- Учителю
- Мариям Хакімжанова «Бала Мәншүк»
Мариям Хакімжанова «Бала Мәншүк»
-
Сабақтың тақырыбы:Мариям Хакімжанова «Бала Мәншүк» Сабақтың мақсаты:Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлер өмірін дәріптеу Дамытушылық мақсаты:Отанымыздың тарихына қызығушылықтарын арттыру,достық,ынтымақтастық,жауапкершілік сезімдерін ұялату Тәрбиелік мақсаты: патриоттық тәрбие беру.Оқушыларды көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстай білуге,ұялмай сөйлеуге,өз ойын ашық жеткізуге үйрету. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,әңгіме,көрнекілік,ойын арқылы дамыту,топтастыру стратегиясы, «бес жолды өлең» стратегиясы,сұрақ-жауап әдісі Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,дүниетану,математика,тарих Көрнекіліктер: интерактивті тақта,суреттер,бағалау жұлдызшалары Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі Сабақтың ерекшелігін атап өту .Бүгін сабақта Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған шығармалар топтамасымен әрі қарай танысамыз. Өздерің білетіндей ,Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерен ерлер қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары емеспе? Сендер де еліміздің ертеңісіңдер,болашақ қазақтың қамын ойлар азаматтарысыңдар! Олай болса,мен сендерден үлкен үміт күтіп,жарқын болашақтарыңа сенім білдіріп,бүгінгі сабақ барысында мынадай жұлдызшалармен бағалаймын. ІІ.Психологилық дайындық: Біз бақытты баламыз, Ойнап-күліп аламыз. Жетілген деп санамыз, Оқып білім аламыз. ІІІ.Өткен сабақты пысықтау 1.«Әлия Молдағұлова» туралы әңгімелеу2.«Шығыс шынары» әңгімесін мазмұндау 3.Мәтінен Әлия өсірген гұлдерді теріп жазу және суретін салу
4.Мәтінге сүйене отырып Әлияға мінездеме жазу ІV. «Сиқырлы сандар» ойыны . Ойынның шарты:жылдам есептер шығару арқылы сиқырлы сандарды әріптерге айналдыру.Кесте көиегімен әріптерден сөз құрау.Сонда біздің бүгінгі сабағымыздың басты кейіпкерінің аты шығады
69
16
98
100
Ә
Л
И
Я
Бүгінгі сабағымызда Мариям Хакімжанованың «Бала Мәншүк »әңгімесімен танысамыз. Халқымыз Отан үшін от кешіп,елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл-қыздарын қастерлеп,қадір тұтады.Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945 соғыс жылдарында 1 миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған еді. 516 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды.Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі.Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетікмеңгерген.Ұлы Отан соғысы тарихында аттарын аңызға айналған қазақтың екіқызы
М. Хакімжанова-ақын,жазушы7 ақпанда жасы 89-ға қараған шағында үзаққа созылған науқастан көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанова дүние салды.М. Хакімжанова 1906 жылғы 16 қарашада Қостанай облы-сының қазіргі Алтынсарин ауданындағы «Қызыл шоқ» ауылын-да туған. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика инсти-тутының жанындагы рабфакта оқыды, «Әйел тендігі» (қазіргі «Қазақстан эйелдері») журналында қызметкер, жауапты хат-шы болды. 1934 жылы отбасының жагдайымен Орынбор об-лысына кешіп барып, біраз жыл сондағы аудандық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі болып жүмыс істеген.М. Хакімжанова 1938-44 жылдар -аралығында Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындары секциясын басқарды. Кейінгі жылдарда Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, Республикалық кітап палатасында аға редактор, «Жаңа өмір» журналында әдеби қызметкер, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында аға редактор міндеттерін атқарды.
VІ.Оқулықпен жұмыс Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту. Мазмұнын айтып өту,бөлімдерге бөлу Сұрақтарға жауап беру. VІІ. «Топтастыру» стратегиясы. -Балалар,бала Мәншүк,оқушы Мәншүк қандай болған VІІІ.Сабақты бекіту: «Бес жолды өлең» стратегиясы.
------------------------------- сүйетін,
---------------------------------баламыз.----------------------------------жолымен,---------------------------------боламыз .ІХ.Сабақты қорытындылау.Не білдік? Не үйрендік? Не білеміз? Х.Сабақты бағалау. Артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өту.Бағалау кестесіне сүйене отырып жұлдызшалар бойынша бағалау ХІ.Үйге тапсырма беру. Мәтінді мазмұндау.Берілген тақырыптар бойынша шығарма жазу: «Қаһарман қыз Мәншүк» «Ерлік ешқашан да ұмытылмайды» «Бейбіт елдің ұланымыз»