7


  • Учителю
  • Литература 4 класс 'Әке тәлімі'

Литература 4 класс 'Әке тәлімі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі Алтай Аманжолов.Сабақтың мақсаты:1.Білімділік Мәтіннің негізгі ой-идеясын аша отырып,жаңа сабақты таныту: Өз ойларын жинақы, көркем тілмен жеткізе білуге ұштастыру.2.Дамыту. Оқушылардың тілдік қорларын молайту әр оқушының ойына, қиялына, дүн
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Әке тәлімі

Алтай Аманжолов.

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік

Мәтіннің негізгі ой-идеясын аша отырып,жаңа сабақты таныту:

Өз ойларын жинақы, көркем тілмен жеткізе білуге ұштастыру.

2.Дамыту. Оқушылардың тілдік қорларын молайту әр оқушының ойына, қиялына,

дүниетанымына ерік бере отырып,өздерінің ойларын түйіндеп ,соны дәлелдей білуге баулу.

3.Тәрбиелік:Туған жерін,тілін тәрбиелеуге ,отаншылдыққа тәрбиелеу.Қиындыққа мойымайтын

өздігінен талпынып ,жауапкершілікті сүйетін тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Дамыта оқыту .

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Дамыта оқыту тәртіп алу ,болжау топпен жұмыс сұрақ-жауап,

«Топтастыру» «Ой қозғау» «Қойыртпақты» өңдеу. Пән арқылы байланыс. Орыс тілі,

Ағылшын тілі, қазақ тілі сабақтарымен байланыстырамын.


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмыстары:


-Балалар ,қазір біз жаңа сабақ өтеміз. Жаңа сабаққа кіріспес бұрын , бірнеше тапсырмаларды талқылап, талдаймыз.


2. Қызығушылықтарын ояту. Ой қозғау стратегиясы.

а) Біздің мемлекетіміз қалай аталады? -Қазақстан.


б) Оның ішіндегі шағын мемлекет? -Отбасы


в) Отбасы дегеніміз кімдер? Ата-ана бала..

Ата -көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер,

мақалдың мағынасын ашу.Тәлім тәрбие қайдан басталады? Отбасынан Біздің отанымыз Қазақстан. -Ендеше Отан отбасынан басталады.Осыдан бастап ананың ақылы әкенің

тәлімі де отбасынан басталады. Отбасында әке кім?



Ә


Ұрпақ иесі Үй басшысы асыраушы


Жанұя әкені тыңдайды. Әкенің үлгі -өнегесі неге байланысты деп ойлайсыңдар?

Тәлім тәрбиеге байланысты. Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?



Ендеше балалар мына бір қойыртпақты тыңдап көріңдер .


Сосед үйдің баласы

Аз жеген соң хлебты

Лицосына қарашы

Худойланып жүдепті

Осы өлеңнен не түсіндіңдер? Тілдің шұбарлануы. Тілдің шұбарлануының себебі неде деп

Ойлайсыңдар? Отбасынанөз ана-тілінде.Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы

Неге байланысты деп ойлайсыңдар? Тілге тәлім тәрбиеге.

Мағынаны ажырату,тани білу,

А) стратегиясы,немесе «Тәртіп жүйесі»және болжау әдісі бойынша жұмыс жүргізу.Мәтінді мұғалімнің оқып таныстыру арқылы тыңдау

«Әке тәлімі» атты мәтін бойынша оқушылармен танымдылық жұмыстар жүргізу.

Мәтінді жекеленген оқушыларға мәнерлей отырып оқытып шығу.

1.Әңгімені мазмұнына қарай бөлімдерге бөлу.

2Әр бөлімнің шегін табу,анықтау

3.Бөлімдерге мазмұнына негіздей ат қою.

4.оқушылардың айтқан пікірлерімен санаса отырып бөлімдерге ат қою.


а) Қазақ тілі -қазынам.

ә) Көршінің қиянаты.

б)Шағымдану.

в)Өнеге

Сергіту сәті: Жабырқауды білмейміз

Жабырқауды сүймейміз

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

Орнымыздан тұрайық

Басымызды бұрайық

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып -жұмайық

Иықты артқа ысырып ,

Бір отырып,бір тұрып.

Демалып біз қалайық.

Шығармашылық тапсырма:


Өңдеу жұмысы (топпен жұмыс)

Көрші үйдің баласы

Аз жеген соң тоқашты,

Әлпетіне қарашы.

Жүдеп-жадап қалыпты.

Мақал мәтел жалғастыр:


Тіл қаруы....

Тәрбие басы.........

Жақсы сөз......

Сөз тапқанға.......

Жеті жұрттың.......

Көре-көре.....

Сөз сүйектен өтеді,.......


Мақал мәтелмен түйіндейді.


Қорытындылау

Бағалау

Үй тапсырмасы

С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі

Тақырыбы: ӘКЕ ТӘЛІМІ

4-класс

Мұғалімі:Локасова Қ.О


Екібастұз қаласы

2011жыл




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал