7


3 класс ашык сабак

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Класы: 3Г Күні: 20. 04. 2016 жыл

Тақырыбы: Сынып кестесі

Сабақтың мақсаты: жаңа сабақ бойынша толық мағұлмат беру;

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік: интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ бойынша тапсырмалар орындау;

ә) тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, бауырмашылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу;

б) дамытушылық: оқушыларды сауаттылыққа дағдыландыру, сөздік қорын молайту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілік: интерактивті пақта, түрлі плокаттар, кеспе қағаздар.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, пікір алысу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу. - Саламатсыздарма оқушылар?

  2. Қал -жағдайларын сұрау. - Қалайсыздар?

  3. Сабаққа дайындау. - Оқушылар бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

  4. Олай болса әдеттідей бойымызды сергітіп алайық ?

Мен оқушы баламын

Жақсы баға аламын

Таудай үлкен талабым

Содан жақсы сабағым .....

Рахмет балалар. Олай болса орынымызға отырамыз, оқу-құралдарымызды дайындаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген тапсырма 5,6 тапсырмалар бойынша 150 бет тапсырмаларды орындау. Оқушылар кезек-кезек үй тапсырмаларын оқиды және өткен сабақ бойынша қосымша сұрақтар қоямын.

  1. Сенің сыныбың қандай?

  2. Сыныпта қандай заттар бар? Олар не үшін керек?

  3. Оқу-құралдарын не үшін пайдаланамыз?

  4. Сенің мұғалімің кім?

  5. Мұғалім сендерге не үйретеді?

  6. Сенің мұғалімің қандай?

  7. Жыл мезгілдері қандай?

  8. Неше ай, неше мезгіл бар?

  9. Бір айда неше апта бар?

  10. Бір аптада неше күн бар? Олар?

III. Жаңа сабаққа көшу.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын оқушыларды 3-топқа бөлеміз. Ол үшін тақтада тұрған ағаштағы алмаларды бір-бірлеп оқушылар алады. Алма үш түске боялған, оқушылар таңдауына қарай, алма түсі бойынша топта екіге бөлінеді. Олай болса жаңа сабақты бастаймыз.

Оқушылар біздің бүгінгі жаңа сабақ тақырыбымыз «Сынып кестесі» деп аталады. Яғни орыс тіліне аударғанда «расписание уроков» деп аударылады. Назарымызды интерактивті тақтаға аударайық.

Бізге ең алдымен бірнеше минуттар бұрын айтып өткенімдей аптада жеті күн бар, бірақ біз мектепте алты күн оқимыз. Сол себепті сабақ кестесіне алты күнді жазып шығамыз.

-Қанекей кім айтады сабақ кестесі бізге не үшін керек?

-«Сабақ кестесі» бізде қайда орналасқан? «Күнделік»

-Күнделікке не жазамыз? Оқушы жауабына қарай сөзімді жалғаймын.

Өте жақсы балалар. Біз бүгінгі сабақ бойынша не білеміз екен?Оқушылар өз білетін жауаптарын тақтаға іліп шығады және білгім келеді? кестесі бойынша да өз сұрақтарын жазып шығады. Және сол сұрақтар бойынша әр қарай жұмыс жүргізуді бастаймыз.

Жаңа сабақ бойынша сабақ түсіндіру барысында айтылған жаңа сөздер бойынша күнделік парақшасын сұрақтарға жауап ретінде толықтырып шығамыз. Содан соң жаңа сөздермен таныстырып сөздікпен жұмыс жасаймыз. Олар :

ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ-учебные принадлежности

Сабақ кестесі- расписание уроков

Күнделік- дневник

Менін бағаларым- мои оценки

Ата-ана - родители

Қол қояды- расписываются

Баға -оценка

Пән- предмет

Қазақ тілі- казахский язык

Орыс тілі- русский язык

Дене тәрбиесі- физкультура

Дүниетану-познание мира

Өзін-өзі тану- самопознание

Еңбекке баулу- труд

IV. Сабақты бекіту.

Енді дәптерімізді ашып бүгінгі күн шартын жазамыз. Интерактивті тақтада берілген тапсырмалар бойынша ауызша жауап береміз. Ол үшін әрбір топтан бір-бір оқушыдан кезектесіп тапсырмаларға жауап береді. Тапсырмаларға дұрыс жауап берген оқушылар өз алмаларын тақтада ілініп тұрған кәрзеңкеге салып өз ұпай сандарын жинайды. Осы әдіс келесі тапсырмалар барысында жалғасын табады. Содан соң тақтада берілген суреттерге сөйлем құрастырамыз. Және кітапта берілген тапсырма бойынша сөйлемді қазақшадан орысшаға аударып айтамыз. Әдеттегідей үш топ кезектесіп орындайды.

Келесі тапсырма екі топқа бірдей «Сәйкестендіріп жазу» тапсырмасы беріледі. Ол:

Кітап линейка

Дәптер сумка

Қалам книга

Қарандаш тетрадь

Сөмке дневник

Ермексаз карандаш

Өшіргіш плосталин

Күнделік ручка

Сызғыш стерка

Желім клей

Мектеп школа

Сергіту сәті : Видеоролик бойынша.

Деңгейлік тапсырма. Үш топқа бірдей деңгейлік тапсырма беріледі.Мен оқимын

Сен оқисың

С. Сіз оқисыз

III. Ол оқиды

2-топ

Көптеу

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер



3-топ

Синквэйн құру

«Мектеп» сөзіне

Кесте бойынша сұраққа жауап беру. Жауап берген оқушы өз алмасын кәрзеңкеге салады.

Келесі тапсырама үш топқа бірдей «Күнделік» атты мәтін бойынша тапсырма беріледі.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар кеседегі үшінші бөлікті толықтырады. Яғни мен- Білдім.Бағалау : Бірінші оқушылар өзара бір-бірін бағалап шығады және алдарына берілген смайлик бойынша сабақты бағалайды. Кәрзеңкеде жиналған ұпай саны бойынша жеңіске жеткен топты марапаттаймыз.

Үйге тапсырма беру: Оқушылар үйге №3 жұмыс дәптері бойынша10 -12 бет тапсырмаларды орындаймыз.

Сабақ аяқталды сау болыңыздар балалар.





№53 орта мектебі

Сабақ тақырыбы: «Сынып кестесі»









Класс : 3 «Г»

Өткізген: Жарылғасынова Г.С





3 класс ашык сабак

2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал