- Учителю
- Дүниетану сабағы Табиғат тақырыбы бойынша саюақ жоспары 4сынып
Дүниетану сабағы Табиғат тақырыбы бойынша саюақ жоспары 4сынып
Сабақтың № ______ |
Мерзімі: | ||||
Сабақтың атауы |
Табиғатты зерттеу және бақылау үшін қолданылатын тәсілдер. Жергілікті жерді бағдарлау әдістері | ||||
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, табиғатты зерттеу және бақылау әдістері жайлы мағлұмат алады. Бақылаудың түрлерімен танысады, тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін түсінеді. | ||||
Сабақ кезеңдері: |
Сабақ барысы: | ||||
Мұғалім мен оқушылардың әрекеттері |
Ресурстар | ||||
Психологиялық ахуал |
- Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі- көңіл ажары ! Күліп өмір сүрейік! |
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |||
Топқа бөлу |
Шарлар арқылы топтарға бөлу. |
Түрлі түсті шарлар | |||
Қызығушылықты ояту |
Табиғат деп нені айтамыз? Ойланып еске түсіреміз. |
Жұмбақтар шешу арқылы класстер құрастырады | |||
Тосқауыл сұрақтар 1.Адам табиғатты қалай танып-біледі? 2.Бақылаудың зертханалық жұмыс жүргізуден қандай айырмашылығы бар? |
Оқулықпен жұмыс | ||||
Жаңа сабақ |
Зертханалық жұмыстың жоспарын құрастыру, талқылау
Бағдарлау әдісі: бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау. Бағдарлаудың екі түрі бар: а)белгілі жерді бағдарлау - белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ,үйреншікті дағды арқылы жүреміз. ә)белгісіз жерді бағдарлау - белгісіз жерде жүру, жолды дәлме-дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі. Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды. Солтүстік пен белгілі бір затқа дейін жүретін жол арасындағы бұрыш азимут деп аталады. Азимут арабша ас-сумут -жол деген мағына береді. Азимут А әрпімен белгіленеді. Азимутты анықтау үшін тақтаға шеңбер сызылады. Оқушылардан шеңбердің градустық шамасын сұрау.(360°) Шеңбердің әр бөлігін 90°-тық бұрышқа тең екендігін және берілген азимутты шеңбердің қай бөлігінен іздеу керектігін ұғындырамын да,азимутты өлшеп көрсетемін.Яғни,275ºІV бөліктен,С-Б-тан табу,200 ºІІІ бөліктен,О-Б-тан табуға болады. Тақтаға азимутты транспортир құралымен сызып көрсетемін. Азимут бағыты үнемі сағат тілінің бағытына сәйкес келеді. |
Соматикалық карта
Құбыланама, транспортир, бор, тақта
кесте | |||
Сергіту сәті |
«Қаражорға» биі |
Музыка қосылады, үнтаспа | |||
Дәптермен жұмыс |
Жаңа сөздерді жазып алады, талқылайды |
Геолог, бағдар, бағдарлау | |||
Рефлексия |
Екі жақты күнделік стратегиясы
|
Ой толғау
1-топ: Орманға ауылдың оңтүстік жағынан кірдіңдер. Қайтарда қай бағытпен қайтасыңдар?
2-топ: Жаңбырдан соң ғимарат қабырғаларының қай жағы жылдам кебеді?
Карточкаларда берілген логикалық сұраөтар
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Сұрақтарға жауап табу
-
Құбыланаманы қалай пайдалануға болады?
-
Құбыланаманы қашан, қай жерде ойлап тапқан?
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Бағалау парақшаларын толтыру.
Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады