- Учителю
- Сабақ жоспары Құстар. Үй құстары
Сабақ жоспары Құстар. Үй құстары
</ Сабақтың тақырыбы: "Құстар. Үй құстары."
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Құстар туралы түсінік беру.
Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын
түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, аңдарды, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету.
Көрнекілігі: техникалық құрал, құстар даусы, сурет-
тер, ойын, Тазша бала.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру,
баяндау.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үй тапсырмасы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер.
-
Балалар, бүгін сабағымызға ертегілер елінен Тазша бала келіп, сендердің білімдеріңді байқамақ ойда. Жай келген жоқ, қоржыны бар. Онда әр түрлі тапсырмалар бар.
-
Ал, қане, қандай тапсырмалар екен?
-
Аңдар туралы әңгімеле. Олардың түрлерін ата. (жауап беріледі)
-
"Тапқыр болсаң, тауып көр" Тақтаға ілінген аңдардың мекенін табу.
-
Үй тапсырмаларын ата.
-
Сүтқоректілерге жататын жануарларды табу.
Жаңа сабақ.
1. - Балалар, қазір сендер жәндіктерді көріп жүрсіңдер ме? - Жоқ.
-
Неге, олар қайда кетті?
-
Ағаш қуыстарына тығылып қалды.
-
Ал құстар (қарлығаш, аққу, тырна) біздің жақта бар ма?
-
Олар қайда?
-
Жылы жаққа ұшып кетті.
-
Ендеше, балалар табиғаттың өзгерісі құстар тіршілігіне де әсер етеді.
2. Ой қозғау. Нені білу керек?
Құстар
Үй қүстары
үйрек
қаз
тауық
күркетауық
жабайы қүстар
тырна
қарлығаш
шағала
аққу
шіл
дуадақ
қырғауыл т.б.
3. Венн диаграммасын сызу.
Үй қустарыДыбысы
үйде, түсі,
адам қорек
тендіреді.
Дыбысы, қала
ған жерде,
түсі, өздері
қоректі тауып
жейді.
Жабайы қүстар
4. Ойын: "Қай құстың тұмсығы"
Құстардың (суреті беріледі) денесіне қарап тұмсығын табу.
5. Кітаппен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді оқып таныстыру. Сұрақтарға жауап беру.
6. Тірек сөздермен жұмыс.
өткір, үшкір, тұмсық, имек, пайдалы, бөктерлі, шіл, дуадақ, ферма.
Осы сөздермен сөйлем құрастыру.
7. Ой толғау. Нені білгіміз келеді?
"Қызыл кітап" жайында естеріңе түсіріп, оған жазылатын құстарды таныстыру, атын атау.
-
"Жыл құстары" туралы түсінік беру.
-
Құстардың пайдасы мен зияны:
-Сауысқанның қандай пайдасы бар? Сауысқан зиянды жәндіктерді, кұрттарды, тышқандарды құртады. Ол кейде жұмыртқаны жарып, балапанды жейді. Өлең жолдарын жалғастыру.
Ала қанат .. . (сауысқан)
Қалдықты жеп . . . (тауысқан)
- Қарға да кейде бау-бақшадағы қауын-қарбыз, қиярды шоқып, үй ауласынан сабын, тақтайдағы жаюлы тұрған құрттарды алып кетіп адамдарға зиянын тигізеді.
Сергіту сәті.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар Тамағы егер табылса
Екі шоқып бір қарар
Есіңде болсын!
Құстар ауа-райын болжай алады?
а) Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар
жауады.
ә) Қосылып шықылдаса, жылы болады.
б) Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.
в) Қарғалар ауа-райының өзгеруін көбірек
аңғарады. Топтаса
қарқылдаса, аяз болады. Аспанда ұшып жүріп қарқылдаса, қар
жауады. Суық боларда қанатының астына тұмсығын тығады.
Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.
Құстарға байланысты тыйым сөздер:
а) Құстың жұмыртқасын жарма.
ә) Құстың ұясын бұзба.
б) Аққуды атпа.
в) Қарлығаш үйіңе ұя салса, үйіңе береке келеді.
Ойын: "Қай құстың дауысы"
Балаларға техникалық құралдан кұстардың дауысын тыңдатып, құстың атын табу.
Ой қорыту.
Сұрақтар қойылып, жауап алу.
Жылы жаққа ұшпайтын. Біздің жаққа қыстайтын. Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа
Құстар туралы мақал-мәтел айтып, жұмбақтар шешу.
Ұнаған құстың суретін салу үйге беріледі.