7


  • Учителю
  • Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация









Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру













































































Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген. Заман талабына сай педагогикалық теория мен практиканың даму кезеңінде актуальді проблеманың бірі- оқушының танымдық қабілетін арттыру. ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығы жөнінде: «Оқушыға мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Нәтижесiнде бiлімге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп атап көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларының таным мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай жобасы болуы керек:

- мақсат қою (мақсатты түсіну)

- мақсатты жүзеге асыру (тапсырманы орындау)

- нәтижені бағалау (бақылау, баға)

Математика сабағында төмендегіше проблемалық тапсырмалар қолданылады:

7 санының құрамын табу үшін сұқ саусақты ортаға қарай жылжыта отырып 7 және 0=7 6 және 1=7 5 және 2=7 4және 3=7 екендігін есте сақтайды.

Қорыта айтқанда, ойнай отырып ойлану- пәнге деген қызығушылықты арттырып, танымдық қабілетті дамытары сөзсіз.





Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.

Педагогикалық озат тәжірибенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

«Математика» пәнінің білім стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы барлық түрлеріне ортақ математикадан оқушылардың алатын міндетті білім деңгейін тағайыдайтын құжат.

«Математика» пәні бойынша бастауыш білім стандартындағы білім мазмұнын оның құрылымын анықтау төмендегідей ұстанымдарды ескеру арқылы жүзеге асырылады:

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру Ізгілендіру

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру Интеграция

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.

Математика да өнер сияқты таным әдісі. Оқушының таным әрекетін жақсарту үшін, ойын-сауықтардың, қызықты сұрақтардың, жұмбақтардың, мақал-мәтелдердің математикалық негізін біліп, оларды тұжырымдауда қолданылатын математикалық тілдерді меңгеріп, оқиғаны өмірмен байланыстырып, оның тәрбиелік мәнін ашып отыру қажет. Мұны математика пәнінің мазмұны да, оқу бағдарламасы да талап етеді. Көптеген зерттеу жұмыстары мен мектептегі озат тәжірибелерді баспа бетінде жариялау мұны мойындағанымен, оқыту үрдісінде қалай пайдалануға болатындығына нақты материалдың жоқтығы мәселені қиындата түседі. Біздің зерттеуіміздің теориялық та практикалық маңызы бар.

Математика күрделі пән болу үстіне, ол ақыл-ой оралымдылығына, әлем бірлігін түсінуге қызмет етеді. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәні мен практикалық мазмұны математиканы мектепте оқытудың білім беру мақсатымен ұштасып жатады.

Математикалық білім стандартында математикалық білім, білік, дағдыларды игеру, танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға, еңбекке бейімдеу, оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту көзделген. Сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтың және ұлттың болмысты дүниежүзілік мәдени мұраларын үндестіру, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау арқылы баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруға басымдық берілген.

Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.

Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру - мұғалімнің міндеті.

Осы міндеттен бастауыш мектеп мұғалімінің оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін оның теориялық негізін, қолданыс алысын және практикада пайдаланудың жолдарын игеру қажеттілігі туындайды. Бұл біздің алып отырған зерттеу жұмысымыздың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Тақырып бойынша жұмыс жүргізілген сабақтар тізбесінен үзінді.





Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік мақсаты: 5 - ке көбейту кестесін және соған сәйкес бөлу

жағдайларын құрастыру. 5 - ке көбейтудің кестелік

жағдайлары туралы түсінікті, тапсырмаларды ойын

түрінде өткізу.

Дамытушылық мақсаты: Жаңа сабақтың мәнін аша отырып, есептерді,

теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын

жетілдіруге, көбейту және бөлу амалдары бар

есептерді шығару арқылы біліктілігін,

дамытушылық ойын қалыптастыру.

5-ке көбейту және бөлу кестесін слайдтар арқылы

баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен

жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Жаңа білімді меңгере білуге, әдептілікке,

ұқыптылыққа, адамгершілікке,

ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие беру.

Әдістемелік мақсаты: Ақпараттық - коммуникациялық технологияны

пайдалану арқылы оқушылардың білім - білік,

іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: .Интерактивті.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.

Қолданылатын әдебиеттер: Т.Кучер.т.б. Математика. - Алматы:

«Атамұра»,2010

Т.Оспанов. Бастауыш сыныптарда математиканы

оқыту.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Кіріспе бөлімі.

1. Үй жұмысын тексеру.

2. Жаңа сабақты жариялау.

3. Сергіту сәті.

III. Негізгі бөлімі.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Сабақты қорытындылау

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Бағалау.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу. Құрал - жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.

II.Кіріспе бөлімі.

  1. Үй жұмысын тексеру.

  • Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығарған болатынбыз. Ал енді қазір оны қанша меңгергендеріңді байқау үшін сұрақтар қоямын.

  • Балалар, заттардың құнын табу үшін не істейміз?

  • Дұрыс айтасыңдар. Заттардың құнын табу үшін, бір заттың бағасын заттардың санына көбейту керек. Ал енді, заттың бағасын табу үшін қандай амал орындау керек?

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, заттың бағасын табу үшін, олардың құнын заттардың санына бөлу керек.

  • Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау керек екен?

  • Әрине балалар,дұрыс айтасыңдар. Заттардың санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.

  • Рахмет балалар, сендер өткен сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер.

  • Енді, үйге берілген тапсырманы тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?

  • № 9 есеп. Теңдеулерді шешу.

(Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы, үй тапсырмасын тексеру)

№ 9.

89+х=134

х=134-89

х=45

8Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру9+45=134

134=134

х-29=161 х+100=137

х=161+29 х=137-100

х=190 х=37

1Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыруБастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру90-29=161 37+100=137

161=161 137=137

  1. Жаңа сабақты жариялау.

  • Енді бүгінгі жаңа тақырыппен танысайық. Жаңа тақырыбымыз «5 - ке көбейту және бөлу кестесі.»

  1. Сергіту сәті.

Жасағанда жаттығу,

Керек емес аптығу.

1,2,3. 1,2,3.

Жинап алдық міне күш!

III. Негізгі бөлімі.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Енді балалар, дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.

(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.)

  • Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «5 - ке көбейту және бөлу кестесі.»

Кітаппен жұмыс.

  • Балалар, №1 есепке қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық.Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?

  • Иә,дұрыс айтасыңдар.Қосу амалдары арқылы табылған. Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз - 5-ті 5-ке 5 рет қосу.

  • Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайықшы.Қандай айырмашылығы бар екен?

  • Дұрыс, оң жақта 5-ке көбейту кестесі, ал сол жақта сол көбейтулердің қосу амалдары берілген. Бірақ екеуінің мәндері бірдей. Себебі, сол жақ теңдіктегі амалдар, оң жақ теңдіктегі көбейтудің қалай орындалатынын көрсеткен.

  • Ал енді, неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?

  • Дұрыс айтасыңдар, себебі 5-ті 5-ке көбейту үшін, 5-ті 5-ке 5 рет қосу керек. 5-ті 6-ға көбейту үшін, 5-ті 5-ке 6 рет қосу қажет.

  • Ал,енді №2 есепке назар аударайық. Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.

6·5=5·6

7·5=5·7

8·5=5·8

9·5=5·9

- Дұрыс, мұнда тек қана орындары ауыстырылған. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан, көбейтінділердің мәні өзгермейді.

- Ал енді балалар, №3 тапсырмада бізге 5-ке көбейту кестесін аяқта деп жазылған.

(Оқушылар тапсырмадағы 5-ке көбейту кестесін аяқтайды.)

Тақтамен жұмыс.

  • Ал, енді бәріміз №4 қарастыру үшін тақтаға қарайық. Тақтада 5-ке көбейту кестесі мен 5-ке бөлу кестесі жазылған.

(№1 слайдқа назар аудару.)

  • Балалар, неге 25:5=5 ?

  • Дұрыс айтасыңдар. Себебі, 5·5=25.т.б.

  • №5 орындаймыз.

5*6=30 5*5=25 30:5=6 35:7=5

  • №6.

(«Алтын балық» ойынын ойнату арқылы орындау.№2 слайдқа назар аудару.)

Өрнектер құр және олардың мәндерін тап.

5·6=30 10:5=2

5·4=20 20:5=4

5·3=15 15:5=3

5·8=40 30:5=6

  • №7 есепке назар аударайық.

  1. Қауынның массасы 5 кг. Осындай 7 қауынның массасы қанша?

Яғни, 5*7=35кг

  1. 5 ашық хатқа 25 тг төленді. Бір ашық хаттың бағасы қанша?

Шешуі: 25:5=5, Жауабы: 5 тг төленді.

  1. 1 жапсырғыштың бағасы 5 тг. 40 теңгеге осындай неше жапсырғыш келеді?

40:5=8.

  • Ал енді балалар, №8 амалдарды орындайық.

656-98=558

306+87=393

300:100=3

(354+636)-920=70

720-(384+216)=120

90·10-756=144

40·7-40·5=80

70·3+70·2=350

80·3+30·2=300



- №9.

4·b өрнегінің мәнін тап, мұндағы b=1; 2; 5; 8; 9; 0.

4·1=4

4·2=8

4·5=20

4·8=32

4·9=36

4·0=0



№11. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:

6:5 = 1 (қалд.1)

7:5 = 1 (қалд.2)

8:5 = 1 (қалд.3)

9:5 = 1 (қалд.4)

11:5 = 2 (қалд.1)

12:5 = 2 (қалд.2)



№13. Тура теңсіздіктер шығу үшін бос тор көздерге қандай санды жазу керек:

45:5 > 2+5;

30:5 < 40:5-1;

35:5-2·3>9-9;

25:5+6>8·1;

Өздік жұмыс.

№14. Есепте:

6·5=30 5·9=45 5·6=30 9·5=45 8·5=40

45:5=9 35:5=7 40:5=8 30:5=6 25:5=5

5·8=40 5·7=35 7·5=35 5·5=25 20:5=4



IV. Сабақты қорытындылау.

  • Ал балалар, сендер 5-ке көбейту және бөлу кестесін толықтай меңгере білдіңдер ме? Ал онда тексерейік.

(№3 слайдқа назар аудару.)

  1. Үйге тапсырма беру.

Балалар, үйге №10 және №12. №10 -ға назар аударайық. Мұнда 1) Саяжайға орындықтар орнату үшін әр орындыққа 2 шұңқырдан қазу керек. Түске дейін 6 орындық, түстен кейін 4 орындық орнатылады. Неше шұңқыр қазылды?

2) Күзгі гүлзарда жұлдызгүл мен күзгүлі өсіп тұр. Жұлдызгүл әр қатарда 10 гүлден 5 қатар және 42 күзгүл болды. Күзгі гүлзарда неше гүл өсіп тұрды?

№12. Қандай фигуралар қиылысады? Фигуралардың қиылысуынан пайда болған шаршының периметрін тап.

  1. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалаймын.

  • Осымен, біздің сабағымыз аяқталды. Барлығыңа рахмет.













І. Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылылардың 7 санының құрамын ажыратуға, сәйкес теңдіктерді жазуға , оқуға машықтандыру





Дамытушылық: Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға, саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, топтық түсіндіру, шығармашылық сабақ.

ІҮ. Сабақтың түрі: Ертегі сабақ

Ү. Сабақтың көрнекілігі: Суреттеу, үлестірмелі қима қағаздар, сандар тізбегі

ҮІ. Сабақта пайдаланған әдебиеттер: Оқулық, әдістеме, журналдар.

ҮІІ. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

1) Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз





2) Оқушылардың сабаққа дайындығые қадағалау

ә) Үй тапсырмасые тексееру:

Үйге берілген 7 саны және цифры тақырыбы бойынша сұрап шығу 0-ден 7-ге дейін оңға және кері санату. Өтілген сандар құрамын анықтау.

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру



б) Жаңа сабақ:

1, 2, 3

Жинап алдық күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз

ЕБастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыруртеде 1 ешкі мен 7 лағымен суатқа су ішуге келсе алдынан ашыққан қасқыр тап беріп, қуа жөнеледі. Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі басқалардан адасып қалыпты. Бүгінгі сабақта адасқан лақтың өз тобына қосылуына көмектесуіміз керек. Ол үшін алдымен 7 санының құрамымен танысамыз.

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру







7 санына байланысты ұғымдарды айтып өту.

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру



























Оқулықпен жұмыс: Лақ келе жатып жолды көреді. Жолдың жағасында гүлдер өсіп тұр. Көмекке келейік.

№1 сұраққа жауап бер

1) Барлығы 7 гүл. Олардың сарысы 4, қызылы 3.

Оң жақта -2

Сол жақта -5

2) Азайғышы 7 болатын немесе айырма құруға болады. (Ауызша орындалады.)

Балалар, 1 тапсырманы орындау арқылы біз лаққа жемісін жеуге көмектесейік. Лақ ұзын жолға түсіп келе жатқанда, кенет алдынан аш қасқыр тағы да шыға келеді. Қасқырдан құтқару үшін біз бірнеше тапсырманы орындап көреміз.

№2 Нәтижесі 7-ге тең болатын қосу амалына мысалдар құрастыру:

6+1 =7 4+3=7

5+2 =7 7+0=7

№3 Өлше, салыстыр

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру



см ?





см ?

см - см = см

7 - 6 = 1 см

7 см > 6 см

6 см < 7 см



№4 орындықтардың нөмірлерін анықтау

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру













Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру











3 тапсырманы орындау арқылы бізден ашулы қасқырдан да құтқардық. Бір кезде алдынан қу түлкі шығып, лақты жеудің айласына көше бастайды. Оны жемес үшін не істеуіміз керек? Ол үшін біз тапсырманы тездетіп орындап жіберейік





Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру



















7-1=6 5-1=4 2-1=1

6-1=5 4-1=3 1-1=0





№5 Математикалық жұмбақ

  1. Жаңа ғана шалғында,

7 бұзау жүр еді,

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Жүргенін айт айырып. 7-1=6

2) Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналып.

Алдым үзіп 5-еуін

Тағы да алдым 2-еуін

Алдым сонда нешеуін 7

Түлкіден құтылып келе жатса, алдынан үлкен тау шығады. Ол өте алмай сендерден көмек сұрайды.

№6 Қайсысы аптаның қай күндері туған?

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру





























4-2=2 7-2=5 3+3=6 3+1=4

6-3=3 4+3=7 2-1=1

Балалар, біздің бірнеше тапсырмамыз қалды. Сол тапсырманы орындап боламыз дегенімізше лақ үйіне жетеді. Оқушының алдына сандар беріледі. Мен ауызша айтамын. Оқушылар құрайды. Кеспе әріптерден амалдар құрастырып орындайды.

5+1=6 3+2=5 т.б

Үлестірмелі қима қағаздар таратып, жауап алу. (геометриялық фигураларға байланысты.)

6) Сабақты бекіту: «Тауық және балапан» ойыны.

7) Сабақты қорытындылау: 7 санының құрамынт ауызша сұрау. Балалар сендердің білімдерің арқылы лақ өз тобына қосылды.

8) Үйге тапсырма: Оқушыларды мақтап, бағалап. Үйге 7 санына, 7 ата, 7 кереметті біліп келу.





Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Мақсаты: оқушылардың жай есептерді шығару үшін білім, білік дағдыларын жетілдіру.Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру

Математикалық диктант 1.Дәптер 10 теңге.Осындай 10 дәптер қанша тұрады?

2.Алманың 100 теңгесі бар, ол оның 55 теңгесіне журнал сатып алды.Алманың қанша теңгесі қалды?

3.Кітаптың 10 беті бар, ал журналдың 15 беті бар. Кітаптың журналға қарағанда қанша беті артық?

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

4.Түсіну. №1 Мектепте 478 ұл және 370 қыз бала оқиды.Мектептегі барлық оқушылар саны қанша ?

478 +370 = 848

Кері есептер құрастырып , оларды шығар.

Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру

848 - 478 =370 қыз

5.Қолдану №2 ,№ 3

6.Талдау. Жұптық жұмыс №4 есептер құрастырып, оларды шығар

Әкелді - 350 к Болды- ? м

Таратты - 70к және 80к Кесті- 35 м , 15 м

Қалды - ? к Қалды - 65 м

350- (70+80) 65+(35+15)

7.Жинақтау Өтілген материалмен жұмыс

№5, №6 қосындының , айырманың мәнін табу

№7 теңдеулерді шешу

№8 салыстыру

8.Үйге тапсырма : №9,10 - 7 бет

Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер

Сабақтың мақсаты: 1. Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара

алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының

ұзындығын таба алуға дағдыландыру.

2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;

3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке қамқорлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, көрнекіліктік.

Көрнекілігі суреттер, интерактивтік тақта

Сабақтың барысы: І.Ой қозғау

1.Психологиялық дайындық Шаттық шеңбері: -Балалар, біз бүгін сабақта қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінеміз.Өлең жолдарын бірге қайталайық: Қайырымды жүрекпен, Мейірімді тілекпен, Ізгілікті ниетпен Қамқор болып өсемін. -Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы болады Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі. Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады. -Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті? -Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады? Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды: -Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.Құстарды таспен, доппен атып ойнауға болмайды. Ал қазір біз допты торға лақтырып ойнаймыз.

1 - тапсырма (ауызша есептеу) «Кім мерген?» ойыны. - Берілген өрнектер туралы не айтуға болады? - Нені байқадық? Қосудың компоненттерін ата. - Екінші қосылғышты табу үшін не істейміз? - Ал үшінші қосылғышты табу үшін не істейміз? **Тапсырманы қорытындылау. Сонымен үшінші қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен екі қосылғыштың қосындысын азайтамыз.

Демек бүгінгі біздің тақырыбыз:Үшінші қосылғышты табуға берілген есептер Сабақтың мақсатын оқушылар шығару. ІІ.Мағынаны ажырату.

Көркем жазу минуты.

Өрнектерді жазу 6+8 12-6 9+8 15-7

Оқулықпен жұмыс №2-тапсырма.

Есептерді салыстыр және оларды шығар

а) 7м 4м 8м ? ә) 7м 4м ?м 19м -Бұл есепте нешінші қосылғыш белгісіз?

Белгісіз қосылғышты әріппен белгілеуге бола ма?

Ал ендеше өрнек құрастырайықшы.

7м + 4м + а ═ 19м -Бұл өрнекті не деп атауға болады? -Теңдеу

-Теңдеу дегеніміз не? Теңдеу түрлерін ата. Ендеше бұл есепті теңдеу құрастыру арқылы шығарып көрелік. 7м + 4м + а ═ 19м 11м + а ═ 19м а ═19м - 11м а ═ 8м №3-тапсырма.Құстардың дауысы. - Балалар қыстан кейін қай мезгіл келеді?Көктем мезгілі туралы не айтар едіңдер? Ендеше көктем мезгілінде ең бірінші ұшып келетін құсты ата. Ұзақ. Ұзақ сендерге латынның бір әріпті тістеп алып келіпті.

Р әрпі.Математикада бұл әріп туралы не айтуға болады? Периметр дегеніміз не? Үшбұрыштың периметрін тап. ?см 3 см 6см

Сергіту сәті «Шатаспа» ойыны

Ойынның мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру. Керекті заттар: кубик 4-тапсырма .

Ойлан,тап Үш амалдан тұратын бес 2-ден 20 санын шығар 5-тапсырма Қосу,азайту таңбасын қой + - 6-тапсырма.

Өздік жұмыс.Орындап болғасын тапсырады. 6 оқушы оқиды. Семантикалық карта мысал 55 88 76 31 3 64 67+9 100-45 56+32 56+8 50-19 70-67

ІІІ.Ой толғаныс Сурет бойынша есеп құрастыр. Барлығы-35 құс шіл -11 құр-? саңырауқұр-15 -Не үйрендік? -не білдік?

Үйге тапсырма №7,8.Бағалау







Тақырыбы: 8-ге,9-ға көбейту және бөлу.

Мақсаты: 1. 8-ге,9-ға көбейту және бөлу кестесін ұғындыру.Амалдарды орындау,теңдеулерді шешу,есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін білімдерін кеңейту.

2.Сөз есептер арқылы логикалық ойлауын,есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын тиянақтай білуге қалыптастыру.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке,іздемпаздыққа, сабақ барысында ұжым болып жұмыс істеуге, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:дәстүрлі

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ауызша есептеу,теңдеулерді шешу.

Көрнекілігі:түсті қағазда бірліктерді көрсету,слайд.









Психологиялық дайындық













Математикалық диктант























Үй тапсырмасын тексеру





























Жаңа сабақ









Оқулықпен жұмыс

1 тапсырма



















Дәптермен жұмыс

2 тапсырма

(ауызша)





















Сергіту сәті































3 тапсырма











6 тапсырма



Қорытынды



Үй тапсырмасын беру



Бағалау



Көңіл күйіміз оданда жақсы болу үшін менімен бірге мына өлең жолдарын қайталаймыз.

Сабағымыз басталды

Қосамыз да,аламыз,

Көбейтеміз,бөлеміз,

Математиканы білеміз

Сондықтан да сүйеміз.

-Жарайсыңдар, балалар!

-Орнымызға отырамыз, қане оқушы қалай отыруы керек...

-Қолымыз партада, аяғымыз еденде, бойымыз тік. Жарайсыңдар балалар!.

Қазір балалар математикалық диктант жазамыз.

50*10=500 40*2=80 40:2=20

60*20=1200 300*100=3000 600:3=200

200*20=4000 100*10=1000 300:3=100

-Өте жақсы балалар!

-Қате жоқтарға-«5»

1-қатесі барларға-«4»

2-қатесі барларға-«3»

4-тен көп қатесі барларға-«2»міне осылай бағаланады.



Балалар үйге қандай тапсырма берілді?Қане үйге берілген тапсырманының шартын кім оқып береді?

-Барлығымыз үй тапсырмасын толық орындап келдік пе? Олай болса тексерейік.(есептің берілгенін бір оқушы тұрып оқиды және шығарылуын айтады, ал қалған оқушылар сол арқылы есептерін тексереді).

-Өте жақсы балалар!

Барлығымызда есептің жауабы осылай шықты ма?

-Кімде жауабы дәл осылай шықты орнымыздан тұрамыз.

- Өте жақсы

-Балалар біз өткен сабақта 7-ге көбейту және бөлу кестесін өткен болатынсыңдар! Олай болса көбету кестесін қайталап жіберейікші 2-7дейін.

Өте жақсы балалар көбейту кестесін біледі екенсіңдер!

-Қане дәптерімізді ашып 4 тор көзден кейін бүгінгі күнді жазамыз.

Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «8-ге,9-ға көбейту және бөлу».

Кітабымыздың 150беттегі № 1есепке назар аудароайық. а)Қоянның әр секіргенде 8 бірлік бар.3,6,8 секіруде қанша бірлік бар.

8-ге көбейту және бөлу кестесін құрастыр және жаз.

8*8=64 9*8=72 64:8=8 72:9=8

8*9= 72 72:8=9



Жарайсыңдар, балалар! Оқулықтағы №1есептің ә-сін орындаңдар!

-Ия дұрыс айтасыңдар!



аБастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында таным қабілеттерін арттыру)Апельсин-8кг-нан 5жәшік

? кг артық

Лимон-9-кг-нан 9жәшік



Жауабы: (9*8)-50=22кг



ә)Жиналды-9кг-нан 8шелек

Сатылды-50кг

Қалды-41кг

Жауабы:41кг

-Барлығы неше шелек әкелінді?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Ал балалар, тұрайық бойымызды бір сергітіп алайық.

Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді,

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақ.

Бір,екі,үш,бір,екі,үш.

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық,

Бір, екі,үш,бір,екі,үш.

-Орнымызға отырамыз. Қане оқушы қалай отыруы керек?

-Қолымыз партаның үстінде, бойымызды тік ұстаймыз.

-Ал енді 3-ші тапсырмаға назар аударамыз. Бұл есепке тақтаға екі оқушы шығады ,ал қалғандарымыз орнымызда отырып орындаймыз.

(11+22+33)+(44+66+77)+(88+99)=440

(450+20+50)+(450-20-50)=900

(45+12+95)-(91+42+19)=0

(350+105+250)-(111+28+459)=107

-Өте жақсы, балалар!Есепті дұрыс шығарыпсыңдар!



Ал, енді балалар6-шы тапсырмаға назар аударамыз.

Теңдеулерді шешеміз.

100-x=35 y-78=12 81:y=9

-x=35-100 y=12+78=90 y=81:9

-x=65 y=90 y=9



x*9=72

x=72:9

x=8

-Сонымен біз бүгін сабақта не білдік?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

- Барлығымыз жаңа сабақты түсіндік пе?



-Олай болса үй тапсырмасын жазып аламыз, күнделігімізді ашып 153 беттегі № 7,8,9 тапсырмалар.

Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларға жақсы деген баға қойылады.





Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар



Геометриялық пішіндер»

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.

Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.

Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пішіндерді пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.

Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:

а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;

б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;

в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.

Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.



«Дәл осындай пішінді тап»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.

«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.



«Вагондарға дөңгелек таңдау»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.



«Үй құрылысының ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Бет орамалға лайық жамауларды табу»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.

Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.



« Жұбын тап»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.



«Әдемі кілемшелер»

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.



«Таныс пішіндер доминосы»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.

«Гараждар»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар.

Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.



«Өз үйіңді тап»

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.

Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.



«Зейінді бол»

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5-сурет/.

Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?

Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.



«Мынау қай пішін?»

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5-түрі.

Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

«Кім зейінді?»

Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.

Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.

Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.



«Қандай пішін шықты?»

Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.

Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары

Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.

Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?



«Біркелкі пішіндерді сана»

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)

Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.



«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту.

Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.

Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.



«Қандай пішін жетіспейді?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)

Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.



«Пішіндерді боя»

Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету.

2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер

Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар

«Сиқырлы суреттер»

Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.



«Сиқырлы қапшық»

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.



«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны: Балалар сипап - сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.



«Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.



«Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.





«Шамдар»

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар

Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.



«Қолымда не бар?

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.

Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.



«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.

Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.



«Тапсырманы орында»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.



«Қай қолымда көп»

Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар-моншақтар, түймелер

Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.



«Сипаттамасы бойынша тап»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.



«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.



«Түрлі-түсті жолақтар»

Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.



«Ұзын және қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.



Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар

«Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.



«Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары-төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.



«Оң және сол»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.



«Суреттерді орналастыр»

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.

Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.



«Танып ал да, атын ата»

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.



«Тәулік бөліктері »

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер

Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.

«Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

«Доппен ойнау»

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: доп.

Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.

«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.

2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.

Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.

«Ойыншықты тап»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Көрнекілік: Топтағы ойыншық.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.



«Жоғарыда-төменде, биік-аласа»

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.

Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.



Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар

«Автобус»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Сандық карточкалар.

Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы

5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.



«Сан құрастыр»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Суретті карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.

Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде-1 дөңгелек, біреуінде-3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.

«Ою құрастыру»

Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.

Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.

Барысы:

1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.

2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады.

Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.



«Поезд құрастыр»

Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.

Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.

Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.



«Заттарды сана»

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.

Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.

Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау.



«Дыбыс арқылы санды тап»

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.

Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.

Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.

«Тез ойла»

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.

Көрнекілік: Топтағы заттармен.

Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.



«Қанша? Қандай?»

Мақсаты: 1. 10-ға дейін санауды бекіту.

2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.

Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)

Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.



«Әрі қарай кері сана»

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.

Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.



«Жазылмай қалған сандарды ата»

Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.

Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.

Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.

«Қуыршақтардың сыйлықтары»

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.

2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Көрнекілік: Қуыршақ, шарлар.

Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.

«Жәндікте неше аяқ бар?»

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер

Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.



«Нешінші?»

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.

Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.

Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.

«Қай қолымда көп?»

Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.

Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.



«Қол соғу»

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.

Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек

Барысы:

1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.

2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.

Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

«Өзара айырмашылығын тап»

Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.

2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы.

Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.



«Қанша болса, сонша»

Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.

Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)

Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.



«Керісінше айт»



Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.

Көрнекілік: доп

Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.



«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?»



Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана)

Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды.



«Апта күндері»

Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету.

Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка.

Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.



«Қиындыларды дұрыс бөл»



Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру.

Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл, 2 сары, ең ұзын-сары, ең қысқа-қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары қиындылар жиынтығы.

Барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады.

1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң жаққа, жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады.

2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою.

3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар қою.

4- тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір қатарға қою.

Тапсырманы дұрыс орындаған столдағы балалар жеңімпаз атанады.



«Қандай сандар жетіспейді?»



Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.

Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.

Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.



«Көрші-көрші»



Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.

Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.







Бой сергіту сәтінде пайдаланатын математикалық тақпақтар



1.Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

2.Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Сағатқа қарап ап

Жаттығу оңай-ақ.

3.Қақпаға туралап,

Теп допты, оң аяқ

Қақпаға туралап,

Теп допты сол аяқ,

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.



4.Доп безек қағады,

Секіріп еденде

Біресе жоғары

Біресе төменге

Жаттығу оңай-ақ.



5.Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат жасайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық..



6. 1, 2, 3

Дем аламыз жинап күш.

«5»- тік баға аламыз

Қуанып үйге барамыз.



7. Ал балалар тұрмайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бр тұрып

Біз тынығып алайық.



8. Тік ұста бойыңды

Жоғары соз қолыңды.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойнына.

9. Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз

Бесті беске қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Жасырып ем бесеуін,

Қалды мұнда нешеуі?

Бесеу екен қалдығы,

Нешеу еді барлығы?



10.Сол аяқ, оң аяқ,

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.



Жұмбақтар

Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.

(Аптаның 7 күні)

«Бәрі нешеу»

Асан ,Айша екеуі,

Қос қуыршақ,

Бір құлыншақ,

Екі ойыншық

Құстай ұшып,

Үйден шықты.

(Жетеу)

Дүкеннен көп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дептер бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бәрі?

(Алтау)

Туысқан бес кісі,

Бірінен-бірі кіші

Бәрінің аты бір

Ең кішісі шеткісі

(бес саусақ)

Бес балада бір бешпет,

Бір киініп, бір шешпек.

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.

(он саусақ)

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

Бір алма апама,

Бір алма атама.

Екі алма беремін

Мамам мен папама.

Нешеуі қалады табақта?

(үшеу)

Бір үйде біз нешеуміз

Кел санайық екеуміз:

Бас бармағым-папам,

Балаң үйрек- апам,

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек,

Титтей бөбек сен

Бір үйде біз нешеуміз?



</ Жаңылтпаштар



Бір ақ шымшық,

Екі ақ шымшық.

Үш ақ шымшық,

Төрт ақ шымшық.



Пеш үстінде бес мысық,

Пеш ішінде бес мысық

Бес күзетші.. бес пысық.



Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім

Неше кіші ішік піштім.



Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш.



Есет атам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар.



Аппақ, аппақ, бәрі аппақ,

Ақ қар аппақ, бәрі аппақ.

Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ

Ақ сүт, айран, қант та аппақ.



Бес түп алма,

Бестік алғандыкі.

Төрт түп алма ,

Төрттік алғандыкі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал