- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему: Кітапхана
Открытый урок по казахскому языку на тему: Кітапхана
«Кітапхана».
Пәні:
Қазақ тілі
Сыныбы:
3 сынып
Мақсаты:
Танымдық: кітапхана туралы түсініктерін қалыптастырады.
Эмоциялық: кітаптың -білім қазынасы екендігі туралы ойлау дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға дағдыланады.
Әлеуметтік: топтық жұмыста оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Сабақ міндеттері:
-Логикалық ойлау қабілеті мен қиялын дамыту, ертегіні талдау, салыстыру, болжау жасау арқылы дамыту, бірлесіп жұмыс жасай отырып,оқушының өз пікірін білдіруге, өзгенің ойын тыңдауға, ойын дәлелдеуге баулу, парасатты, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ қадамдары:
1. Жаңа сабақты игеру;
2. Өзара ынтымақтастыққа негізделген бірлескен жұмыс түрлері.
Оқып -үйренуден күтілетін нәтиже:
Тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады, өз ойларын ашық айтады, топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, қабілеттерін танытады, нені қалай оқу керектігін түсіне бастайды, өзін-өзі бағалайды, топта өзара бағалау жүргізеді, бағалаудың мәнін түсінеді, сын тұрғысынан ойланып, ой-пікірін айтуға үйрене бастайды.
Негізгі идеялар:
Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушының ойлау дағдысын, мәнерін, тапсырмаларды орындап шығуға ықпал жасау.
Тапсырмалар:
Блум таксономиясына негізделіп құрылған тапсырмалар
Сабақ түрі:
Жаңа сабақ
Сабақ әдісі:
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Топпен ойлан, бөліс» стратегиясы, «Сиқырлы сұрақтар» стратегиясы, «Жылы лебіз» аукционы, топпен жұмыс ,рефлексия, бағалау.
Көрнекілігі:
Тақырып бойынша таныстырылым, бейнесюжет, интербелсенді тақта, үлестірме, қима қағаздар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Үй тапсырмасы;
III. Жаңа сабақ;
IY. Жаңа сабақты бекіту;
Ү. Бағалау.
YІ. Үйге тапсырма.
YІІ. Рефлексия.
Сабақ кезеңдері
Жүргізілетін жұмыс түрлері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу.
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық жағымды орта қалыптастыру.
3 мин
- Балалар сіздерді сағынғандықтан, бүгінгі кездесуімізге асықтым. Кәнекей, тезірек өзімізден шаттық шеңберімізге тұрып, бір - бірімізді қарсы алайық. Оқушылардың сабаққа деген көңіл-күйлері мен жағымды орта қалыптастыруда мұғалім оқушыларды ортаға шақырады.
Күн жарығын ңхалақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
«Шаттық шеңберіне» жиналған оқушылар бір-біріне жақсы тілектер атйып шығады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын мәнерлер, дауыстап оқып шығады.
Оқушыларды топқа бөлу.
«Мозайка» әдісі арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
3 мин
Мұғалім оқушыларға кітаптың, газеттің, журналдың суреттерін таратып, топқа бөледі.
- Балалар, бүгінгі сабақта
3 топқа бөлінеміз: «Газет», «Кітап», «Журнал».
Бүгінгі топ жұмысын өзім бағалап отырамын.
Әр топтың дұрыс жауабына жүрекшелерді таратамын.
Таратылған суретте бойынша топқа бөлінеді.
«Бағалау».
Мұғалім бүгінгі сабақта орындалатын тапсырмалар жүйесімен таныстырады.
- Бүгінгі топ жұмысын өзім бағалап отырамын.
Әр топтың дұрыс жауабына жүрекшелерді беремін.
Әр топ орындалған тапсырмаларына «жүрекше» алып отырады.
Үй жұмысын тексеру
«Қызығулы-шылықтарын ояту»
Білу
Үй тапсырмасы:
«Миға шабуыл».
5 мин
Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтарын таратады.
Оқушылар таратылған тест сұрақтарына жауап береді.
Жаңа сабақ
Түсіну
«Ой қозғау».
Шығармашылық жұмыс.
5 мин
Үш топқа үш сурет таратып береді, сол сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру тапсырмасы беріледі..
1. кітаптың суреті
2. газеттің суреті
3. журналдың суреті
Оқушылар топ мүшелерімен бірге ақылдаса отырып, берілген суретке сөз тіркесі мен сөйлем құрастырды.Оны әр топтан бір оқушы шығып, айтып береді.
Мұғалім сөзі:
Ал, енді, балалар, «Осы кітап, газет-журналдар қай жерде өте көп ?
Оқушылар әүртүрлі жауап айтады, жаңа тақырыптың атауы оқушылармен анықталады. «Кітапхана».
Мәтінмен алды жұмыс
3 мин
Мәтінмен жұмыс
Мәтіннің мазмұнын ашуда мәтінмен жұмыс түрі жүргізіледі.
7 мин
Жаңа сөздермен жұмыс
кітапхана-библиотека
қабат-этаж
кітап-книга
ертегі-сказка
оқу-читать
көру-смотреть
1-тапсырма
Мынау -біздің кітапхана. Біздің кітапхана бірінші қабатта. Кітапханада көп кітаптар бар. Оқушылар кітапханадан көп кітап алады.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1.Кітапхана нешінші қабатта?
2.Кітапханада нелер бар?
3.Оқушылар кітапханадан не алады.
Оқушылар жаңа сөздерді қайталайды. Жаңа сөздермен сөз тіркесі, сөйлем құрастырады.
Әр топ мәтінді топпен оқып, талдайды. Топтан бір оқушы шығып, мәтіннің мазмұнын айтып береді.
Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы дәптерлеріне жазады.
Талдау
«Топпен ойлан, бөліс» стратегиясы.
2 мин
Мұғалім оқушыларға «Бауырсақ» ертегісінің кітабын көрсетеді..
Оқушылар ертегінің мазмұнымен танысады.
Сиқырлы сұрақтар:
3 мин
Сұрақтармен жұмыс:
-Бұл ертегі қалай аталады?
Бұл қызық ертегі ме?
-Бауырсақ кімнен қашты?
-Бауырсақ қалай ән салды?
-Бауырсақты кім жеп қойды?
Оқушылар берілген сұрақтарды топта талқылайды, дұрыс жауабын айтады, өз ойларын дәлелдейді. Өздерінің айтқан пікірлері арқылы тақырыпты жинақтайды.
Сергіту сәті
«Жұмыр қылыш» биі.
3 мин
Оқушылар ортаға шығып, сергіту сәтін жасайды.
.
Жинақтау
«Менің мектебімнің кіиапханасы қандай?»»
Постер әзірлеу немесе кластер құру.
5 мин
Мұғалім тапсырманың орындалуын түсіндіріп береді.Флипчарт таратып береді.
Оқушылар берілген флипчартқа өздерінің кітапханасын салады. Оны топтан бір оқушы шығып қорғап шығады.
Синтез
Бағалау
</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың барлық кезеңі бойынша орындалған тапсырмаларға «жүрекше» таратылады.
Жүректен жүрекке»
- Балалар, біздің мектептегі кітапханадан Ақыл, Бақыт періштелері бар екен. Олар бізге көрінбейді. Олар сендерді бақылап, жақсы істеріңе риза болып жүреді. Мына қорапшаны бізге сол періштелер беріп жіберіпті.
Ішінде жүрек бар екен. (Оқушыларға бір-бір жүректен таратып береді.)
.
Оқушылар жүректі ұстап тұрып, өздерінің ой-пікірлерін айтады немесе жүрекшеге тілектерін жазып шығады.
Үй тапсырмасы:
Шығармашылық жұмыс: «Ертегіні оқып, мазмұндау».
Мұғалім берілген жұмыс түрінің мақсаты мен мазмұнын оқушыларға түсіндіреді.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.