7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу пәні 3 сынып Болат Үсенбаев 'Біздің ту'

Әдебиеттік оқу пәні 3 сынып Болат Үсенбаев 'Біздің ту'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Отан туралы білімдерін кеңейтіп, мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.Психологиялық дайындық арқылы сабаққа қызығушылығын ояттым.Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексердім.Топтастыру жұмысы жүргізілді.Автор туралы тү
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Болат Үсенбаев «Біздің ту»

Сабақтың мақсаты: Отан туралы білімдерін кеңейтіп мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру. Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға қалыптастыру. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру. Елін, жерін сүйуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс, өз бетімене жұмыс

Көрнекіліктер:


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәтінде

Біздің алар бағамыз

Кілең «5» тік болсын.


Үй тапсырмасын тексеру.

«Сен білесің бе?» Сұрақ - жауап


1.Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?
2. Бұл мерекенің басқа мерекеден қандай айырмашылығы бар?
3. Желтоқсан құрбандарын ата?
4. Қайрат Рысқұлбеков туралы не білесің?

5. Қазақстан Респуликасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды?

6. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?


Топтастыру:


бейбітшілік ашық аспан

Тәуелсіздік

мереке


егеменді

бірлік


Жаңа сабақ:

Мұғалім сөзі: Балалар Отан дегенде көз алдымызға не елестейді?

(Отбасы, атамекен, туған жер)


Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Менің туым» өлеңі.

Авторы: Болат Үсенбаев (слайдтан өмірін таныстыру)

Жер бетіндегі мемлекеттік атаулының қай - қайсысының мемлекеттік белгісі рәміздері бар. Олай болса біздің тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері. Ту, Елтаңба, Әнұран.


Болат Үсенбаев - 1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған.


Ту - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, арай, қыран, ою - өрнек - алтын түсті. Тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі.

Елтаңба - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Елтаңба негізі - Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - отбасының бейнесі. Елтаңбаның авторлары: Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Әнұран - 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды. Әнұран сөзін жатқа білу әр адамның парызы. Әнұран авторлары: Ж. Нәжімеденов. Н.Ә.Назарбаев. Ш.Қалдаяқов.


Оқулықпен жұмыс:

а) Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру

ә) 2 - 3 оқушы мәнерлеп оқып береді.

б) Тізбектей оқу

в) Іштей оқу


Сергіту сәті:


Сөздік жұмыс:

Көтерілер шоқтығым - мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.

Шартарап - дүниежүзі


Топпен жұмыс:

а) Өлеңде не туралы айтылған?

ә) Өлең сені қандай сезімге бөледі?

б) Қазақстан туына сипаттама, әңгімелеп бер?

Топпен жұмыс:

І топ: а) Өлең мазмұнына сай сурет салу


ІІ топ: ә) Отан, ел, жер туралы мақал - мәтел айту


ІІІ топ: б) Өлең жолдарын жалғастыру:

................. күлімдеп (Күн шықты)

................. әлемге (шуағын шашып)

................. гүлденді (қазақ елі)

................ бар елге (танылды)


Топпен жұмыс:


І топ: Пирамида құрастыру: Мына сөздерден жаңа сөздер құрастыру

( Елтаңба, Байрақ, Әнұран, Рәміздер, Қазақстан)

Ел, таңба, бай, ән, ұран, таң, ақ, рәміз, қазақ, т.б.


ІІ топ: Бес жолды өлең : Отан, Күн, Жылқы

Отан

Үлкен, бай, кең, қымбат

Қорғайды, дамиды, оқытады

Отан оттан да ыстық

Ел


Күн

Ашық, сары, шұғылалы

Жарқырайды, , жылытады, шашады

Күн бәріне нұрын шашады


Жылқы

Жүйрік, әдемі, қайратты

Жүгіреді, жайылады, жатады

Жылқы қазақта киелі жануар

Ат


Эссе жазу

ІІІ топ: Эссе «Рәміздерім»


Ой қорыту: «Аяқталмаған сөйлем»


Біздің туымыз ерекше, себебі...........................................................................................................................


Мен рәміздерімді мақтан етемін өйткені.......................................................................................................................

Тест жұмысы:

1.Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

а) Ту, елтаңба, әнұран

ә) ту, байрақ, заң

б) әнұран, заң, тіл

2. Тудың түсі қандай?

а) жасыл

ә) Сары

б) Көк

3. Тудың авторы кім?

а) Жандарбек Мәлібеков

ә) Шәкен Ниязбеков

б) Шотаман Уалиханов

4. Туда не бейнеленген?

ф) қыран құс, күн, ою өрнек,

ә) ою өрнек, жұлдыз, шаңырақ

б) шаңырақ, жұлдыз, қыран құс

5. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?

ф) 1992 жылы 4 маусымда

ә) 1995 жылы 4 тамызда

б) 1991 жылы 7 шілдеде


  • Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

  • Туымыздың авторы кім?

  • Туымыздың түсі қандай онда нелер бейнеленген?

  • Менің туым өлеңінің авторы кім?

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау


Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал