- Учителю
- Открытого урока на тему 'Дыбыс. ӘРіп'
Открытого урока на тему 'Дыбыс. ӘРіп'
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Темірханова Гүлнұр Нағашханқызы
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс.Әріп.Қыс.айнала күміс қар.
Сабақтың мақсаты: а) Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін қалыптастыру.Өлеңдегі жыл мезгілін суреттей отырып білімдерін қалыптастыру ә) Сөздік қорын , логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. б) Дыбыс пен әріптің ерекшелігімен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет «Қыс »,Ж.Аймауытов суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау-Үйге қандай тапсырма берілді?-Қысқы дайындық туралы кім, не айтады?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады?-Балалар, сөз неден құралады?-Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?
IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?-Ең қызығы не?
V. Жаңа сабақ-Қазір жылдың қай мезгілі?-жақсы-Ендеше оқулықпен жұмысКітабымыздың 12 бетіндегі 9-жаттығуға қараймыз Тапсырма бойынша сөз алдына әріп қоыс жазамыз.Өзі,есті, ұрды.Ү Л Г І: өзі-сөзі өзі сөзінің алдына қай әріп қойылды , өзің қосқан әріптің астын сыз. Дыбыс саны өзгерсе сөздің мағынасы да өзгеретінін біліп ал. Өлең
Айнала күміс қар,
Енді не тұрыс бар?
Ал кеттік , балалар,
Бітпеген жұмыс бар.
Айнала ақ айдын,
Бәрі аппақ маңайдың.
Тазартып тастайық
Ауласын ағайдың
Өлеңді тізбектей отырып оқу
Сергіту сәті;10 жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазу.2.Қара әріппен жазылған сөздердің жазылуын біліп алумына сұрақтарға жауап беру 1.Дыбыс дегенді қалай түсінесің?2.Әріп дегеніміз не?Түсінгендеріңді мысал ретінде келтіріп айту.
Өлеңді мәнерлеп оқымас бұрын Ж.Аймауытовқа өмірбаянына тоқталу
Қыс
Ж.Аймауытов «Қыс»
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,
Тон киіндік, тоңды мал.
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар...
Қылаулатқан қырау бар.
Қиы қатқан бұзау бар...
Қыздар қылған шұжық бар,
Қонақ айтар қызық бар.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік , білелік.
VI. Жаңа материалды пысықтау- Мына өлеңді тізбектеп оқып шығайық. Ж.Аймауытов туралы түсінгендерін пысықтау- Ал енді дыбыс пен әріптуарлы ережені кім пысықтап береді?
VII. Бекіту кезеңі. Жұмбақ, жаңылтпаштар .
VIII. Үйге тапсырма, бағалау. Айнала күміс қар өлеңін жатқа беру