- Учителю
- Разработка уроков по природоведению на тему 'Орманның пайдасы'
Разработка уроков по природоведению на тему 'Орманның пайдасы'
Тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау.
Мақсаты:Орманның пайдасы және оны қорғау туралы түсіндіру.
Ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын теориялық білімін дамыту.
Орманды жерлерде тазалық сақтауға ,өрттен қорғауға ат салысуға, айналаны қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,сұрақ-жауап, көрнекілік
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару. Табиғат ол- анамыз, Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз Шаттық әнге саламыз.
ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Орман -тоғай өсімдіктері мен жануарлары туралы білімдерін тексеру.Дәптердегі тапсырмаларын тексеру.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?
- Тоғайда әсіресе не көп өседі?
-Орман-тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.
Тоғайда тіршілік ететін құстарды көргендерің бар ма?
ІV .Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау Орманның пайдасы және оны қорғау.
.V .Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
1.Кіріспе: Орманнан қандай заттар алынады? Бұл сұраққа ағаш шебері қалай жауап береді?
Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы қалай жауап береді?
Теміржолшы ше? Дәрі-дәрмек жасаушы қалай айтар еді? Инженер ше?
Балалар өздері білетін мамандар туралы білгенін әңгімелеп береді.
2.«Орман -ең алдымен адамның денсаулығы» еккнін дәрігер айтар еді. Демалысүйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Ол жердің ауасы таза,әрі шипалы. Ормандар болмаса ,ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. Шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Орман -жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы,ьол байлықтың қасиетті қоймасы. Орман-тоғай -баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, оларды ағаш кесуге,жануарларды аулауға қатаң тыйым салынған.Қазақстан жерінде он шақты қорық бар.Өсімдіктер мен жануарлар қорғауға алынып, азайып кеткен түрлері Қазақстанның «Қызыл кітабына»енген. Егер қорғау шараларын жүргізбесе , олар мүлде жойылып кетуі мүмкін. «Қызыл кітап»міне, осындай өсімдіктер мен жануарларды қорғауға шақырады.
Орманды қорғауға берілген ережені оқып, есте сақтауларын айту.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқу.
VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
Үшінші класта ана тілі сабағында орман тақырыбына арналған қандай әңгімелерді оқып едік? «Ормандағы оқиға»т.б.
1
2
3
4
Т
о
ғ
а
й
қ
а
р
а
ғ
а
й
А
л
м
а
т
ы
б
а
р
ы
с
т
и
і
н
Көлденеңінен: Тігінен:
1. Боялған тор көзден 1.Шөл мен шөлейттегі өзен аңғарларында не өседі? қандай сөз шығады?
2.Ормандағы алып ағаш
3.Қазақстандағы қорықтардың бірі
4. «Қызыл кітапқа »енген жануар
5. Қарағай бүрімен қоректенетін жануар
Сөзжұмбақты интерактивті тақтадан көрсетсе де болады.
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау -Орманды ,тоғайды қорғамасақ қандай күйге ұшырайды? - Орман-тоғайдың адам үшін қандай маңызы бар? -«Қызыл кітап»деген не?
- Қазақстан жерінде қанша қорық бар? -Қорықтарды ұйымдастырудың қандай маңызы бар ?
- Қандай мамандар орманның пайдасы үшін өз пікірін ортаға салды?
VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 96,97,98- беттерді оқу,мазмұны. Дәптерге орманда өсетін ағаштың 2-3 түрін,бұтаның1-2 түрін,шөптекті өсімдіктің 2-3 түрін жазып алу.
ІХ. Бағалау