- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен 'Сөз және оның мағынасы' тақырыбының жоспары 4 сынып
Қазақ тілі пәнінен 'Сөз және оның мағынасы' тақырыбының жоспары 4 сынып
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Мақсаты оқушыларға сөз жән оның мағынасы жайлы толық мағлұмат бере отырып түсінік беру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі:қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығуды тексеру. Бастауыш пен баяндауышты тауып, тиісті жеріне сызықша қою? Абай қазақ халқының ұлы- ақыны. Күләш қазақ халқының бұлбұл- әншісі.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2)Сөздің мағынасы ашу..ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш жаздырту.
19-жаттығудағы Кестеге қарап, білезік сөзі туралы не айта аласың?Білезік әшекей бұйым. Білезікті қыз - келіншектер, әжелер, апалар тағады. Білезік күмістен, алтыннан жасалады. Күміс білезік тағып жүрсе көп ауырмайды деген ұғым бар.
20-жаттығу мәтінді оқу, талдау. Сабақ сөзі қандай мағыналарда жұмсалатынын айтып түсіндіру.Сабақ сөзін оқушылар білім алу деп түсінеді. Сабақ оқу оқушыға үлкен міндет болып табылады. Сабақ оқымаған оқушы болашақта үлкен армандарына қол жеткізе алмайды.
22-жаттығудағы өлеңдегі қарамен жазылған бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәолелде. Бұрыш сөзі бірінші мағынасында тамаққа қосылатын бұыршты білдіріп тұр, екінші мағынасында үйдің бұрышын білдіріп тұр.
23-жаттығу. «Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздер тобы қандай мағына береді?Топталып бір мағына беретін тағы қандай сөздер тобын білесің?Дұшпан сөзінің мәндес сөздерін тауып, неліктен мәндес екенін дәлелде? Қарамен жазылған сөздер тобы тойтарыс берген сөзі. Бұл сөз жеңіске жету, жауын қарсы тұру деген мағынаны білдіріп тұр. Топталып бір мағына беретін сөздер Сымбатты сөзін алсақ болады. Ол ару, әсем, сұлу сөздерінің мағынасы болып табылады.Дұшпан сөзіне мәндес сөздер жау деп алсақ болады.
24-жаттығу Кестені толтыр.
Мағынасы мәндес сөздер
Мағынасы қарама- қарсы сөздер
Дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа сөздер.
Сұлу, ару, әсем, көрікті
Ұзын-қысқа,аласа-биік
Ара,бас,көз.
ҮІ Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ҮІІ Үйге тапсырма: 21-жаттығу Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жаз. Мағынасы қаама- қарсы сөздердің астын сыз.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау