- Учителю
- Ана тілі 4 сынып тақырыбы Еріншек
Ана тілі 4 сынып тақырыбы Еріншек
Ана тілі
Сарсенова Гулнар Қойшықызы
№2 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш
сынып мұғалімі
Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылы
Сабақ тақырыбы:Еріншек
Мақсаты: Ш.Құдайбердіұлы өмірі мен өнегесі және оның өлеңінің негізгі идеясын түсінуге мүмкіндік ашу
2 Шығармашылық қабілеттерін дамыту
3 Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу
Сабақ түрі: семинар - сабақ
Сабақ әдістері: СТО стратегиясы, топпен жұмыс, ізденіс жұмыстары
Сабақ көрнекілігі: слайдтар
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, ұлттық салт - дәстүр
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Жылулық шеңбері
II. Үй тапсырмасын тиянақтау. С. Мұқанов «Жылқы» әңгімесі
a) "Жалғастыр" ойыны. Әр топ мәтін мазмұнын жалғастыра түсінік айтады.
ә) Топпен жұмыс. " Біз не білдік?" ойыны
I топ. а) Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады?
ә) Жылқының адамға қандай пайдасы бар?
II топ. а) Жылқы етінің қандай қасиеті бар?
ә) Жылқы терісінің қандай қасиеттері бар?
III топ. а) Жылқышы Мақан мәтін соңында жылқының асылдығы туралы не айтады?
ә) Жылқы туралы мақал айт.
б) Қызығушылықты ояту
I топ. Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?
II топ. Алпамыс бартырдың тұлпарының аты
III топ. Батыр бала Бөгеннің тұлпары қалай аталады?
III. «Ой қозғау» стратегиясы
I топ. «Жылқы ер - қанаты» шығармасын оқу
II топ. Толықтыру сауалнамасы
1 жастағы жылқы -
2 жастағы жылқы -
3 жастағы жылқы -
4 жастағы жылқы -
5 жастағы жылқы -
III топ. Топтастыру стратегиясы
Жылқы
жықы
IV. «Ойнайық та, ойлайық, шешпей оны қоймайық»
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік
Бір білімді данышпан жан табалық.
(630:7)+150)*2
Осы мысалдың нәтижесі өлеңнің авторына сәйкес келеді.
а) Шәкәрім 480
ә) Абай 380
б) Ыбырай 440
V. Жаңа сабақ. Оқушылардың алдын-ала берілген ізденіс жұмыстары
I топ. Шәкәрім Құдайбердиев өмірі
II топ. Ақынның шығармалары
III топ. Төменгі сынытарда өткен ақынның шығармаларын еске түсір
Ақын туралы мағлұмат
-
1858 - Семей облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген
-
Абайдың немере інісі, шәкірті
-
«Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты» өлеңдер жинағы, «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» поэмалары, т.б
-
1931 - «Халық жауы» деген жаланың құрбаны болды.
-
Ғұлама ойшыл, ірі ақын, аудармашы, философ, тарихшы
Өлеңмен жұмыс:
1. Шумақ бойынша оқыту
2. «Түртіп алу» әдісімен жұмыс істеу.
3. Сөздік жұмыс:
Қарекет - әрекет
Кесел - сор, дерт
4. Мәтіннің негізгі ойын табу
Топпен жұмыс
I топ. «Еріншектік жаман әдет» шағын әңгіме жазу.
II топ. Еріншектік туралы мақал - мәтел
III топ. «Еріншек» сөзінің әріптерін пайдаланып жаңа сөз құра.
Жасырын сөзді табу
Жалқаудың ....... тәтті.
Еріншектің ....... бітпес.
Ерінген ....... істер.
VI. Ой қорыту.
Бүгінгі «Еріншек» өлеңін Шәкәрімнің ұстазы Абайдың өлеңімен байланыстыр
VII. Сабақты бекіту. Ойын «Жақсы және жаман қасиеттер»
VIII. Үйге тапсырма
«Еріншек» өлеңін жаттау.
Ақын туралы реферат жазу