- Учителю
- Урок ' Адам '
Урок ' Адам '
І ТОҚСАН 1 - МОДУЛЬ 1 - САБАҚ
Тақырыбы: Адам - қоғам перзенті. Адам қайдан пайда болған? Алғашқы адам.
Адамды адам еткен еңбек
І кезең:
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
Сұрақтарға жауап бер:
-
Адамның арғы тегі қайдан пайда болған?
Жауабы: Арғы тегі маймылдан пайда болған.
-
Адамдар қалай өмір сүрген?
Жауабы: Адамдар топтасып өмір сүрген.
-
Адам тәрізді маймылдар қазіргі уақытта бар ма?
Жауабы: Олар бар. Африка, Азия, Орталық Америкада сақталып қалған.
-
Адамның еңбек құралдарын ата?
Жауабы: Шақпақ тас, сүйек, ағаш
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.
-
Адамныңжаралуы жайындағы діни кітаптарда, аңыз әңгімелерде Алла Тағала жер дүниені, жан-жануарларды, топырақтан Адам атаны жаратқаны туралы айтылады.
-
Чарльз Дарвин «Адамның шығу тегі, және табиғи сұрыпталу» еңбегінде адамның арғы тегі жан-жануарлардан келіп шыққанын айтады.
-
Жердің даму тарихында «Мұз дәуірі» кезеңі болды.
-
Мұз дәуірінде күн суытып, ормандар жойылып, далалы жерлер пайда болды
-
Маймылдар далалы жерде қалып қойды.
-
Маймылдар суық желден, жыртқыштардан қорғану, азық тауып жеуге бейімделу қажет болды.
-
Алғашқы адамдар үңгірлерде тіршілік етті.
-
Еңбектің арқасында қол икемділігі қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа жетіле берді.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Себебін түсіндіріп жаз:
-
«Жерге түскен» маймылдарға тіршілігін сақтап қалу неге оңай болған жоқ?
Себебі, суық желден жүйрік жыртқыштардан қорғануға, азық тауып жеуге бейімделу керек болды.
-
Алғашқы от жағуды неліктен үйренді?
Себебі, оларға тамақты пісіру қажет болды, жылыну керек болды.
-
Алғашқы адамдар үңгірлерде тіршілік етті?
Себебі, күнкөріске, шаруашылыққа қолайлы болуын ойластырды
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
ВЕНН ДИАГРАММАСЫН ТОЛТЫР:
Алғашқы адам ортақ қасиеті Өркениетті адам
Үңгірлерде тұруы,
аң аулады,
Оқу, сызу
білмейді
Баспанасы бар
Жеке жұмысы,
білімі бар
Тіршілік иесі
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Аллатағала өз құдіретімен әуелі жер дүниені, жан-жануарларды, одан кейін барып топырақтан ең алғаш адамды, яғни Адам Атаны жаратты.
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
Сөзжұмбақ
м
а
й
а
д
а
ы
м
т
а
с
е
ә
м
д
т
л
е
н
м
Сұраққа жауап бере отырып, торкөздерді толтыр:
-
Адамның арғы тегі
-
Саналы тіршілік иесі
-
Алғашқы адамның от жағатын құралы
-
Сезімталдық, ақыл - ойдың жемісі
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын атап жаз:
Жауабы:
Шақпақ тас, ағаш, сүйек, қырғыш тас
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір:
1.Адам - табиғат перзенті. Осы сөйлемді сен қалай ойлайсың?
Жауабы:
Менің ойымша, адам табиғаттың ортасында өмір сүріп, содан соң барлық құбылыстарды үйренді.
2.Чарльз Дарвиннің еңбегі туралы не айтар едің?
Жауабы:
«Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу» Ол еңбегінде адамның арғы тегі жануарлар екендігін айтады.
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Сұрақтарға жауап бер:
Алғашқы адамдар ненің арқасында түрегеліп жүретін болды?
Жауабы: еңбектің арқасында жетілді.
Алғашқы адамдар қалай еңбек етті?
Жауабы: олар топтасып еңбек етті.
Алғашқы адамдар киімді неден тікті?
Жауабы: аң терісінен тікті.
Алғашқы адамдар тамақтарын қайдан алды?
Жауабы: аң аулап, жеміс - жидек жеді.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
Маймылдың дене құрылысында, әрекеттерінде, мінез-құлқында адамға тән белгілерін жаз:
ЖАУАБЫ:
-
Табиғат затын еңбек құралы етіп пайдалану.
-
Отты сөндірмей пайдалану.
-
Топтасып аң аулау.
-
Бір-біріне көмектесу.
-
Түсіндіру, айту қажеттігі.
-
Сөйлеу қасиетінің пайда болуы.
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір:
-
Адамды неліктен табиғат перзенті дейді?
Себебі, ол барлығын табиғаттан үйренді.
-
Неліктен алғашқы адамдар үңгірлерде тұрды?
Себебі, өмір сүруге қолайлы баспана іздеді.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
Топтасып аң аулау
Аң терісінен
киім тігу
Тастан пышақ,
балта жасау
Оймен, санамен еңбек ету
Үй салу
Білім алу
Машина жасау
Еңбек етеді
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
Венн диаграммасын толтыр.
Маймыл еңбегі Адам еңбегі
Тақырыптың басты идеясын жаз:
адам еңбек ету арқасында жануарлардан бөлініп, адамзат қоғамында тіршілік ете бастады
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
Адам тәрізді маймылдар қандай әрекет жасайтынын жаз:
ЖАУАБЫ:
ашуланады, қуанады, жылайды, баласын күтеді, жемісті алып жейді, жауларынан қорғанады
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )
Сөзжұмбақты шеш.
-
Түссіз, жанғыш пайдалы қазба
-
Тыңайтқыш ретінде пайдаланатын кенге жатпайтын пайдалы қазба
-
Кенге жатпайтын құрылыс материалы
-
Әктастың жеке түрінің ішіндегі жұмсағы
-
Ескерткішке, құрылысқа пайдаланатын қатты зат
г
а
з
с
о
ф
ә
к
т
о
б
р
р
о
и
т
ф
а
с
г
р
а
н
и
т
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1.«Адамды адам еткен еңбек» дегенді қалай ойлайсың?
ЖАУАБЫ:
Менің ойымша, адам алғашқы адамнан бастап еңбектің арқасында жоғары, саналы дәрежеге жетті.
2.Нағыз еңбек неден басталғаны туралы не айтар едің?
Жауабы:
Нағыз еңбек тастан пышақ пен балтаға ұқсас қарапайым құрал жасаудан басталған.
1 - МОДУЛЬ 2 - САБАҚ
Тақырыбы: Техникалық құбылыс- ой мен еңбектің жемісі.
Өнер, мәдениет-ақыл ойдың, сезімталдықтың мәдени өнерді сақтау, қорғау.
І кезең:
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
Сұрақтарға жауап бер.
Алғашқы адам қандай еңбекпен шұғылданды?
Жауабы: Тоттасып аң аулады, от жақты, тамақ пісірді.
Олар ортаға бейімделе отырып, өздеріне не қажет екенін түсінді?
Жауабы: Баспана керек екенін түсінді.
Алғашқы адамдардың мекені болған үңгір қай жерде бар? (Қазақстан бойынша)
Жауабы: Қарағанды облысы, Қотырқызылтау деген тауда, Тесіктас деп аталатын үңгір бар.
Адамның жан-жануарлардан қандай қабілеті артық деп ойлайсың?
Жауабы: Ақыл-ойы , сана сезімі, сөйлеуі артық.
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Адам табиғат перзенті.
2.Ол барлық құпияны табиғаттан үйренді.
3.Құс тәрізді ұшуды, балық сияқты жүзуді армандады.
4.Табиғатқа қарап-ұшақ, тікұшақ,
5.Баларасының ұясы, ағаш діңіне қарап- ғимараттар салды.
6.Адам терең ой иесі, сондықтан табиғатты қайталамайды, Өз жағдайына икемді, қолайлы, техниканы ыңғайлы етіп жетілдіреді.
7. Әр жаңалықтың себепшісі адамның ақыл- ойы.
8. Ақыл ойдың арқасында осыдан мыңдаған жылдар бұрын - «Алтын адам», Ахмет Иссауи кесенелері салынған.
9.Әлем бойынша: Әлемнің жеті кереметі адам саналығының арқасында салынған. (Хеопс пирамидасы, Семпирамиданың аспалы бағы, Александрия маягы, Родос алыбы, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Артемиданың ғибадатханасы)
10. Еліміздегі мәдени мұралар деп көне ескерткіштерді атайды. Олар: Алтын адам, Ахмет Иассауи кесенесі, Айша бибі, Жошы хан күмбезі, Арыстан баб кесенесі. Олар қорғауға алынған. Саяхатшылар ол жерді тамашалап көреді.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Себебін түсіндіріп жаз:
1.Адам табиғат перзенті, себебі ол табиғаттан көріп білді.
2.Табиғат құпиясын зерделеді, себебі ұшуды, жүзуді армандады.
3.Адам қиялынан түрлі ғимараттар, ұшақтар, көлік түрлері ойланып жасалды. Себебі бұлардың бәрі адам қажетіне керек.
4.Көшпелі өмір- табиғи ортаға бейімдеп, тіршілік ету қажеттілігін туындатты. Көшпелі өмір- ақыл-ойдың тамаша үлгілерін жасады. Олар Қожа Ахмет Иассауи, Алтын адам, Айша Бибі,т.б. Себебі: адам сұлулықты табиғатпен бірге бойына сіңіре білген.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
Венн диаграммасын толтыр:
Табиғат Адам ой еңбегінің жемісі
Құстың инеліктің ұшуы
Бал арасы, Құмырсқа илеуі, Ағаш діңі
Жапырақ бұтақтарының орналасуы
Ұшақ ойлап шығарды, тік ұшақты ойлап алуан түрлі ғимараттар салды,
қалалар тұрғызды.
Еңбектенеді
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Тіршіліктегі барлық жаңалықтың басты себепшісі - адамдардың ақыл - ойы болып табылады. Ал, адамға ой салушы, жетелеуші табиғаттың өзі.
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
Техника, құрылысы, өнер мәдениет ақыл-ойдың, еңбектің, сезімталдықтың жемісі туралы білгеніңді жинақта.
Адамның ақыл ойымен не келді?
Әлемнің жеті кереметі
Ұшақтар
Кемелер
Құрылыс ғимараты
Космос корабль
Машиналар
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
Адамның ақыл ойы арқылы жасалынған ой мен еңбектің жемісін жаз.
Құрылысқа жататындар:
1.Биік үйлер, ғимарат
2.Қала
3.Көпір
Техника түрлері:
1.Ұшақ
2.Тік ұшақ
3.кеме
4.Пойыз
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
1. Сен қалай ойлайсың? Қандай тарихи ескерткіштер жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді?
Жауабы:
Менің ойымша, Ахмет Йассауи кесенесі, Айша бибі, Жошы хан күмбездері, Бескүмбез мазары, Арыстан баб кесенесі.
2.ЮНЕСКО-ның есебіне алынған тарихи-мәдени ескерткіштер туралы не білер едің?
Жауабы:
«Алтын адам», «Ахмет Йассауи» кесенесі
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Сұрақтарға жауап бер:
Ақыл- ойдан туған қандай құбылыстарды білесің?
Жауабы: «Алтын адам», «Ахмет Иассауи» әлемнің жеті кереметі.
Ахмет Иассауи кесенесі қай жерде?
Жауабы: Түркістан қаласында
Хеопс пирамидасы қай елде? Ол не нәрсе.
Жауабы: Мысыр елінде. Ол патшалар табытханасы.
Мәдени мұраларды неге сақтайды?
Жауабы: Халықтың мәдени-рухани қажетіне жаратады.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
Адамның табиғаттан үйренгені туралы жаз.
Жауабы:
Инелікке қарап тік ұшақ жасады.
Бал арасының ұясына қарап - көп қабатты үйлер тұрғызды.
Құмырсқа илеуіне қарап -үлкен қалалар тұрғызған.
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
Сұраққа жауап бер.
1.Адам неліктен табиғат перзенті деп аталады?
Себебі: Ол табиғатта өмір сүріп, түрлі құбылыстарынан үйренді
2. Адам неліктен табиғатты бағындырды деп ойлайсың?
Жауабы: себебі, ол табиғаттың барлық құпиясын түсінді.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. Тақырыптың
басты идеясын жаз,)
Венн диаграммасын толтыр.
Мәдени мұралар Құрылыс - техника
Әлемнің жеті кереметі
Айша Бибі кесенесі
Қожа Ахмет Иассауи мовзолейі т.б.
Ұшақ
Тік ұшақ
Ғимарат
Қала
Ой
Еңбек
Тақырыптың басты идеясын жаз:
адам ақыл-ой еңбегі мен сұлулық-әсемдікті сезінуінің рухани жемісі - өнердің ең биік шыңы тарихи дүниелер.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
Бос орынға тиісті сөздерді жаз.
Мәдени мұралар - өз мәдениеттану
Айша Бибі - данышпан ана
Қожа Ахмет Иассауи - білімді, данышпан адам.
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )
СӨЗЖҰМБАҚ
Сұраққа жауап бере отырып, торкөздерді толтыр:
Ой мен еңбекті үйлестіруші
Бізді қоршаған орта
Ата-ананың жалғасы
-
А
Д
А
М
Т
А
Б
И
Ғ
А
Т
П
Е
Р
З
Е
Н
Т
І
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1.Ақыл мен ойдың арқасында адам биік белестерге шықты. Осы сөйлемнің мағынасын сен қалай ойлайсың?
Жауабы:
Менің ойымша, адамның ақыл-ойы барлық тіршілік иесінен жоғары.
2.Табиғат перзенті деп не атар едің?
Жауабы: адамды
1- МОДУЛЬ 3- САБАҚ
Тақырыбы: ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (1- модуль бойынша)
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Сұрақтарға жауап бер:
-
Адам қайдан пайда болған?
Жауабы: Ғалымдар зерттеулердің арқасында, адам мен маймылдың шыққан тегі бір деген қорытындыға келді.
-
Алғашқы адамдардың қандай еңбек құралдары болды?
Жауабы: тас, қашау, сүйек балға
-
Алғашқы адамдар қалай тіршілік етті?
Жауабы: Олар топтасып тіршілік етті.
-
Тіршіліктің барлық саласындағы, әр жаңалықтың басты себепшісі не?
Жауабы: Адамдардың ақыл ойы.
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Тест тапсырмаларын орында:
1. Адам табиғат құпиясын зерделеп, оны меңгеру арқылы жеткен жетістіктерін ата:
а) аң аулады, шақпақ тас жасады.
б) үй салды, техника түрлерін жасады.
в) ағашты екті, жеміс жеді.
2. Египеттегі әлімнің жеті кереметі аталатын ғажайып сәулет өнерін ата.
а) Хеопс пирамидасы б) Александрия манары в) Аспалы бақ
3. Қожа Ахмет Йассауи қай қалада?
а) Астана б) Түркістан в) Түркменстан
4. Адам құс пен инеліктің ұшуынан қандай техника түрлерін ойлап тапты?
а) көп қабатты үйлер, көпір б) ұщақ, тікұшақ в) қайық, кеме
ЖАУАБЫ:
-
сұрақ
жауап
сұрақ
жауап
сұрақ
жауап
сұрақ
жауап
1
б
2
а
3
б
4
б
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
Сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты толтыр:
-
Адамның арғы тегі
-
Саналы тіршілік иесі
-
Алғашқы адамның от жағу құралы
-
Маймылдар мекені
М
А
Й
М
Ы
Л
А
Д
А
М
Т
А
С
О
Р
М
А
Н
1- МОДУЛЬ 4-САБАҚ
Қатемен жұмыс (І модуль бойынша)
1- МОДУЛЬ 5- САБАҚ
Тақырыбы: БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ (І модуль бойынша)
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Сұрақтарға жауап бер:
-
Алғашқы адамдар қандай жерді мекен етті?
Жауабы: алғашқы адамдар үңгірлерде мекен етті
2. Алғашқы адамдар киімдерін неден тікті?
Жауабы: киімдерін аң терісінен тікті.
3. Топтасып өмір сүруге қандай жағдай әсер етті?
Жауабы: топтасып өмір сүруге тамақтарын табу жағдайы әсер етті.
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Венн диаграммасын толтыр:
Алғашқы адам Қазіргі адам
Қауымдасып тіршілік ету
Аң аулайды
Қарапайым еңбек
құралдарын пайдаланады
Сауатты, өнерді, ғылымды меңгерген, сана сезімі жетілген, жеке үйлерде тұрады
Тіршілік иесі
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Екеуі де еңбектенеді.
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
СӨЗЖҰМБАҚ
Сұраққа жауап бере отырып, торкөздерді толтыр:
А
Д
А
М
М
Ә
Д
Е
Н
И
Е
Т
Б
А
С
П
А
Н
А
О
Р
М
А
Н
-
Табиғат перзенті деп кімді айтады?
-
Сұлулықты паш еткен -
-
Зіл сүйегі мен аң терісінен жасалған -
-
4. Алғашқы адамдар мекені -
2 - МОДУЛЬ 6 - САБАҚ
Тақырыбы: Табиғатты зерттеу. Бағдарлау.
І кезең:
«КӨПІР» тапсырмалары
(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)
Сұрақтарға жауап бер:
Табиғатқа нелер жатады?
Жауабы: аспан, ай, күн, жұлдыз, ағаш, үй жануарлары
Табиғат құбылыстары деген не?
Жауабы: Күннің тұтылуы, найзағайдың ойнауы, күн күркүреуі
Өткен сыныпта Бақылау күнделігінде» нені бақыладыңдар?
Жауабы: қар, жаңбыр жаууы, ашық-бұлтты күндерді, ыстық, суық ауаны
Жан-жануарларды қалай бақылауға болады?
Жауабы: тіршілігіне қарап бақылауға болады
ІІ кезең: Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Сұраққа жауап жаз.
Аспан денелеріне нелер жатады?
Жауабы: ай, күн, жұлдыз
Жер бетінде қандай табиғат бар?
Жауабы: Жан-жануар, ауа, су, өсімдік
Табиғатты зерттеу үшін қандай әдіс қолданылады?
Жауабы: Бақылау әдісі.
Алыс жерлерді бақылау үшін қандай экспедиция ұйымдастырылады?
Жауабы: ғылым үшін.
Антарктидадағы бақылау кезінде нені анықтады?
Жауабы: Мұз қалыңдығы 4000 метрге жететінін.
Автоматты бақылау станциялары не үшін керек?
Жауабы: Адам қатынасынсыз жұмыс атқарады және хабарларды жазып отырады.
Бағдарлау деген не?
Жауабы: Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау бағдарлау деп аталады.
Қандай белгіге қарап, бағдарды анықтауға болады?
Жауабы: Табиғи белгілерге қарап бағдарды анықтауға болады.
Қандай табиғи белгілерді білесіңдер?
Жауабы: Құмырсқа илеуінің оңтүстік, солтүстік жағы, мүк пен қынаның көлеңкелі жерге өсуі, көктемде қар ерігенде ағаштың оңтүстік жағында сопақша шұңқырдың пайда болуы.
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неге?
Неліктен? Себебі? Не үшін?)
Себебін түсіндіріп жаз:
1.Табиғатты не үшін зерттейміз?
Жауабы: себебі, ғылым үшін маңызы зор. Адам өмірі үшін.
2.Табиғатты бақылау әдісері неліктен жүргізіледі?
Жауабы: себебі, табиғат денелері мен құбылыстарының бір-бірімен байланыс заңдылықтарын ашу үшін керек.
3.Тәжірибелер не үшін жасалады?
Жауабы: себебі, бақылауға келмейтін белгісіз құбылыстарды ашу үшін.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(Салыстыр, Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)
Венн диаграммасын толтыр.
Аспан денелерін ауа райын
Өсімдіктер тіршілігін
Жануарлар тіршілігін
Күнге,
Темірқазық жұлдызына
Табиғи белгілерге
Табиғатты зерттеу әдістері
Бақылау әдістері Ортақ қасиеті Бағдарлау
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Адам баласы өзін айнала қоршаған табиғатпен танысып, оның сан қилы қырын ұғынды.
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, т.б. түрінде)
Білгеніңді жинақта. Бос орынға тиісті сөздерді қой:
Бағдарлау - ол табиғи белгілерге қарап бағытты, бағдарды анықтау.
Экспедициялық бақылау-ол алыс аймақтарды бақылау.
Автоматты станциялар арқылы- бақылау- ол адамның қатысыз, ғарышта жүргізіледі.
Тәжірибелер арқылы бақылау- тікелей бақылауға келмейтін, белгісіз құбылыстардың сырын ашуға.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырмалар)
Сұраққа жауап жаз.
Телескоп құралы арқылы қандай денелерді бақылайды?
Жауабы: жұлдыздарды
Компос (тұсбағдар) деген не?
Жауабы: бағытты анықтайтын құрал
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1.Егер табиғатта адам бақылау әдістерін жүргізбесе, табиғатпен танысу мүмкін бе?
Сен қалай ойлайсың?
Жауабы:
Менің ойымша, табиғатты танып білу мүмкін болмас еді.
2.Көкжиек тұстарын тұсбағар арқылы анықтап, білуге болады. Ал егер тұсбағарсыз қалай анықтауға болады? Сен не істер едің?
Жауабы: Түсбағарсыз Күнге немесе Темірқазық жұлдызына қарап шамамен табуға болады.
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау
І деңгей (5 балл)
Теориясы:
«БІЛУ»
(Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?)
Сұрақтарға жауап бер:
-
Бақылау түріне не жатады?
Жауабы: аспан денелерін, ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі.
-
Ғылыми экспедиция қалың мұздықтың бар екенін қайдан тапты.
Жауабы: Антарктидадан.
-
Жер шар пішіндес екенін қандай бақылау арқылы білді?
Жауабы: кемемен саяхат, ғарыштан түсірілген суреттер арқылы.
-
Темірқазық жұлдызына қарап, қандай тұсты анықтауға болады?
Жауабы: Солтүстік жақты.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(қарапайым тапсырма)
Сұраққа жауап бере отырып,түсіндір.
-
Жаңбырдан кейін ағаштың солтүстік жағы күңгірт тартады.
Жауабы: себебі, солтүстік жағында күн аз түскендіктен ылғал көпке дейін сақталады.
-
Құмырсқалар илеуін ағаштың Оңтүстік жағына салады.
Жауабы: өйткені күн оңтүстікте көбірек түседі.
ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)
Теориясы:
«ТҮСІНУ»
(Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
Анықтамасын түсіндір. Бос орынға тиісті сөздерді жаз:
1. Бағдарлау- өте қажет, себебі, бағытты анықтау өте қажет.
2. Бақылау әдісі адам үшін маңызды-өйткені сол арқылы табиғаттың сырын ұғамыз.
Теориясы:
«ТАЛДАУ»
(1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз, - деген тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Венн диаграммасын толтыр:
Темір қазық пен көкжиек сызығы -
Солтүстік - темірқазық көрсетеді
Оң жақ - Шығыс көрсетеді
Сол жақ - Батыс көрсетеді
Арқа - Оңтүстікті көрсетеді
Компаста:
Бағыт тілі бойынша
оңтүстік солтүстікті көрсетеді
Бағдарлау
Солтүстік Темірқазық арқылы Ортақ қасиеті Тұсбағдар арқылы
Тақырыптың басты идеясын жаз:
Адамның күнделікті өмірінде бағыт анықтау қажеттігі туды.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады)
Табиғи белгілерге қарап бағдарлауды анықта:
Жауабы:
Оңтүстік - күн жылуы ұзақ түсетін тұс
Солтүстік - күн жылуы аз түсетін тұс
Шығыс - күн шығатын тұс
Батыс - күн бататын тұс
ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
Теориясы:
«ЖИНАҚТАУ»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек )
Сөзжұмбақты шеш:
Ж
Е
Т
І
Қ
А
Р
А
Қ
Ш
Ы
Б
А
Қ
Ы
Л
А
У
Т
Ә
Ж
І
Р
И
Б
Е
М
И
К
Р
О
С
К
О
П
Т
Ұ
С
Б
А
Ғ
Д
А
Р
Б
А
Ғ
Д
А
Р
Л
А
У
Т
Е
М
І
Р
Қ
А
З
Ы
Қ
1. Көкжиек тұсын анықтайтын жұлдыз
2. Табиғатты зерттеу әдісі
3. Табиғаттың белгісіз құбылысыннан жасалады
4. Ұсақ ағзаларды анықтайтын құрал
5. Көкжиек тұстарын анықтайтын көрсеткіш құралы
6. Көкжиек тұстарын анықтау әдісі
7. Солтүстікті көрсететін жұлдыз
Практикасы:
«БАҒА БЕРУ»
(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
Сұраққа жауап бере отырып, өз ойыңды айт:
1.Сен қалай ойлайсың, Темірқазық жұлдызына қарап белгілі тұсты анықтауға болады ма?
Жауабы:
Менің ойымша, болады. Ол жұлдызға қарап солтүстік тұсты анықтаймыз.
2.Саяхатта жүріп, бағыттан адасып қалдың. Ол кезде не істер едің? Сен өз жүрген жолыңды тауып бара аласың ба?
Жауабы: менің ойымша, әр адам шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстікті күнге қарап анықтай алады. Сол бойынша бағытын тауып жүреді.