7


  • Учителю
  • Бастауышпен қоштасу сценариі

Бастауышпен қоштасу сценариі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл сценариді бастауыш сынаппен қоштасуға қолдануға болады. Барысында өлең-тақпақтар мен көріністер, сонымен қатар ертегілер қоюға арналған. сыныптағы барлық оқушылардың қатысуына арналған. Оқушылар төрт жыл бойы оқыған білімдерін бір сағаттық ертеңгілікте
предварительный просмотр материала

«Қош бол, құтты БАСТАУЫШ!»


Мақсаты:


1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.


2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.


3. Білім берер ордасы - мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Бақытты балалық шақ» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып және білім тексеруге арналған сұрақтар.

Ашылуы: музыка ойнайды, ар жақтан оқылады:


Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім жырларым

Азық болар, мәңгі талай жылдарға


«Қаражорға» - «Жанерке би тобы».


Музыканың ырғағымен ортаға екі жүргізуші шығады.


Таңжарық:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!


Ақманат:
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...

Таңжарық:

  • Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен Абай орта мектебінің киелі шаңырағында болғалы отырған «Қош бол, құтты - Бастауыш!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!


Ақманат:

  • Құрметті ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн - ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Таңжарық:

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті.


Ақманат:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 - сынып түлектерін ортамызға!


Музыка әуенімен бастауыш түлектері ортаға келеді.


Таңжарық:

Бүгінгі ертеңгілігіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар. Мектеп директоры - Билялова Санар Сапарқызы, оқу ісінің меңгерушісі - Қасымова Гаухар Нұрғалиқызы және тәрбие ісінің меңгерушісі - Қаныбек Бақытжанұлы.


Ақманат:

Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз кезегін білім ордамыздың басшысы Санар Сапарқызына береміз.


Таңжарық:

  • Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт.
    Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.


Ақманат:

  • Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!


Әсет:

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

Алсу:

Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Әсет:

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.


Алсу:

  • Иә Әсет, енді жүрегімізден шыққан лебіздерімізді ұстаздарымыз бен ата-аналарымызға арнамаймыз ба!


Әсет:

Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталды жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған,-дей келе алғашқы ән шашуымыз метебіміздің басшысына арналады.

Алсудың орындауындағы «Ұстазым менің, ұстазым!» әнін қабыл алыңыз.


Билялова Алсу - «Ұстазым менің, ұстазым!»


Әсет:

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,

Кеуделерге намыс отын жаға алатын.

Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз,

Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі әншашуымызды директордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арнаймыз.


«Ұстазым менің, ұстазым» - хор.


Әсет:

Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.

Алсу:

Дұрыс айтасың Әсет! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәлім алудамын.

Әсет:

  • Ия мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

Арай:

Мектеп деген білім кені жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Данияр:

Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде өсіп артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.


Айару:
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Айман:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Ұлболсын:

Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Анель:

Мектеп - үйім, ұстазым менің ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Аружан:

Мектебім - сүйікті мектебім.
Бауырыңда түлеймін көктеймін.
Сен - бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

Рамина:

Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.

Алсу:

  • Алтын ұя мектебімізге арналған «Мектеп-ана» әнімізді қарсы алыңыздар!


Хор: «Мектеп-ана»


Алсу:

  • «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Әсет?


Әсет:
- Иа, расымен де алғаш мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған 6 жасар бүлдіршінге қаламсапты ұстатып үйретіп, 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымыз Бақытнұр Шәріпханқызына құттықтау сөз кезегін берейік.


Бақытнұр Шәріпханқызының құттықтау сөзі.


Әсет:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.


Алсу:

Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Эльмира:

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Индира:

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.


Әнел:

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Айғаным:

Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Гүлдана:

Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Ялана:

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Бәрі:

Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.

Алсу:

Келесі ән шашуымыз алғашқы ұстазымыз - Бақытнұр Шәріпханқызына арналады.


Бекеш Әнел: «Ардақты ұстаз»


Әсет:

Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.
Алсу:

Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Әсет:

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Бастауыш сынып туралы ән-жырларымызды қабыл алыңыздар.


Саликова Айғаным: «Мектеп-кеме, білім теңіз!»

Алсу:

Мектеп - кеме, білі - теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

Әсет:

Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.

Алсу:

Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған.

Әсет:

Өз білімімізді тексеру үшін экранға назар аударайық.


Сұрақтар:

Алсу:

Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау.

Әсет:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

Алсу:

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Әсет:

Иә, дұрыс айтасын Алсу! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

Жексенбаева Эльмира орындауында «Анаға хат»

Алсу:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сізге арналған бір тілек қалды ішінде!


Әсет:

Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билейміз босатылып бар жүктен.

Махаббатпен өте ыстық қарсы алып,

Шапалақпен жібереді зал біткен.

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Билеріңіз әрбір сіздің үйреткен - дей келе «Жанерке» би үйірмесінің жетекшісі - Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызына мың алғысымызды білдіреміз.


Сізге арнап - Ұстазым менің ұстазым әнін орындаймыз, қарсы алыңыз.


Хор: «Ұстазым» (Ғалым да...)


Алсу:

Орыс тілі сабағын,

Жақсылап ұғып аламын.

Сәулесі ол сананың,

Мәнінен ой табамын - дей келе орыс тілі пәнінің ұстазы - Ермагулова Гүлнар Базарбаевнаға өз алғысымызды білдіреміз.


Әсет:

Күтеміз ықыласпен әр сабағын,

Оқимыз жіберместен бір парағын.

Барынша игеруге тырысамыз,

Заманауи тіл үйрену зор талабым, - деген өлең шумақтарын ағылшын тілі пәнінің ұстазы - Билялова Базаргүл Қонысбекқызына арнаймыз.


Қазақ биі. Тамашалаңыздар.


Мұғалім:

Сыныбымыздың оқушылары аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпаздары.


Билялова Алсу - аудандық «Әй, керім-ай-2013» сайысының бас жүлдегері, сонымен қатар облыстық «Көктем еркесі - 2013» сайысының ІІ орын жүлдегері.


Жексенбаева Эльмира -аудандық «Әй, керім-ай-2014» сайысының І орын жүлдегері болса, осы сайыстың ІІ орын жүлдегері - Саликова Айғаным.


Ал осы жылы Бекеш Әнел - аудандық «Көктем еркесі - 2015» сайысының бас жүлдесін алып, облыстық «Көктем еркесі-2015» сайысының І орын жүлдегері болды.


Сынып оқушыларының орындауындағы заманауи нұсқадағы «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісін тамашалаңыздар!


Ертегі.


Бастауыш мектептегі әр күніміз бақытты болды. Сіздердің назарларыңызда «Бақытты балалық» фотомонтажы


«Бақытты балалық шақ» фотомонтаж


Сыныбымыздың қыздары «Еркем-ай» домбыра үйірмесінің тәрбиеленушілері. Сіздердің назарларыңызға «Попури» ұсынады. Қарсы алыңыздар!


Попури - домбыра


Сыныбымздың оқушылары сегіз қырлы бір сырлы десек артық айтқандық болмас еді. Би билеп, ән айтып, күй тартумен қатар театр жанрынан да қалыс қалмаған. Сахналық өнерлерін тамашалайық. Көрініс: «Математика сабағында»


Құттықтау сөз кезегі 4-сынып ата-аналарына беріледі.

1.

2.


Аудандық «Дельфий ойындарының» жеңімпаздарының

«Әскери биін» тамашалаңыздар.

Хор: «Қош бол, бастауыш!»


Ақманат:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін,

Тек - сәттілік шәкірттерім ертеңіңе.


Таңжарық:

Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Осымен 4-сынып оқушыларының «Қош бол, бастауыш!» Ертеңгілігі өз мәресіне жетті.

11




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал