- Учителю
- 'Келіндер сайысы'
'Келіндер сайысы'
«Қош келдің,наурыз!»
Келіндер сайысы.
Сайыстың жүру тәртібі:
1. Ұйымдастыру.
2. Келінді таныстыру.
3. Әділ қазылар алқасын таныстыру.
4. Сайыстың шарттарымен танысу.
5. Сайысты қорытындылау.
Балалар залға әуенмен кіріп ән орындап, орындарына отырады.
Хор: «Наурыз»
Жүргізуші сөзі
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған: «Аяулы келін-2015» сайысы мерекесіне қош келдіңіздер!
Наурызбенен ұласып көктем жеткен,
Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткен
Жан-жануар, табиғатты түрлендіріп,
Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен! -дегендей Жаңа жыл тек жақсылығын әкелсін.
Олай болса, балалар Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымен жалғастырсын:
Қ.Мадина: Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы,
Әжеме еріп, Ақтөбені
Араладым күні бойы.
Нұрсат: Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарханын жайып дархан,
Жақсылық пен бақыт шашқан.
Құндыз:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Арайлым:
Жасасын деп ұлысты Наурыз,
Құтты болсын айтамыз.
Барлық үйге кіріп - шығып,
Барлық үйден дәм татамыз.
Максим: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,Қайда барсаң жол болсын.
Жүргізуші сөзі
Келін деген көп шығар,
Келіндей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі - дей отыра қатысушы келіндеріміз бен балаларын ортамызға ду қол шапалақпен ортаға шақырайық, қарсы алыңыздар!
Келін біздің күніміз
Келін біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз - дей отырып, Махаббат келін мен ерке ұлы - Ардақты ортаға шақырамыз. №1
Бізге әр кез тілекші боп жүретін,
Қуанышымызға ортақ бола білетін,
Мейірімді келін, асыл келін, ардақты ана Раушан келінді, Құндыз қызымен бірге қарсы алайық. №2
Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді - деп Назгүл келінді,ұлы Ақжолмен ортаға шақырайық. №3
Бала қамын ойлай жүретін , күн келін, нұр келін, асыл келін ,Меруерт келінді
Қызы Жанеркемен ортаға шақырамыз. №4.
Жүргізуші сөзі
Кім жеңеді сайыста? Үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік барда.
Әділ-қазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман менен бақыт жолда - деп әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.____________________________________________
2.____________________________________________
жүргізуші: Ендеше, сайыс бағдарламасымен таныстырайық:
1. «Тегін білу - тектілік». (өзін таныстыру)
2. Өнер сайысы (өз өнерін көрсету)
3. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсету
4. «Сыр - сандық» сұрақ-жауап сайысы.
5. «Дәм - думан» сайысы.
Ендеше сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып
№1 сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
№2 сайыскерлеріміз
№3 сайыскерлеріміз
№4 сайыскерлеріміз
1.«Тегін білу - тектілік». (өзін таныстыру)
Жүргізуші сөзі
Әділқазылар алқасы бағаларын беру шешімін қабылдағанша:
Сыныбымыздын мың бұралған қыздарымыздың биін тамашалайық.
Би: «Өрнек»
Құрметті әділқазылар алқасы, бірінші кезеңнің бағасын айтсаңыздар, сөз кезегі өздеріңізде.
ІІ сайыс. Өнер сайысы (өз өнерін көрсету)
Ал кімнің өнері бар қаншалықты?
Толғанта ән салдырып, билетіп
Жасына қарамастан бұл ортада,
Қай келін таң қалдырар, бұл халықты -деп «Өнер сайысын» тамашалайық.
ІІ сайыстың қорытындысын шығарғанша кезекті бір тамаша әнге берейік.
Ән:Назым «Көңілді күн»
Екінші сайыс бойынша, әділқазыларға сөз кезегін берейік.
ІІІ сайыс Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсету
-
Тұсау кесер
-
Қырқынан шығару
-
Ат қою
-
Бесікке салу
Өте тамаша, әділқазылар өзара келісімге келгенше балаларымыз ән айтып берсін.
Хор «Көктем-наурыз»
IV сайыс «Сыр - сандық» сұрақ-жауап сайысы
«Сыр сандық» деп аталатын. Яғни, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп, келіндеріміз бен білімді балаларымызға сұрақ-жауап кезегін берсек. Ол үшін берілген әділқазылардың алдындағы билеттерді таңдаймыз.
1 тапсырма: 1. «Тілашар» қай кезде жасалады? (Бала мектепке барған кезде).
-
Ұйқасын тап: «Өзінше ноян, қорқақ кім? ( Қоян)
2 тапсырма: 1. Жеті ата қалай аталады? (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Ұйқасын тап: «Үні ғажап дүл-дүл,
Бақта сайрайды ........» (Бұлбұл)
3 тапсырма: 1. Үш арсыз қалай аталады? (ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Ұйқасын тап: «Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді ......... (Шымшық)
4 тапсырма: 1. Бес парыз калай аталады? (Иман келтіру, бес уақыт намаз оқу, бітір-садақа, ораза тұту, қажылыққа бару)
2. «Сызып өтіп қарды мен,
Таудан түстім ............ (Шаңғымен)
Ал әділқазылар алқасы бұл бөлімнің қорытындысын шығарғанша әжелер немесе аналар шығып бір әсем әнін жолдасын.
V сайыс «Дәм - думан» сайысы.
Келіндеріміз үйден қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығып таныстырайық.
№1 нөмірі: Наурыз көже.
№2 нөмірі: Жент.
№3 нөмірі:Шұжық .
№4нөмірі:Айран .
Хор: «Қош келдің жаңа жалым қазағыма»Жанасыл ,Нұралы,Аружан,Арайлым,Аяулым,Құндыз.
Жарайсыңдар!!!
Әділ қазылар алқасы дайын болса «Дәм-думан» сайысының бағасын берсе!
Ойын: «Арқан тарту» (Ойынның шартын түсіндіру).
Қорытынды бөлімі: Әділ қазыларға сөз кезегін берсек!
Келіндер қалқып бақыт арасында,
Уайым мұң қонбасын басыңызға.
Осымен сайысымызды аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға - деп жеңістеріңізге құтты болсын айтамыз. Әр келінді номинация бойынша марапаттау.
1 номинация: «Сымбатты келін-2015»
2 номинация: «Инабатты келін-2015»
3 номинация: «Өнерлі келін-2015»
4 номинация: «Дәстүрлі келін-2015»
Қорытынды сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі__________________________ беріледі.
Назарларыңызға көп - көп рахмет!
№132 орта мектебі
тақырыбы:
«Қош келдің,Наурыз!»
3«А» сыныбы
Сынып жетекшісі: Омарова.П.М
2015 жыл