қарай секіреді. Тышқандар қашып кетеді.
Мысық бір тышқанды ұстап, алып кетеді.
Тышқандар шеңбер болып отырып, жылайды. (хормен)
6-тышқан: Айтқан тілді алмадық,
Асыр салып ойнадық.
Мысыққа біз жем болдық.
Әке тышқан Данияр жүгіріп келеді:
- Не болды? Не болды? Тез айтыңдар.
6-тышқан: Сыбысын білдірмей,
Ақырын басып,
Мысық алып кетті,
Бір тышқанды.
Данияр: Аяз Атаны шақырайық! Ол бізге көмектеседі.
Барлығы: Аяз Ата! Аяз Ата!
Орала ма, ол енді?\
Тездетіп келсе екен,
Бізге көмек берсе екен.
Балалар көмектеседі: Аяз Ата! Аяз Ата!
5-бөлім.
Аяз Ата: Асығып келем!
Асығып келем!
Қалың қардан шыға алмай келемін.
Ау, амансыңдар ма, ұлдарым!
Амансыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің?
Жаңа жылдай жайнайсыз.
Жаңа жыл құтты болсын!
Қоян жылы жемісті болсын! (Қоян Мирланды ертіп келеді).
Міне, Қоян жылын ертіп келдім. Ал, қоян, мына тышқандарға көмектесейік, мысықты ұстап берейік. Шақыр мысықты.
Қоян: Мысығым-ау, мысығым.
Пысығым-ау, пысығым (шыршаға үңіледі).
Шақырады: Кис,кис,кис,кис
Мысық кіреді, қапшықты сүйреп, қоян көмектеседі.
Аяз Ата құлағынан ұстайды:
Неге тидің тышқанға?
Неге жедің тышқанды?
Мысық - Бауыржан: Жоқ, жоқ, жеген жоқпын тышқанды,
Ойнадық, жаңа жылды тойладық.
Кешіріңдер мені.
Міне, тышқан. Қаптың ішін ашады.
Тышқан шығады. 7тышқан, мысық, қоян бәрі құшақтасып тұрады.
Жаңа жылда, жаңа жылда,
Біздер тату боламыз
Сыйластықпен, махаббатпен,
Сауық-сайран құрамыз.
6-бөлім.
Аяз Ата: Менің немерем Ақшақар қыз қайда екен? Шақырайық бәріміз.
Балалар: Ақшақар! Ақшақар!
Мыстан кемпір ақшақар болып кіреді: Ау, ау келдім міне, кешігіп қалдым ойнап жүріп!
Ай, ай, ай! Тамаша, тамаша.
Шыршамыз тұр жараса.
Аяз ата, аппақ екен сақалың, аппақ екен мұртың да.
Маған неге қарайсың? Немереңді танымай!
Билеп, Аяз Атаны биге шақырады, орамалын желпіп. Аяз Ата айналып қарайды.
Аяз Ата: Тоқта. Тоқта! Сен Ақшақар емессің, ұқсамайсың!
Мыстан: Қалай ұқсамаймын? Міне, бөрігім, міне, қолғабым. Өзіңнің
немереңді танымай қалдың ба, сонда?
Аяз Ата: Аяғыңдағы не? Ойпырмай, тез алып кел Ақшақарды. Әйтпесе,
жаңа жылға кіргізбеймін сені, тез!
Мыстан: Кешір. Кешір. Әзілім ғой. Кеттім, кеттім.
Аяз Ата: Көрдің бе оны! Қане, Ақшақар келгенше тақпақ айтып беріңдер.
Мен сыйлық беремін.
Аяз Ата: Мыстан кемпір Ақшақарды алып келгенше тақпақ айта
тұрайықшы.
Тақпақтар айтады
Аяз Ата: Менің немерем қайда жүр екен, бәріміз шақырайықшы.
Ақшақар! Ақшақар!
Музыкамен Ақшақар кіреді.
Армысыңдар, қонақтар!
Жаңа Жыл келіп еліме,
Қуанышты халқымыз.
Тойға келген , ағайын,
Ән шырқайық бәріміз!
7-бөлім
Аяз Ата Ақшақарға сүйсіне қарап, қолынан ұстап:
- Міне, шын Ақшақар. Менің сүйікті немерем.
Ән айтып жүріп, балалардың басынан сипайды, атасының бетінен сүйеді.
(хоровод).
Барлығы отырады.
Аяз Ата: Мен қатты ыстықтап кеттім. Мені желпіші. Өзің де еріп кетпе.
Ақшақар: Қазір менің достармы ақшақарлар келеді.
Ақшақарлар би билейді.
Ойын «Кім көп сосулька іледі» қыздар ойнайды.
Ақшақар: Аяз Ата, сенің сыйлығың қайда? Сіз бір жыл бойы жинап едіңіз
ғой.
Аяз Ата: Міне, міне, Қарша қыз! Менің қабым шыршаның астында. Қазір
шешемін, барлығына сыйлықты таратамын.
Қаптың аузын шешкенде ішінен гном шығады.
Мен қапқа сыйлықтар салып едім ғой, бұл не деген ғажайып?!
Мынау гном ғой.
Гном: Мен жалғыз келген жоқпын, Белоснежка мен гномдар бар.
Белоснежка гномдармен келіп, тақпақтарын айтады.
Би «Гномдар»
Аяз Ата: Қарша қыз, естіп тұрсың ба? Телефон шырылдап жатырған
сияқты.
Ақшақар: Естіп тұрмын. Қайдан шығып жатқанын түсінбей тұрмын.
Екеуі залды айналып телефонды іздейді.
Қаршақыз қорқып қапты көрсетеді.
Аяз Ата: Қапшықтан ба? Түсінбедім, мен мұнда ойыншықтар салсам,
тосын сыйлар шығып жатыр. Қаптың ішін қарайды, Ішінен
Мыстан шығады:
Мыстан: Аяз Ата, сізді телефонға шақырып жатыр.
Аяз Ата: Мені, ол кім екен?
Алло?! Есенсіз бе! Бұл кім екен? Жақсы, жақсы. Келіңіз жаңа жыл
тойына! Қап, жолды білмейсіңдер ме? Қазір мыстан кемпір сізге
көрсетеді.
8-бөлім
Мыстан: Жақсылық жасаған әрқашан да жақсы. Менің сыпырғышым
қайда, ұшып барып келейін.
Мыстан Батырды алып келеді де:
Менің қандай мейірімді, жақсы екенімді көрдіңдер ме?
Рахмет. Рахмет қал біздің мейрамға.
Батырлар билейді, тақпақтарын айтады.
Ақшақар: Ата, енді қонақтарға сыйлықтарың қайда? Сенің сиқырың
қайда?
Аяз Ата: Бәрі орнында, Сиқырымның барлығы менің таяғымда. Сен маған
көмектес.
Мыстан: Мен де көмектесем, мен енді мейірімді болдым ғой.
АязАта: Сосулканы жина.Шелекке сал да, үстінен сиқырлы орамал
жауып қой. Бірақ ішіне қарама, шыршаны айналып шық.
Мыстан келеді, шелекте сыйлық болады.
Аяз Ата таяғымен шелекті сиқырлайды.
Жаңа жылда, жаңа жылда, сиқырлар көп ойласам.
Қане, қане, мұзшалар, сыйлыққа тез айналсын!
Мыстан: (кекетіп) Қайда сиқырың, шелегің орнында тұр, орамал да
өзгерген жоқ. Сыйлықтар болса жоқ.
Аяз Ата: Кел, Ақшақар, қарашы,солай ма екен?
Ақшақар ашады, сыйлықтарды көрсетеді.
Мыстан таң қалады. Бәрі шапалақтайды. Шелекті аяз Атаның алдына қояды. Қасында Ақшақар мен мыстан кемпір тұрады.
Аяз Ата: Жаңа жыл - қоянға берейін.
Келіңдер,Белоснежка,гномдар!
Үлкен шеңбер құрыңдар.
Сыйлықтар алыңдар «Қара жорға»
Енді, батырлар келіңдер! билеу
Мысық пен тышқандар шығады. Суретке түсу.
Қаршалар сыйлық алады.
Сыйлықты алып, шыршаны айналып, Аяз атамен қоштасып кетеді.