- Учителю
- Ашық сабақ Бірыңғай мүшелер
Ашық сабақ Бірыңғай мүшелер
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бірыңғай сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін толықтыру. Бірыңғай мүшелердің арасында қойылатын тыныс белгісін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Туған елді сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Типі: қайталау сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, текше,суреттер, портреттер
Әдіс-тәсілдері: салыстыру, топтау, көрнекілік
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, дүниетану
Сабақтың барысы:
І Бағдарлау-мотивациялық кезең
Қазақ тілі сабағында өз білімдерімізді ортаға салайық. Сабақты жақсы көңіл күймен бастайық.
(1-Слайд)
Сәлемдесу
Мұғалім: Оқушылар:
Мейрімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,
Ақпейілді тілекпен, Кішіге де сіз.
Амандасып алайық, Сәлем бердік сіздерге,
Бір жадырап қалайық. Құрметпенен біз.
-
Орнымызға отырамыз. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Дала тегіс сарғайды.
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады.
Бұл қай кезде болады? (Күз)
-
Күзде жапырақтар қандай болады? (сары, қызыл, қоңыр)
-
Иә, күзде жапырақтар әртүрлі түске боялады.
-
Мына себетте жапырақтар бар. Бір-бір жапырақтан алыңдар.
(Оқушылар бір-бір жапырақтан алады)
-
Жапырақтардың түстеріне қарай 3 топқа бөлінеміз.
-
Орындарыңа отыра қойыңдар.
Әр топ билердің атымен аталады: 1топ-Төле би тобы
2 топ-Әйтеке би тобы
3 топ-Қазыбек би тобы
(Тақтаға билердің суретін ілемін)
Және әр топтан спиккер сайлаймыз.
1 топтан:
2 топтан:
3топтан:
Топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалайды. Ал мен қай топ қандай белсенділік танытады ту арқылы бағалап отырам.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
-
Үйге берілген тапсырманы тексереміз.
-
Үйге қандай жаттығу берілді?
-
1-топ 1 саны тұрған сөйлемдерді оқиды.
-
2-топ 1 саны тұрған сөйлемдерді оқиды.
-
3-топ 1 саны тұрған сөйлемдерді оқиды.
-
Біздің бас қаламыз қай қала?
-
Астана қашан елордамыз болып жарияланды?
-
Астананың символы не? (2-Слайд)
-
Бәйтеректің биіктігі неше метр?
-
Біз бүгін берілген барлық тапсырмаларды орындасақ, Бәйтеректің ең биік шыңына жетеміз.
ІІІ. Өткенді пысықтау (3-Слайд)
1) - Экранға назар аударайық. Берілген ребусты шешейік
(Ребустың шешімі«Сөйлем мүшелері»)
2) Ендеше, балалар, Сөйлем мүшелері деген сөз тіркесін дәптерге көркем етіп жазайық.
Көркем жазу Кірісейік жазуға,
Сөйлем мүшелері Көркем етіп жазайық.
Жазудан бес алайық.
Үйге қуанып барайық.
3) Тест орындау
1.Сөйлем дегеніміз не?(Сөздерден құралады,аяқталған ойды білдіреді)
2.Сөйлемнің құрамына қарай қандай түрлері бар?(Жай сөйлем, құрмалас сөйлем)
3. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері (Сұраулы, лепті, хабарлы)
4. Жай сөйлемнің түрлері (Жалаң, жайылма)
5.Сөйлемнің қандай мүшелері болады?(Тұрлаулы,тұрлаусыз)
6.Тұрлаулы мүшелерді ата (Бастауыш, баяндауыш)
7.Тұрлаусыз мүшелерді ата (Толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш)
8.Сөйлем мүшелердің құрамына қарай түрлері (Дара, күрделі)
9.Берілген сөйлемнен бастауышты анықта: Шахтерлер көмірді жерден өндіреді.
10. Берілген сөйлемнен баяндауышты анықта:Ерлан бүгін мектептен ерте келді.
(Берілген кілттер арқылы тесті тексеру)
ІV. Жаңа сабақ
Қызығушылық ояту (4-Слайд)
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қандай ұлт өкілдері тұрады?
- Бір-бірімен қалай өмір сүреді?
- Сендер бүгін молдаван ертегісімен таныс боласыңдар.
1) Ертегіні оқу (5- Слайд)
«Ғаламат қазына» Молдаван ертегісі.
Ұлдары өте жалқау екен.Біздің арамызда ондай балалар жоқ деп ойлаймын.
Араларымызда тек ынталы, еңбекқор балалар ғана бар.
-
Асты сызылған сөздерге назар аударыңдар.
-
Не байқадыңдар?
-
Бұл қандай сөздер?
-
Сөйлемнің қандай мүшелері?(6-Слайд)
3)Ережемен жұмыс (7, 8 Слайд)
4) Деңгейлік тапсырмалар (1,2,3 нұсқа)
Сергіту сәті
V. Бекіту
1) Интербелсенді тақтамен жұмыс (9-Слайд)
Өлеңді мәнерлеп оқу. 4-жаттығу.
Біріңғай мүшелерді табу, астын сызу
2) Шығармашылық диктант
(Екі оқушының суреті беріледі)
Кейбір оқушы ..., ... болады.
Олардың ..., ..., ..., әр жерде шашылып жатады.
Ұқыпты оқушы ..., ... болады.
Оған ..., ... риза болады.
VІ. Рефлексия
Кубизм стратегиясы (10-Слайд)
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Күзде ауа райы қандай болады?
3. Сенің анаң қандай адам?
4.Еңбек сабағында қандай құралдарды пайдаланасыңдар?
5. Қазақстан ғарышкерлерін ата.
6. Кезекшінің міндеті қандай?
Венн диаграммасы: (11-Слайд)
Да, де, та, те мен, бен, және
-
Бүгін біз сабақтың мақсатына жету үшін не істедік?
-
Қандай тапсырмалар орындадық?
-
Бүгінгі сабақты қағазға түсіріп қорғауларың керек.
(Топ мүшелері берілген уақытта дайындалып, жұмыстарын қорғайды)
-
Барлық берілген тапсырмаларды орындап бәйтеректің биік шыңына жеттік.
-
Топ басшыларын тыңдаймыз.
(Топ басшылары өз тобындағы оқущылардың белсенділігі туралы айтады. Мұғалім белсенділік танытқан топты атайды.)
VІІ. Үйге тапсырма (12-Слайд)