- Учителю
- Краткасрочный план по литературе 'Мукагали Макатаев' (3 класс)
Краткасрочный план по литературе 'Мукагали Макатаев' (3 класс)
3 «А» сынып
әдебиеттік оқу
Үш бақытым
Мақсаты:
-
Балаларды Мұқағали Мақатаев өмірімен, творчествосымен тереңірек таныстыру. Зерттеу жұмыстарының алғашқы қадамдарын жасауға үйрету. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.
-
Ойлау, сараптау, баяндау, зерттеу қабілеттерін дамыту.
-
Ақын, жазушы, патриот тұлға шығармаларының негізінде балалардың бойында ұлттық рухты ояту, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру. Туған тілге деген ерекше сезімді оятуға тырысу. Мұқағали сөзімен сәйлеуге ынталандыру.
Қажетті құралдар: Интербелсенді тақта, презентация, кітаптар көрмесі
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Әдістері: 7 модуль, зерттеу, сараптама, талдау, әңгімелеу
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
«Бәрі өз қолыңда» деген Бйнеролик көреді. Сосын оқушылар отырады.
І І. Үй жұмысын тексеру
«Туған жер» мәтінін мазмұндау.(Бағалау сұрақ қою)
І І І. Жаңа сабақ
Бір өлең ойнатылады. Сол өлең не үшін ойнап тұрғанын ойланып ой қозғайды.
Мұғалім:
-
Балалар, бағанадан бері ойнап тұрған не әуен? Кім біледі? (Саржайлауым)
-
Бұл өлең авторы кім? (Балалар жауабы)
Бұл өлең қазақтың сүйікті ақыны, жазушысы Мұқағали Мақатаевтың өлеңі жай ғана ойнап тұрған жоқ. Бүгінгі біздің сабағымыз Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» деп аталады. Сөзді біздің оқушымызға беремін автор туралы дайындап келген өмірбаянын айтып береді. Слайд жүреді
Үнтаспадан «Үш бақытым» өлеңі тыңдалады.
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар бақыт деген не? Шеңберге шығып екіден бөлініп оз ойларымен бөлісесіндер. Репотер әдісі
Міне, ақын өзінің үш бақытын асқақ сезіммен, мақтанышпен жырлады. Бірінші орынға неге халқын қойды? Екінші орынға тілін, үшінші орынға Отанын қойды?
Сол себептен оқушылар 3 топқа бөлінеді
1 топ-Халқым, 2 топ- Тілім, 3 топ -Отаным
-
Мәнерлеп оқыту.
-
Тізбектей оқыту.
Топтық жұмыс Әр топ бір шумақтан алып сол шумаққа сараптама жасайды.
1 топ - Бірінші бақытын не үшін халқы деп есептеген.
2 топ - Екінші бақыты неліктен тілі болған
3 топ - Үшінші бақыты Отан
Сарапшы:
-
Мен ақынның бірінші бақыты - Халқы туралы айтқанын сараптайын. «Соған берем ойымның алтын кенін» дегені өзінің ең жақсы ойларын халқына беретіндігі. «Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын» дегені өз халқың болған жерде, сен де барсың. Ал өз халқың жоқ жерде, сен барсың ба, жоқсың ба бәрі бір.
-
Алтын кен деген не?
-
Кен дегеніміз - жер астындағы қазба байлық, ал алтын соның ішіндегі ең құндысы. Ақын өзінің бойындағы ең бағалы дарынын халқына арнайтындығын айтқандығы.
Сарапшы:
-
«Ал екінші бақытым - Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім.» деп ақын қатыгез адамдардың жүрегін құдіретті сөздің күшімен жібіткен, сана-сезімдерін оятқан. «Кей-кейде дүниеден түңілсем де, қасиетті тілімнен түңілмедім.» деген жолдары Мұқағали атамыздың өмірде болып жатқан жағдайлардан көңілі әбден қалса, тіліне деген сезімін кір шалып көрмепті.
Сарапшы:
-
«Бақытым бар үшінші - Отан деген. ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.» дегені Отан, отбасын Отпен теңеуі. От - жылу, от бар жерде өмір бар, тіршілік бар. Сенің отың сөнсе келде менен жылу ал, күш-қуат ал дегендігі.
Тақтада жазылып тұрған мақал - мәтелдерді қалай түсінесіндер сол ойларын ды ортаға салу керек болады 2 мин ойланып бір -бірімен талқылап шығындар.
Сергіту сәті
Қосымша тапсырма: «Бақыт деген не?»
1 топ - өлең құрастыру Сендер үшін бақыт нешеу?
Ең бірінші бақытым - ....
Одан кейінгі бақытым- .....
Бақыттардың бақыты - ....
2 топ - эссе жазу «Бақытты болу үшін мен не істеуім керек?»
3 топ- сурет салу «Бақытты оқушы»
Поэзия минуты.
Ойын «Жалғасын тап».
Қыран құстай ... (самғаймын)
Туған жер қамын .... (ойлаймын)
Өскеде ер жетіп .... (жетіп)
Отанымды .... (қорғаймын)
Қортындылау Рефлексия «Ағаш бақыты» Сіздерге жүрек стикер беріледі сол стикерге сабақтағы алған әсерлерін туралы жазып кетулеріңізді сұраймын.
Өлең бақыт деген не?
Бағалау