7


  • Учителю
  • Урок-конспект на тему 'Тұқым және жеміс' (2 класс)

Урок-конспект на тему 'Тұқым және жеміс' (2 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: тұқым және жеміс туралы меңгерту.Жемістер түрлерін топтастыру.Жемістердің шырынды және құрғақ түрлерін таныстыру.Жеміс ішінде тұқым барын әңгімелеу.

Дамытушылық мақсаты: білімді,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.Өсімдіктерді танып біліп,күте білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер,сөзжұмбақ,тірек сызбалар,слайдтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ә) кезекшілік мәліметін тыңдау.

б) топқа бөлу.

2. Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

Күн көзіне өздерінің көңіл күйлерін жазу

3.Зейіндерін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Күзде жапырақ неге сарғаяды?»

жасыл

су

қорек


Сұрақтарға жауап беру.

1.Жапыраққа жасыл түс беретін зат қалай аталады?

2.Жапырақтың түсі неге өзгереді?

3.Жапырақ неге түседі?

4.Жерге түскен жапырақтың,қураған шөптердің қандай пайдасы бар?


Бекіту сұрақтары.

1. Жапырақтың түсі қалай өзгереді?

2. Жапырақ өсімдікке қандай қызмет атқарады?


Жаңа сабақ: Тұқым және жеміс.

Тұқым өскін гүлден түйін жеміс жемістің ішіндегі тұқым.


Тұқым


сүйекті жұмсақ

өрік қызанақ

алхоры құлпынай

шие қияр

Жемістер

құрғақ шырынды

бидай өрік

жүгері шие

жаңғақ жүзім

бұршақ қияр

күріш қарбыз

тары қызанақ

үрмебұршақ алма

Көптеген өсімдіктердің тұқымын адам екпейді.Олар жел,жануарлар,су арқылы тарайды.Шырша мен қарағайдың бүрін тиін жинап,қысқа қор дайындайды.Ол қыста жасырып қойған қорын түгелдей таба алмайды. Көктемде сол желінбей қалған бүрлер өне бастайды.

көлеңке

дәрі баспана

Өсімдік

сусын тамақ


Өсімдіктердің ішінде шырынды дәрілік өсімдіктер бар.

Шырғанақтың жемісінен күйікке және жараға жағатын май алынады.

Итмұрынның жемісінен дәруменге бай дәмді қайнатпа және шырындар жасайды.

Таңқурайды суық тиген кезде шайға салып ішу өте пайдалы.

Шайқұрайды халық 99 аурудың емі деп санайды.Онда пайдалы заттар көп.

Жұпаргүл ас қорытуды жақсартады,суық тигенде көмектеседі.

Жолжелкеннің жараны емдеп жазуда көмегі көп.Жолжелкенді жараға жапсырып қойсаң,тез жазылады.


Сергіту сәті:


Зертханалық жұмыс: Әр топ жемісті кесіп,ішінде тұқымның орналасуын көріп шығады.

1.топ - алма

2.топ - қызанақ

3.топ - қияр

4.топ - бұрыш


Балалар табиғатты қорғау туралы не білесіңдер?

1.Гүлдерді жұлуға болмайды.Әдемі ашылған гүлдер табиғатқа қажет.

2.Көктем кезінде кез-келген жерге от жағуға болмайды.

3.Көбелек,ара жәндіктерін ұстауға болмайды.

4.Гүл ашқан жеміс-жидектердің гүлін жұлма.

5.Құстардың ұясын бұзба.

6.Бақа,жыландарды өлтірме,улы жыландар да табиғатқа керек.Олардың уынан бағалы дәрілер жасайды.


Ойын: «Бақшада ма,бақта ма?»

1.Алма

2.Шие

Бақ

Бақша

3.Қызанақ

4.Алмұрт

5.Қияр

6.Алхоры

7.Шабдалы

8.Жүзім

9.Сәбіз

10.Қарбыз

11.Қауын

12.Пияз


Болжау кестесі.

Бағалау: «Бас бармақ» арқылы

Кері байланыс:

1.Бүгінгі сабақта не ұнады?

2.Сабақтың қай жкері ұнамады?

3.Қай тапсырманы орындағанды қиналдыңдар?

Үйге тапсырма: «Тұқым және жеміс»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал