7


  • Учителю
  • Открытый урок по познанию мира

Открытый урок по познанию мира

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Бағдаршам



Сабақтың мақсаты:

1 Оқушыларға бағдаршам туралы түсінік беру. Бағдаршамның қызметтін анықтау. Бағдаршамның түстеріне көңіл аудару.

2 Ойлау, салыстыру, оқу, суреттеу қабілеттерін дамыту

3 Тәртіптілікке, жолда абай, мұқият болуға тәрбиелеу.



Көрнекілік: Бағдаршам, түрлі-түсті карындаштар, ақ қағаз



Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, психологиялық дайындық. (шеңберге тұрып бір-біріне жылы сөз айту)

2 Сабақтың мақсатын ашу:- қалаға бәріміз барамыз ба?

- адамдар мен көліктер неге бағынады?

- үш көзді көмекші деп нені айтамыз? (Бағдаршамды)

Біз бүгін сабақта бағдаршам туралы әңгімелесеміз.

3 Жаңа сабақ

1 Мұғалім: Көшені өтерде әруақытта бағдаршамның сигналдарына қара.

Қалай ойлайсыңдар, неге?

ҚЫЗЫЛ түс - Мұқият бол!-Қозғалысқа тиым салады.

САРЫ түс- Абай бол!Дайындал!Көшені өтуге рұқсат беремін!- келесі белгіні күт.

ЖАСЫЛ түс -Жол бос!Ашық! Жүріңіз! - Көшені өтуге болады, дегенді білдіреді.



2 Берілген тақпақты оқу, жаттау (Мұғаліммен бірге)

Үш түсті түрі бар,

Жөн сілтер тілі бар

Бағдаршам дегенің

Сырын жақсы біліп ал.

....................................................................................................................

3 БАҒДАРШАММЕН таныстыру:

Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме?

Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.

Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.



Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.



Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью -Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

....................................................................................................................

Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.



4 Сұрақ - жауап арқылы жұмыс

(Викторина ретінде) Оқушыларды 2 топқа бөлу

Сұрақты мұғалім қояды, жауапты балалар береді.



-Бағдаршам дегеніміз не ?

Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

Жауап: Бағдаршам - механикалдырған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рол атқарады.



    Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, жоқ, бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?

    Жауап: Әрине, бағдаршам жоқ жол өткелі әлдеқайда қауіпті. Себебі жаяу адамдар жолдың екі бағытында келе жатқан көліктің алыс-жақындығын, жай немесе жылдам келе жатқанын бірден байқай алмайды.



    5 Мұғалім:

    Қызыл жарық жанғанда,

    Қалт тоқтой қал табанда

    Сары шамы жанғанда,

    Сақ, абай бол барынша.

    Жасыл жарық жол ашық,

    Зымырай бер бел асып.



    6 Шығармашылық жұмыс

    Бағдаршамның суретіне қарап, сурет салу.



    7 Қорытынды: -Сабақта не істедік?

    - Сабақта не туралы білдік?

    Сабақ аяқталды.







































































     
     
    X

    Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

    После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

    Кнопки рекомендации:

    загрузить материал