- Учителю
- Есеп. ҚОсу және азайту.
Есеп. ҚОсу және азайту.
1 сынып
Математика Сабақ № Күні:
Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әртүрлі объектілерді пайдалану арқылы қосындыны табуға арналған есеп жайлы оқушылардың білімдерін жетілдіру. Қосындыны табуға арналған есепті талдау және шығару жолдары жайлы оқушылардың білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу. Білімділікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: Қосу кестесі. Тақырыпқа байланысты суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Оқушылардың игерген білімдерін пысықтау кезеңі..
Сұрақ:
Есептің құрамды бөліктерін кім атайды?
Шарты деген не?
Сұрақ не үшін беріледі?
Шешуін табу үшін қандай амалдар пайдаланамыз?
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі. Көрнекілікпен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген есептерді оқу. Оның есеп екендігіне көз жеткізу.
Көк - 5 ой. машина
Қызыл - 2 ой.машина
Барлығы - ? машина
5+2=7 (ой.маш.) - барлығы
Жауабы: барлығы 7 ойыншық машина бар Салыстыру:
Түске дейін - 6 қорап
Түстен кейін - 2 қорап
Барлығы - ? қорап
6+2=8 (қор.) - барлығы
Жауабы: барлығы 8 қорап жасады
Ұқсастығы неде? Ұқсастығы - екеуі де қосу амалымен шығарылады.
Айырмашылығы - қарастыру объектілерінде(ойыншық, машина). Іс-әрекетінде(сатып алды, жасады).
«Барлығы» деген сұраққа жауап беру үшін үнемі қосу амалын қолданамыз
2. Кесінді сызу. Балдырған сенің кесіндіңнен 1 см қысқа кесінді сызды. Сенің кесіндің неше см болуы керек?
Яғни, сенің кесіндің Балдырғанның кесіндісінен 1 см ұзын болуы керек.
2+1=3 (см)
3 см
3.
6 > 5 6 > 4 6 > 3 6 > 2 6 > 1 6 > 0
4 > 3 4 >2 4 > 1 4 > 0
5 > 4 5 > 3 5 > 2 5 > 1 5 > 0
4. Тиісті сандарды қой. Шығар:
9-7=2 2+7=9 9-2=7 7+2=9
10-2=8 8+2=10 10-8=2 2-+8=10
Логикалық тапсырма. Ойлан, тап.
Айырманың мәнін тауып жаз:
8 - 3
а) 4
ә) 6
б) 5
Рефлексия
Бүгінгі сабақта мен ... үйрендім.
Маған қызықты... болды.
Маған қиын болды.
Мен түсіндім.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.