- Учителю
- Ашық сабақ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (1 сынып)
Ашық сабақ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (1 сынып)
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Павлодар қ. №12 мектеп
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер Мейірімділік, сыйластық, құрмет.
Мұғалім:Жунусова Ж.К Класс 1 Оқушылар саны 21
Сабақтың мақсаты:оқушыларға дұрыс әрекет жасау құндылығы туралы түсінік беру.
-
жақсы мен жаман туралы түсінік беру
-
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту
-
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
Көрнекілік-құрал: ақ қағаз, ағаш суреті, суреттер, түрлі түсті қағаз, үнтаспа, оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Армысың әлем! (Қолды жан-жаққа жаю).
Армысың жарық күн! (Қолдарын көкке көтеру).
Армысың, абзал Адам! (Бір-біріне күлімдеу).
Армысың, менің досым! (Досына қол беру)
ІІ. Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына ойша саяхат»
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқандарыңды елестетіңдер. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалардың шуылына құлақ түріңдер.Жалаң аяқтарыңмен құмды сезіңдер. Шалғайдан қара нүкте көрінеді: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңдер. Ол сендерді теңіз түбіне ару үшін келді. Дельфиннің арқасына отырыңдар, мықтап ұстап, жолға шығыңдар.дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жақтарыңа қараңдаршы: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған қаншама әсем балықтар. Суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңдаршы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңдаршы ... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сендер бір нәрсені байқадыңдар ма? Мұнда неткен тұңғиқ, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңдар.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындаламыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңдар және тыныштыққа құлақ түріңдер. Осындай тыныштық сендерге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сендер су бетіне шығып, жағаға жақындадыңдар. Дельфиннің арқасынан түсіңдер, оны сипап, ризашылықтарыңды білдіріңдер.
Сыныпқа оралыңдар және өз орындарыңа келіңдер. Бірнеше секундтан соң көздеріңді ашыңдар, осы түйсінген тыныштықты өз бойларыңда сақтауға тырысыңдар.
</
ІІІ. Үй жұмысын тексеру. В.Сухомлинский. «Әйнек адам» әңгімесі.
Сұрақтарға жауап беру:
-
Баланың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
-
Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
ІV. Әңгімелесу
-
Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
-
Адамдар неліктен "жамандықтан" қашады?
-
Адамның "жақсы" не "жаман"болуы кімге байланысты?
-
Жақын адамдарыңа қандай жақсы іс жасағыларың келеді?
V. Дәйексөз. Мұғалім оқып береді. Оқушылар 2-3 рет қайталап, мағынасын ашады.
Жақсы болу өз қолыңда
Халық даналығы
-
«Жақсы болу өз қолында» деген халық даналығында үлкен мән бар. Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеттігі жоқ. Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынас жасауы, өтірік айтпауы, сөзіне тұруы, жақсылардан үйренуі өзіне байланысты. Сондай-ақ жаман әрекеттерден де қашық болуы- өзінің қолында.
VІ. Жаттығу: диалог құрастыру
-
Жақсы әрекеттерді біз тек қана үйде қолданбаймыз. Ондай жағдайлар кітапханада, дүкенде, автобустарда да кездеседі. Жаттығу өткізіп көрейік: сол жерлерге барғанда өздеріңізді қалай ұстайсыздар. Диалог көрініс құрастыру.
1.Сіз емханадасыз (3 жастағы бала баспалдақта құлап қалды)
2.Сіз көшеде келе жатсыз (балалар мысықтың күшігін суға лақтырып жатыр )
3.Сіз сабаққа кешіктіңіз (мұғалім мен оқушы)
VІІ. Сергіту сәті :"Қамажай"
VІІІ. Шығармашылық жұмыс: 1 тапсырма
-
Жақсы әрекеттердің адамға әсері
-
Жаман әрекеттердің адамға әсері
2 тапсырма: сюжеттік суреттер көрсету
-
Қайсысы жақсылық екендігін тауып айтыңдар
ІХ. «Сиқырлы ағаш» жаттығуы: жапырақтарға жазылған «жақсы», «жаман» әрекеттерді таңдап, ағашқа іліп қою
Х. Топпен ән айту: «Ақ мамам» әні
ХІ. Үйге тапсырма беру.
1. Тақырып бойынша мақал мәтел жазып келу.
2. 70 беттегі мәтінді оқып келу.
ХІІ Соңғы тыныштық сәті
Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру.
- Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.