- Учителю
- ӘЛіппеге мың алғыс!
ӘЛіппеге мың алғыс!
Әліппеге мың алғыс!
Жүргізуші мұғалім:
-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!
Сахна сыртынан:
-Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болғансон алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?
Ханзада:
Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?
Ханшайым:
Ханзада, мұның да бір себебі болар-ау!
Ханзада:
Иә,солай шығар! Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін бақтың іші тып-тыныш?
Ханшайым:
Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.
Cиқыршы қыз:
Бұл бақта неше жылдан бері ешқандай кеш, ешқандай мереке өтпейді. Сол себептен осындағы тіршілік иесінің бәрі ұйқыда.
Ханшайым:
Онда оларды оятайық. Сен бізге көмектесші.
Сиқыршы қыз:
Мынау тұрған жұмыртқалардың ішінде бірнеше балапандар бар. Соларға жан бітірсем, олар осы баққа тіршілік енгізеді.
(Сахнада жайлы ертегілер әнімен жұмыртқаларға жан бітіреді)
Ән: «Ертегілер»
(жұмыртқадан шыққан балапандарға жан бітіп, балапандар биін билеп, орындарына жайғасады)
Ханшайым:
Саламатсыздарма кішкентай балапандар? Сендер келіп едіңдер бақтың іші жайнап кетті ғой.
Ханзада:
Кішкентай балапандар айтыңдаршы, біз ханшайым екеуміз осыдан бірнеше жыл бұрын жеміс алма ағашын отырғызған едік, алайда ағаш бізге жемісін берер емес, мұның сырын қалай білуге болады?
Ханшайым:
- Оның сырын мен айтайын ханзада .Біздер ағаштар жеміс бермеді дейміз? Бұл сырды №5 мектептің 1Ә сыныбының бүлдіршіндері айтып береді.
Балалар әліппеден алған білімдерін арқылы ағаштардың жеміс беруіне көмектесесіңдер ғой?
Балалар: Ия.
Ән.Бүгінгі күн
Мұғалім: -Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті Әліппе.
МұҒалім.
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе!
- Әліппе келеді
Әліппенің сөзі:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана !
Болашаққа жол ашар ,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің .
Қуанышы баланың,
Қуанышы халықтың.
Мұғалім:
Әліппе, біз сенен әріп танып, міне бүгін қоштасқалы отырмыз. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздеріміз қосып оқып, өздеріміз жаза аламыз.
Әліппе:
Барлық әріпті меңгердік пе?
Ия
Мұғалім:
Олай болса өтілген әріптерге байланысты тақпақтарыңызды айтайық.
1-оқушы: Әріптерді көрейік
Бастасын кәне айтысты,
Жібермесін намысты.
А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Ә: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Б: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Г: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.
Д: Дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған
Е: Елге есті ер керек ,
Ер жет өсіп ертерек.
Ж: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып -ақ тастармыз .
З: Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.
Қ: Қарқа қол бер,
Жасқа жол бер.
Л: Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
«У»-дауысты дауыссыз
Айыра білсең қауіпсіз
Уық,уыс сөздерін
У дан бастап айтамыз
Шеңбер жасап тұрайық,
Басымызды бұрайық
«Ш» дыбысын білеміз
Сөзден сөйлем құрайық
Ұршықтай зырлаймыз
Ұяны сырлаймыз
Ұлт, ұят сөзінен
Ұ дыбысын жырлаймыз
Балпаң-балпаң басайық
Аңдарға жем шашайық
«Ң» дыбысын білмеген
Балалардан қашайық
Ән:Учат в в школе
Би: «Вальс»
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»
Ой, қандай керемет! Біздің ағашымыз жемісін берді.
Ханзада:
Балалар рахмет сендерге, сендердің білімдеріңнің арқасында біз ағашымыздың жемісін көрдік. Осының барлығы әліппенің арқасы екенін ұқтық.
1-оқушы:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
2-оқушы:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:
Үздік болам десең сен,
Үзбей оқы сен оны.
«Әліппе» саған төселсең,
Білім нәрін береді.
4- оқушы:
Барша-барша ғылымың,
«Әліппеден» басталар.
Жалғастырған білімін,
Жақсы бала дос болар.
Әліппе:
Рахмет балалар! Әріп танып, білім алып, міне ағаштың жеміс беруіне көмектеріңді тигізіп жатырсыңдар. Мен сендерге ризамын.
Сау болыңдар!
Бәрі:
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Ханшайым:Керемет! Ағашымымыз бірнеше жемісін берді. Әліппе,сізге коп рахмет!
Мұғалім:
Міне балалар, біз енді әліппемен қош айтыстық, енді өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Енді біз қолымызға ана тілін алатын боламыз.
Бәрі:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
(Ортаға ана тілі келеді)
Мұғалім:
Қош келдіңіз ана тілі! Біздің балалар әліппеден алған білімдерін одан әрі сенімен жалғастырмақ.
Ана тілінің сөзі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Оқушылар: Сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз деп ант береміз!
Би: «Қамажай»
Бәрі:
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздыңт, даламыздың үні деп
Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
Мектеп басшысына құттықтау сөзі.
Ата-наға сөз беру.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!, - дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.