- Учителю
- Вне классная работа на тему «Отбасым-мақтанышым»
Вне классная работа на тему «Отбасым-мақтанышым»
Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Еримбетова Назира
Сабақ тақырыбы: Отбасым - мақтанышым
Сабақ мақсаты:
«Шежіре» сөзінің мағынасын ұғындыру, олардың тіл байлығын молайту, ойлау қабілетін арттыру.Адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Сіздер отбасы туралы қандай мақал білесіңдер?
-
Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ. -
Ана-отбасының ұйтқысы,
Әке-шаңырақ иесі. -
Ата-балаға сыншы.
-
Әкеден ақыл,
Анадан мейір. -
Ақылды қария,
Ағып жатқан дария. -
Ағайын алтау,
Ана біреу. -
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар. -
Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Әке, Ана, бала-бәрі бірігіп жанұяны құрайды. Оны жанұя деп атаймыз. Арқамызды тірер асқар тау-әкеміз,қорғаныш, сүйінішіміз болар анамыздан және сендер сияқты балалардан басқа жанұяда тағы кімдер болады?
- Туыстар болады.
Олар кімдер?
Қарт ата, қарт әже, ата, әже, аға,іні, апа,қарындас т.б.
-
Әке-балалы болған ер адам
-
Бала-ата-ананың перзенті, ұрпағы
-
Баласының баласы- немере
-
Немеренің баласы- шөбере
-
Шөберенің баласы - шөпшек
-
Ал шөпшектің баласы- немене
-
Туажат-неменеден туған бала
-
Жүрежат-туажаттан туған бала
-
Жегжат-жүрежаттан туған бала
-
Жұрағат-жегжаттан туған бала
ІV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Менің отбасым тақырыбында әңгіме жазу.
V. Қорытындылау.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.