7


  • Учителю
  • Бастауыш сынып мұғалімі Калдыбаева Мереке Сыдыковнаның жүргізген жұмысының жылдық есебі (2014 - 2015 оқу жылы)

Бастауыш сынып мұғалімі Калдыбаева Мереке Сыдыковнаның жүргізген жұмысының жылдық есебі (2014 - 2015 оқу жылы)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауыш сынып мұғалімі

Калдыбаева Мереке Сыдыковнаның

жүргізген жұмысының жылдық есебі

(2014 - 2015 оқу жылы)

Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер Тәуелсіз Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұнын модернизациялау: жаңа перспективалар, жаңа мүмкіндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы мұғалімге жаңа талаптар қояды.

Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін дамыған елдермен қарым - қатынас жасай отырып, жаңашылдықты үйреніп, тәжірибеге енгізуді уақыт міндеттеді. Өзгеріс қоғамның әр саласын да қамтыды. Соның ішінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселе болды. Дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі реформалардан үлгі алуды өзіне мақсат етті. Кез - келген дамушы елдерде білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс емес. «Қазіргі әлемде болып жатқан осындай қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген ой туындайды. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының мазмұны осы мәселені шешуге бағытталған.

Стронг «Мектеп жұмысымен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім» деп тап басып айтқан. Жылдам өзгеріп отырған заманда алынған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру мақсатында Кембридж бағдарламасын оқуға деген қызығушылығым оянды. Біз оқушыға өз өмірінде қолдана алатын білім беріп жүрміз бе? Оқушының алған білімін сыныптан тыс уақытта қолдану деңгейі қандай? Мен осы сауалдар жауабын кембридж бағдарламасы бойынша мектепішілік біліктілікті арттыру курсында білім алу арқылы тапқан секілдімін. Ол үшін не істеу керек және қалай істеймін деген өзіме сауалдар қоя отырып, кембриж бағдарламасын меңгеру қажеттілігі және бағдарламаның негізінде болашаққа жоспар құруды көздедім.

2014 жылдың қыркүйек айынан мектепішілік біліктілік деңгейін арттыру курсына қатысып өз білімімді жетілдіріп келемін. Курс бағдарламасы оқытудың әлемдік деңгейдегі тиімді тұстарын соның нәтижесінде еркін, ой - дәлелдемелерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сыни көз қарастары жүйелі дамыған мінсіз оқушы, құзіретті мұғалім дайындауды қамтитынын түсіндім.

Бұл бағдарламаның негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән-мәнімен өзара байланыста қарастырылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12 бет).

Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелі - өздерінің ойларын еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6-бет).

Қазіргі заман талабына сай әрбір пәнді оқытуда білім беруді жаңашаландыру - оқу-тәрбие үдерісін даралау, демократияландыру - жаңа тақырыпты оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. «Өркениеттің мақсаты - адамды ойлауға үйрету» деп атақты ғалым Т.А.Эдисон айтқандай, мектептің де, оқылатын пәндердің де басты мақсаты -оқушылардың танымдық - шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда оқушылардың ойлау деңгейіне шектеулер қойылған тәрізді. Бұл сабақ жоспарымен сыни ойлауға, диалогтық әңгіме құруға, Мерсердің үш әңгімесі деңгейінде оқушылар ойын еркін жеткізіп көбірек алға жылжушылық болатындығы белгілі. Сондықтан да осы проблемадан шығатын жолдың бірін, мүмкін оқушы өзін - өзі ретке келтіруді басты мақсат етіп қойса, тапсырмаларды терең ойланып шығаруда табысқа жететін болар деген ой болды. Оқушылар берілген тапсырмаларды терең ойлану арқылы өзін -өзі реттеуі іске аса ма? - деген сауал да көкейімде тұрды.

Мақсатым: қазіргі заман талабы бойынша, өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Мақсатқа жетудегі негізгі міндеттерім:

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • өз ойын көркем деңгейде жеткізе білетін тұлғаны тәрбиелеу;

  • алған теориялық білімін өмірлік тәжірибеде қолдануға үйрету;

Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзете арқылы жұмыстандыру қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым.

Өзім сабақ беретін 2 класқа Кембридж бағдарламасы бойынша әдіс тәсілдерді қолдандым. Тізбектелген сабақ топтамаларына құрған қысқа мерзімді жоспарымды әдебиет пәні бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес құрдым. Күнделікті сабақ жоспарымды ҚМЖ бойынша жаздым. Өткізілген әр сабағымда модульдерді бір - бірімен байланыстыра отырып, жаңаша әдіс - тәсілдерді қолдандым. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Жүргізілетін жұмыстар барысында бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, басты басымдықты шешуге бағыттаймын деген мақсаттарды алдыма қойдым. Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталатын қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8 бет)

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер - бұл жеті модульде қарастырылатын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл - диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан - жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - оқушылардың да, мұғалімдердің де білім алу және білім беру процесінде кез-келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау - оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет ұғым болып табылады.

Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бір тұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.

Қазақстанның жан-жақты дамып, көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту - мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық - білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады.

Оқушылармен пікірлесу басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс болып табылады. Оқушылармен әңгімелесу барысында алалықсыз қарау қағидасын сақтау маңызды, барлық оқушылар әсіресе, «үндемейтін» және «дараланған» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуді шынайы, оқу мен оқытуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтарды қамтиды деп есептеуі маңызды.

Оқыту мәселелері бойынша оқушылармен пікірлесу оларда өзін-өзі реттеуді дамытуға ықпал етеді. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімділік сезімі мектеп пен сынып жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша оқушылармен пікірлесудің оң салдары болып табылады. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де - білім. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.

Осы жеті модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады.

ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде 2015 жылдың 21 сәуірінде Қалалық семинар «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы жаңа мүмкіндіктері» атты семинарға қатысып өзара тәжірбие алмастым.

Жүргізілген жұмыстарымды қорытындылай келе:

Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.

ӘЛДІ

ӘЛСІЗ

  • Оқушылар сабақ барысында әр түрлі әдіс - тәсілдерді меңгерді;

  • Топтық жұмыста бірлесіп жұмыс жасауды және ынтымақтастық қарым - қатынасты орнатуды үйренді;

  • Өз ойларын еркін айтуды, сондай - ақ сыни ойлана алуға машықтанды;

  • Өзін - өзі бағалауды және бірін - бірі бағалауды меңгерді;

  • Оқушылардың топтық жұмысқа белсене аралауы.

  • Топтық жұмыста уақытты тиімді пайдаланбауы;

  • Оқушылар бірін - бірін асыра бағалауы;

  • Топ ережесіне бағынбай, бір - бірінің ойларын тыңдамауы;


МҮМКІНДІКТЕР

ҚАУІП ҚАТЕР

  • Оқушылар АКТ - мен жұмыс жасауда қызығушылықтарының болуы;

  • Оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру.


  • Мұғалімге айтылған сын пікірлерді дұрыс қабылдай білу;

  • Оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін орнықты, дұрыс қолдана білу;


ҚОРЫТЫНДЫ

Жеті модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.

КЕЛЕСІ ОҚУ ЖЫЛЫНА ҰСЫНЫСТАР МЕН МАҚСАТ МІНДЕТТЕР:

  • Сабақ беретін барлық кластарға топтық жұмысты жандандыру;

  • Сабақта бағдарламаның жеті модулін бір - бірімен байланыстырып қолдана білу;

  • Оқушылардың зерттеушілік, ізденімпаздық қабілеттерін дамытуға байланысты шығармашылық тапсырмалар беру;

  • Әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу;




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал