- Учителю
- Урок по математике 'Әріпті өрнектер' 1 сынып
Урок по математике 'Әріпті өрнектер' 1 сынып
Күні: 25.01.
Сынып: 1 «Ә»
Пән: математика
Тақырып: Әріпті өрнектер (Бекіту)
Сабақтың мақсаты: 1)Білімділігі: Оқушыларға ертегідегі түлкінің айлакерлігін, қулығын көре тұра оның тапсырмаларын қатесіз орындап, қосу,азайтуды, әріпті өрнектерді қаншалықты меңгергенін байқау.
2) Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудыру, олардың білім, білік және дағдыларын дамыту. Ой-өрісін кеңейту,таным қабілетін артыру.
3) Тәрбиелілігі: ал қоған мақсатына жетуге, шапшандыққа өз беттерінен тапсырмаларды орындап, нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертегі еліне саяхат
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, карточкалар,суреттер( тауық, балапандар, түлкі)
Сабақтың байланысы: математика, дүниетану,ана тілі.
Сабақтың барысы:
1.Үйымдастыру кезеңі Сәттілік тілейміз.
Қайырлы таң,досым!
Қайырлы күн,болсын!
Аптаның әр күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын!!!
Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Ертегіні жақсы көресіңдер ме?
-Иә
-Ертегідегі кейіпкерлерді атап беріңдерші? Ендеше түлкі қандай ?
-Өте қу, айлакер
-Ендеше, біз сол түлкіге алданып қалмайық.
-Тауық балапандарын жаңа ғана шығарған екен, тауық жам іздеп кеткенде, қу түлкі келіп балапандарын алып кетіпті.
-Енді не істейміз?
-Балапандарын анасына қайтарып беруге көмектесейік.
Түлкі бізге көп тапсырма беріп отыр. Сол тапсырманы дұрыс шығарсақ, балапандарды анасына қайтарамын дейді.
№1 тапсырма Ауызша есеп
3+2 5-2 8+2 10-3
10-2 4+2 6-2 7+3
7+2 5+3 7-2
№2 тапсырма Салыстыру
7> 6 5< 7 8= 4+4 10 =8+2
№3 тапсырма Әріпті өрнекті, сонан соң санды өрнектерді атау
3+а 7+2
а+4 10-3
5-а 5+3
4-а 7-2
а+2 7+3
Қолдарға жаттығу
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ
Алақанды ашамыз 5-ті, 5-ке қосамыз
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
-Дәптермен жұмыс
-Күнді, сынып жұмысын жазу.
-Көркем жазу
6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6 6
9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9
Математикалық диктант
1) 1-ші қосылғыш 5, 2-ші қосылғыш 2
2) Азайғыш 9, азайтқыш 3
3) 1-ші қосылғыш 6, 2-ші қосылғыш 4
Әріпті өрнектердің мәнін табу
№4 тапсырма Карточкамен жұмыс
а
6
7
8
а+2
а
10
9
8
а-2
Сергіту сәті «Том и джери» көзге арналған жаттығу
№ 5 тапсырма Сөз есеп
Саяжайда 6 алма ағашы өсіп тұр еді. Өсіп тұр-6а. ?ағаш
Тағы 2 алма ағашы отырғызылды. Отырғызылды-2а.
Барлығы неше ағаш ? 6+2=8(а)
Жауабы: 8 ағаш
№6 Логикалық есептер
1) 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі? 4минут
2) Қаз 2 аяғымен тұрса 10 кг ,1 аяғымен тұрса неше кг болады ? 10кг
3) 2 бала 3 сағат шахмат ойнадлы. Әр бала неше сағат ойнады? 3 сағат
4) Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? 1адам
-Балалар, бүгін біз түлкінің тапсырмасын түгел орындадық. Тауық сендерге рахметін айтты. Тауықтың сендерге сыйлығы бар.Ол не деп ойласыңдар?Өзінің жұмыртқасын
сыйға беріп отыр. Ендеше, қорыта келгенде Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңінде «5 нәрсеге қашық бол, 5 нәрсеге асық бол» деген жолдарында рақымшыл жаса деген еді ғой, міне, біз рақымшылық жасадық.
Сабақты қорыту
Сұрақ-жауап әдісі
- Қандай өрнектер бар?
- Қандай кейіпкерлер сабаққа қатысты?
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма 150 бет №3 тапсырма