- Учителю
- Сабақ жоспары Өзін-өзі тану белестері
Сабақ жоспары Өзін-өзі тану белестері
1-сабақ
Өзін-өзі тану белестері
Өзін-өзі тану - адамгершілік құндылықтарының негізі.
Сара Алпысқызы
Мақсаты: Балалардың «өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
3-сыныпқа арналған «Өзін - өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;
-
өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
-
сыйластыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, қағаздан жасалған қармақ, алтын балықтар.
Шаттық шеңбері:
- Қош келдіңдер, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Міне, «Өзін-өзі тану» пәні сабағында бәріміз бірге қайта қауышып отырмыз. Сендер үлкейіп, әдемі болып кетіпсіңдер. Бойларыға сай ойларың да өскен болар. Бір-біріңмен кездесуге асыққандарың қуанышқа толы күлімдеген көздеріңнен көрініп тұр. Олай болса, бәріміз бір-бірімізбен құшақ жайып амандасайықшы.
Шеңбер құрып, Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін дауыстап айту.
Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалаң,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Әңгімелесу
Әңгімелесу барысында оқушылар 2-сыныпта өзі-өзі танудан үйренгендерін, жазғы демалыс кезіндегі жақсылық істерін естеріне түсіріп айтып береді.
Ойын-жаттығу
Оқушыларға ақ парақ таратып беру. Парақтың алғашқы бетіне қатар отырған сыныптасының қандай қылықтары мен әрекеттерін жазғы демалыс кезінде есіне түсіргенін жазады. Ал екінші бетіне сол сыныптасының өзі туралы нені есіне түсіруі мүмкіндігін жазады. Балалар жазып болған соң, жазғандарын оқиды.
Жазбалары сәйкес келген жұп жеңімпаз атанады.
- Жарайсыңдар, балалар! Жазғы демалыста бір-біріңді сағынып, жақсы әдет, қылықтарыңды естеріңе алғандарың қандай жақсы! жасаған жақсылыө, ізгі ниет, жақсы өылықтарбарлық уақытта да адамның жадында сақталады. Оған қоса бір-біріңнің мінез-құлықтарыңды, әрекеттеріңді жақсы білетіндіктеріне қуанып тұрмын. Өзін, өзгелерді тану деген осы!
Тапсырма
Оқушылардың алдыңғы сыныптарда алған білімдерін естеріне түсіріп әңгімелету мақсатында оқулықта берілген суреттерге қарап, «өзін-өзі танудан үйренемін» тақырыбында әңгімелеу.
Мәтінмен жұмыс
М. Төрежановтың «Алтын балық» не істер едіңдер?
* Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер?
* Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады, деп ойлаысыңдар?
* Адал ниет дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен кедей екінші тілегіне адал ниет сұрады деп ойлайсыңдар?
* Таудай талап дегенді қалай түсінесіңдер? Кедей неліктен екінші тілегіне таудай талап сұрады деп ойлайсыңдар?
* «Қайырымсыз мыңнан- қайырымды бір артық» дегенді қалай түсінесіңдер?
* Не үшін балық «Құдайым бала берсін, бала берсе, сана берсін» деген нақылды байдың есіне түсіреді?
* Байдың бақытты бола алмауы, байлығына ие бола алмау себебі неде, деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Тақтаға «Өзін-өзі тану - адамгершілік құндылықтары» деп жазып қою және осы сөздің мәніне тереңірек тоқталу.
- Иә, өздерің айтып отырғандай адамның бірінші байлығы - денсаулық. Денсаулық болса адам бақытты. Адам ақ көңіл, адал ниетті болса сый - құрметке бөленеді. Өйткені адамның жасаған жақсылығы, адалдығы алдынан шығады. Өмірдегі бар қажеттіліктің, арман-мақсаттың орындалуына талаптану арқылы жетуге болады. Етртегідегі бай сияқты адамдардың қайырымсыз қылықтарыжағымсыз ниеттері мен тілектері жақсылыққа алып келмейді, адамның бақытты болуына көмектесе алмайды.
«Өзін-өзі тану» пәні адамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы білімдер арқылы жаманнан жирендіреді, жақсыдан үйренуге бағыт береді. Адамға айналасындағы адамдармен тыныштықта, ынтымақта, татулықта, қоршаған табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруіне және өз елінің бақытты азаматы болып өсуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тануды- адамгершілік құндылықтардың негізі» тұрғысынан негіздеуі, балалардың осы адамгершілік құндылықтарды үйреніп, өмірде қолдану арқылы бақытты өмір сүруін армандауынан туған.
Балалар дәйексөзді дәптерге жазып алады.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінің дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, сол тілектеріңді бос жолдарға жазыңдар.
Қорытындылау
- Балалар, мен сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатыңдарына сенімдімін.
Жүректен жүрекке.
Жас ұландар жыры.
Аялап тұрған ел, Жазира өңірде
Даңқымыз шырқады. Сайраған біздің жол.
Атандық жас ұлан, Құмартқан Өмірге,
Бабалар ұрпағы. Боламыз құрыш қол!
Қырандай түлеттің, Көгілдір аспаны,
Асқақтап самғаймыз. Бақытты баламыз.
Алғысын жүректің, Өмірдің дастаны
Өзіңе арнаймын. Еңбеккер боламыз.
2-сабақ
Өмірді танып білуге құштарлық
Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.
Фридрих Шиллер
Мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-
өмірді тану арқылы түсініктерін кеңейту;
-
өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
-
өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, сызба.
Шаттық шеңбері.
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде- кісі болғым келеді.
Өзіммен-өзім
- Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай блса екен, шіркін...
әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрыңғы қалпымызға келейік.
Әңгімелесу.
-
Өмірід тану не үшін керек?
-
Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп бер.
Дәптермен жұмыс бойынша: алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйреңгілерің келетінін» сұрағаң тілектеріңді айтып беріңдер.
Адам ұзақ, жақсы, бақытты өмір сүру үшін өмірді сүю керек. Ал өмір өзінен, айналасындағы адамдардан, қоршаған табиғаттан, Отаннан және олармен қарым-қатынас жасаудан құралады. Сол себепті де адам осы айтылғандардың барлығын сүюі, сыйлауы қажет. Адам өмірге қпндай болып келсе, өзін сол табиғи күйінде қабылдауы тиіс, жасандылық адамға жат қасиет. Өмірде көп жетістіктерге жету мен жақсылыққа, сый-құрметке, қуаныш-бақытқа кенелу адамның өмірді танып білуге, оны үйренуге деген құштарлығына байланысты. Көп біліп, білгенін орынды қолданған адамның жақсы өмір сүруі ақиқат. Өмірге адам болып келген соң, өмірдің қуанышын, бақытын, жақсылығын сезіну керек. өйткені өмірді жақсарту, бақытты сүру өз қолымызда.
Жаттығу- ойлану
Балалар үш топқа бөлініп, әр топ өз сұрақтары бойынша плакаттағы сұлбалар сызбасына жауаптарын жазып шығады.
1-топ. Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіңдіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?
2-топ. Өз бойыңнан адамның қандай жақсы қасиеттерін сезініп білдіңдер? Өмірде қандай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?
3-топ. Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу не үшін қажет?
Күтілетін нәтижелер:
-
Әке-шешемнің, туыстарымның, досымның, ұстазымның, көршімнің, сыныптасымның және т.б
-
Үлкендерді сыйлаймын. Қамқорлық жасай аламын. Достарым көп. Көпшілікпен тіл табыса аламын. Жақсы оқуға тырысамын. Әдепті баламын және т.б
-
Өмірді сүю жақсы өмір сүруге, шыдамдылыққа, төзімділікке, ынтымаққа жетелейді және т.б
Иә, балалар, адамның өзін-өзі сүюі, айналасындағы адамдардың қамқорлығын сезінуі, бойындағы жақсы қасиеттерін өмірде өолдана білуі, өзін-өзі және өзгелерді бағалауы оның өмір сүруге деген құлшынысын арттырады. Айналасына деген көзқарасын өзгертеді.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін » тақырыбына қысқаша әңгіме құрастыру.
2 тапсырма: «бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салу
Жүректен жүрекке
- Бүгінгі сабақтан оқып білгеніміздей өмірді сүю, оған құштар болу - бақытты жақсы өмір сүруге көмектеседі. Осы өмір өздерің сияқты балалардың қызықты әлемі. Өмірдің гүлі де, қуанышы да сендерсіңдер. Өздеріңді сүйіңдер.
Біз өмірдің гүліміз.
Зеңгір көктен, Бал достыққа
нұрын төккен, Жолдастыққа,
Ортақ біздің күніміз. шақырады әніміз.
Жайнап өскен Тыныштықта,
Жайдары өскен Нұр құшақта
Біз өмірдің гүліміз бақыттымыз бәріміз
3-сабақ
Білім - ақиқат бастауы
Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған.
Ы. Алтынсарин
Мақсаты: балалардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-
білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;
-
жақсы оқуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, оқылық!
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған....
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған....
Өнер, білім - бәрі де
Оқуменен табылған.
Мәтінмен жұмыс
«Білім мен байлық» мәтінін оқу.
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырмада берілген «Білім және байлық» кестесіне әңгіме мәтіні бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын тауып жазыңдар.
Тапсырма
мақал-мәтелдердегі көп нүтенің орнына тиісті сөздерді қойып, жалғастыру.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Оқу инемен құдық қазғандай
Тыныштық сәті
Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бом ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамөор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.
Жаттығу-ойлану
Тақтаға сызбаны жазып қою. Оны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып, оған осы төрт тарамның өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі түсті қарындашпен сызып көрсетеді.
Ойын
Оқушылардың білім туралы мақал-мәтелдерді білуін байқау мақсатында «Алғырлар мен Білгірлер» атты ойын ұйымдастырылады.
Сынып екі топқа «Алғырлар», «Білгірлер» болып бөлінеді.
Тапсырма : екі топ кезектесіп, бір топ білім туралы мақал-мәтелдің бастапқы бөлігін айтса, екінші топ осы мақалды жалғастыруы тиіс. Ал егер мақалды жалғастыра алмаса, бастаған топ өздері аяқтауы тиіс. Ондай жағдайда ұпай сол топтың өзіне қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс
Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып, шешуін табыңдар.
Қорытындылау
Міне, балалар, білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндік. Білім оқу арқылы жинақталатынын ұғындық. Білім арқылы өмірдің ақиқатына көз жеткізесің. Өйткені білім - ақиқат бастауы.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрып, бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта бір маман иесі болатындықтарына сенім білдіреді.
Оқушылар мына өлеңді айтады:
Білім іздесең,
Кітаппен таныс
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең
Адаммен таныс
Өнерің кеш қалмайды
4 - сабақ
Менің сүйікті ісім
Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
Халық мақалы
Мақсаты:
Балалардың «еңбек» құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру;
- еңбек ету іскерліктерін дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Әңгімелесу
* Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер?
* Сендердің сүйікті істерің бар ма?
- Әрбір адамның ұнататын сүйікті ісі болады. Бірі ән салуды ұнатса, екіншісі би билеуді ұнатады, үшінші гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналасуы мүмкін. Кесте тоқу- біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау - екіншісінің, тағамдар даярлау- үшіншісінің, үй жануарларын күту - төртіншісінің сүйікті ісі болуы мүмкін. Сол іспен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта, жігер, қызығушылық, сүйіспеншілік сезімдері артады. Сүйікті іс адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді. Сүйікті іс үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, сондықтан бос уақыттарыңды сүйікті істеріне арнауға тырысыңдар.
Мәтінмен жұмыс
А. Қайырханованың «Өнерлі балалар» мәтінмен таныстыру.
* Ата-аналар, ұстаздар балаларға не үшін риза болды?
- Әрбір адамның сүйікті ісі болса, оны ол бар ынта-ықыласымен сүйіп істейді. Сол іспен айналысқанда ерекше бір қуанышқа бөленеді. Сүйікті іс адамды еңбекшілдікке, табандылыққа, төзімділікке үйрете отырып үлкен жетістікке жеткізеді.
Дәйексөз
«Сүйіп істеген іс шаршатпайды» деген халық мақалы бүгінгі сабақтың дәйексөзі. Сүйікті ісіңді сүйіп істесең ешқашан шаршатпайды. Сол істі сүйгенің соншалықты, тіпті денең сергіп демалып қаласың. Сондықтан да сүйікті іс өзіңе де, өзгеге де пайда келтіреді.
Тапсырма
Оқушылардың білімдерін бекіту үшін оқулықтағы суреттер бойынша әңгіме құрастырып, өздерінің сүйікті істері туралы айтып береді.
Ойын - жаттығу
Оқушылардың қандай сүйікті іспен айналысатынын білу мен оларды сондай іске талпындыру үшін ойын - жаттығу ұйымдастырылады.
- Қазір сендер, өз сүйікті істерің бойынша әрекеттерді немесе ол туралы екі - үш сөзді жұмбақтап айтып көріңдер. Балалар оның шешімін табуы тиіс. Мысалы:
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сүйікті іспен айналасуға жетелеу мақсатында үй тапсырмасы беріледі.
Тапсырма: Дәптердегі «Мен сүйікті ісіммен шұғылданғанда ...» айдарымен берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.
Қорытындылау
- Балалар, бүгінгі сабақта сүйікті іс жайында әңгімелестік. Сүйікті іс адамды көптеген жақсы қасиеттерге баулитынын білдік. Сүйікті іс адамды ұлы мақсаттарға жетелейді. Сондықтан да айналаңды сүйсінтер, өзіңе бақыт сыйлар сүйікті ісің болсың. Ол еңбекпен келеді.
Жүректен жүрекке
Еңбек етсең, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іс пен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен
Өнеріме сенемін!
5-сабақ
Қиял арманға жетелейді
Армансыз адам болмайды.
Халық мақалы.
Мақсаты: Балаларды жақсы ниетпен армандай білуге баулу.
Міндеттері:
- қиял, арман туралы түсініктерін кеңейту;
- шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, түрлі түсті қарындаштар, ақ парақтар.
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Көңіл күйлерің жақсы ма? Мен сендердікөргеніме қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер.
Ақыл мен арман
- Шіркін-ай, күйші болсам,
Бал тамған бармағымнан!
Шіркін-ай, биші болсам,
Шығып бір арманымнан!
Шіркін-ай, әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай!
Шіркін-ай, батыр болсам,
Айбатты арыстандай!
Шіркін-ай, ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен!
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен!
- Көзіңнен күлімдеген
Бір ұшқын сезіп пе ең сен?!
Алдымен Білім деген
Бәйгеден озып келсең.
Әңгімелесу
- Ерте-ерте, ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, алысты жақын етуді, теңіз, көлдердің үстімен жүруді, отынсыз тамақ пісіруді, су түбіне жүзіп, ондағы тіршілікті білуді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі, даналығы, талабы, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанын біз білеміз.
* Адам қиялы іс жүзіне қалай асады днп ойлайсыңдар?
* Өздеріңнің армандарың туралы айтып беріңдер.
- Қиял - адамның шексіз ойы. Қиялсыз өмір болмайды. Адам өзінің талабы, еңбегі, білімі арқылы қиялындағы арман-ойларын іс жүзіне асыра алады. Адам қиялының жақсы ниеттен туындауы, оның рухани дүниесінің тазалығына байланысты.
Мәтінмен жұмыс
Балаларды жақсы қиялдар мен армандарға жетелеу мақсатында аңыз айтып беру.
«Ана қиялы» оқып беру
Сұрақтар:
* Ана қиялы қандай ниетпен пайда болды, деп ойлайсыңдар?
Сендердің қандай қиялдарың арманға ұласты? Ол қалай жүзеге асты?
Дәйексөз
«Армансыз адам болмайды»
Қиял- шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман- адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: әңгімені өз қиялдарыңмен жалғастырып жазыңдар.
Менің болашақтағы өмірімде тек қана тыныштық, бейбітшілік орнап тұр. Аспан ашақ, айнала жап-жасыл желек. Бой түзеген зәулім-зәулім үйлер. Көшелерде автокөліктер жоқтың қасы болса судай жаңа. Ауа тап-таза. Халық көңілді. Дүкендерде сатушы жоқ, олардың орнына компьютерлік техникалар жұмыс істейді. Керек затыңды алуға ешқандай кедергі жоқ.....
Жүректен жүрекке
Өнер, білім бар жұрттар
Өнер,білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді
Сусыздан сусын ішкізді.
6-сабақ
Бабалар сөзі- даналық көзі
Әдептілікті данадан үйрен.
Халық мақалы
Мақсаты: Балалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- даналық, ақылдылық туралы ұғымдарын қалыптастыру;
- ойлау іскерліктерін дамыту;
- ата-баба даналығынан өнеге алуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, даналардың суреттері.
Шаттық шеңбері
Ғылым таппай мақтанба
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз.
Әңгімелесу
Бір күні Данышпан ата досының үйіне келсе, ол үйін тазалап жатыр екен. Данышпан ата досынан:
- Ей, достым, не істеп жатырсың? - деп сұрайды.
- Данышпан ата екнсің ғой! Мынау - ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр едім, - дейді досы.
- Қой, досым! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескірсе де, ішіндегі ақыл, даналық сөздер ескірмейді,- депті сонда Данышпан ата.
* Сендер үлкендерден естіген қандай дана сөздерді білесіңдер?
* Даналық сөздерден не үйренуге болды?
- Даналық дегеніміз- асыл сөздер, қасиетті сөздер, өсиет сөздер, нақыл сөздер. Олар бізді әдептілікке, жақсы адам болып өмір сүруге жетелейді. Бұл сөздерді даналар айтқан. Ал дана адам деп айтар ойын нақты да дәл, шұбарламай бір-екі сөзбен жеткізетін ақылды, көпті көрген адамдарды айтамыз. Даналардың айтқан даналығының мәнділігі соншалықты, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ол сөздер ешқашан ескірмейді, ұмытылмайды, атадан балаға мирас болып қала береді. Өйткені оның болашақ ұрпаққа берер өнегесі мол.
Мәтінмен жұмыс
«Ата өсиеті» әңгімесін әңгімелеу.
* «Ақыл - жастан» дегенді қалай түсінесіңдер?
*Сендер үлкендерден естіген қандай даналық сөздерді білесіңдер?
Тапсырма
Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, санамақты оқиды.
Дәптермен жұмыс
Бірінші тапсырма: дәптерде берілген ақын М. Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазу.
Екінші тапсырма: дәптерде берілген өлеңді оқып, мәнін түсініңдер, ұнаса жаттап алыңдар.
Ата сөзі -қасиетті, киелі,
Ата сөзі- жанға жылы тиеді.
Ата сөзі - өміріме өнеге,
Ата сөзі - тек шындықты сүйеді.
Қорытындылау
- Балалар, бүгінгі сабақтан түсінгендей ата-бабаның өнегелі, нақыл сөздері бізге тәлім, білім беретіндіктен даналықтың көзі болыптабылады. Сондықтан да ол өшпес мұра. Оны оқып, біліп өскен біз әрі жақсы, әрі дана адам болып өсеміз. Қанеки, тағы да бір рет аталар сөзіне құлақ салайықшы.
Жүректен жүрекке
Алтын сөз
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір,
Азаматтың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы, парқын сез,
Ата сөзі - алтын сөз.
7-сабақ
Бірлігі жарасқан халықпыз
Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады
Мақсаты: балалардың «достық», «бірлік», «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, әр ұлт өкілдерінің суреттері
Шаттық шеңбері:
Достық
Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан
Ортақ бізге Бір Отан
Ортақ жердің байлығы
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы
Туыспыз біз бәріміз
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде тұрған соң
Бақытты өмір сүреміз.
Әңгімелесу
* «Бірлік», «татулық» туралы не білесіңдер?
* «Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай, барлығы да бір-бірімен тең құқықта қарым-қатынас жасай алады, бірдей білім алады, бірдей еңбек етеді. Тіпті олардың арман-тілектері де бірдей, өйткені бәрінің де жүрегі туған өз Отаны Қазақстан деп соғады.
Мәтінмен жұмыс
Туысқан ел
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кен жатыр.
Бірімен - бірі туысқан
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
* Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін «бірімен-бірі туысқан» деп айтады?
* «Терезесі тең жатыр» деген сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?
* Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?
- Мұндағы әрбір адам қай ұлттың өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың тіліне, дәстүріне, әдет-ғұрпына сыйластықпен қарайды.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: дәптерде берілген ашықхатқа бір ұлттың өздеріңе ұнайтын дәстүрлерін жазып келіңдер.
Жүректен жүрекке
Әрқашан күн сөнбесін
Күн әлемі, көк әлемі,
Бұл - суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі Жазылған бар сөзі.
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесінҚасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
8-сабақ
Отан сүйген ұланбыз
Отан үшін отқа түс - күймейсің.
Б. Момышұлы
Мақсаты: балалардың «Отан», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Отанға махаббат түсініктерін қалыптастыру;
- Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру;
- Отанын сүюге, мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Өсіп келе жатырмыз
Кеудесінде таулардың
Кемесінде арманның
Жалау етіп өрлікті
Ескек етіп ерлікті
Есіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем
Таласып күнмен мен өсем
Гүл теремін жерімнен
Бірге туған еліммен
Өсіп келе жатырмын
Әңгімелесу
* Отан неліктен қымбат?
* Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетер едіңдер?
- Отан - ол аналарың, туған жерің, елің, досың, бауырың. Сен де Отанның бір бөлігісің. Отан біздің әрқайсымызға да ыстық. Ол бізге бейбіт, бақытты өмір сыйлады. Отан үшін ерлік жасау Отанға деген махаббаттан пайда болады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың Отанға сүйіспеншіліктерін арттыру мен Отанды қорғауға даяр тұру қажеттігін ұғындыру мақсатында Е. Естаеевтың «Біздің Мәншүк» әңгімесін оқып беру.
* М. Мәметованың жаудан қаймықпай ерлік көрсетуінің себебі неде деп ойлайсыңдар?
* М. Мәметованы ерлік шайқасқа қандай сезім жетеледі деп ойлайсыңдар?
* Отаны үшін ерлік жасаған тағы да кімдерді білесіңдер? Олардың қандай ерліктерін білесіңдер?
* Сендер осындай ерлік жасай алар ма едіңдер?
- Отаны үшін ерлік көрсеткендер елін, жерін жаудан аман сақтап, өзінен кейінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруін аңсаған. Олар Отанының әрбір бөлшегін, адамын, табиғатын, туған елін, жерін өз жанынан да артық сүйген. Қазір біз батыр ағаларымыз бен апаларымыздың, аталарымыздың ерлігі нәтижесінде жақсы өмір сүріп отырмыз. Сондықтан оларды үнемі еске алып, үлгі тұтып, Отанды сүюді солардың іс- әрекеттерінен, өнегелі істерінен үйренгеніміз дұрыс.
Дәйексөз
«Отан үшін отқа түс- күймейсің» деген сөздің мағынасы, артыңдағы болашақ ұрпақ өмірін ойлаңдар, еліңнің келешегіне қамқор болыңдар деген насихаттыойды білдіреді. Отаныңның, болашағыңның өмірі жалғасады олар сені мәңгі ұмытпайды дегенді білдіреді.
Тапсырма:
мақал-мәтелдерді жалғастыру. Олардың мағынасын қалай түсіндіресіңдер.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: дәптерде берілген «Отан» сөзінің тұсына, оны неге теңейтіңдеріңді ойланып жазыңдар. Мысалы, Отан- туған өлкем
Жүректен жүрекке
Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
9-сабақ
Ризашылық пен алғыс
Өмірге риза болып, алғыс айт.
Халық даналығы
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Ризашылық әні
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Әңгімелесу
* Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
* Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
* Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
*Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
- Ризашылық- адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Мәтінмен жұмыс
М. Төрежанованың «Алғыс» мәтінін оқу.
* Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?
* Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
* Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
* Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Дәйексөз
«Өмірге риза болып, алғыс айт»
- Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рақмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: дәптерде берілген сұлбаға М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастырыңдар. Олардың әрбірінің тұсындағы бос жолақтарға не үшін алғыс айтқанын жазыңдар.
Қорытындылау
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат - Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ, ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Жүректен жүрекке
Біздің тілек
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр.
Тыныш болып жер беті,
Түршікпесін денеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
10-сабақ
Өзіңді де, өзгені де аяла
Аялауды табиғаттан үйрен.
Халық даналығы
Мақсаты: балалардың «махаббат», «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңеіту
Міндеттері:
- өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзіңе, өзгелерге аялы, сыйлы қарым-қатынастарын дамыту;
- сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қане, бәріміз шеңбер бойлай, алдымен оң жағымызда тұрған баланың қолын қысып, онымен құшақ жая амандасайық:
Келші, досым, айналайын,
Құшақтайын, аймалайын...
Талпын жақсы болуға
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Әңгімелесу
- Балалар, бүгін сабақта «Өзіңді де, өзгені де аяла.» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
* Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
* Сендерді кімдер аялайды? Ал өздерің ше?
* Аялау қандай сезімге бөлейді?
- Ия, балалар, аялау дегеніміз ата-ананы, дострады, үлкен-кішіні, қоршаған ортаны желеп-жебеу, оларға жанашырлықпен қарау, жақсылық жасау.
Мәтінмен жұмыс
«Жанашыр» мәтінін оқу.
* Дастанның қызға аяушылық сезімін неден аңғаруға болады?
* Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?
* Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?
- Дұрыс айтасыңдар, өзгені аялау өзіңе қуаныш сыйлайды.
Сергіту сәті
Алақанмен сипағанда аялап, (бір-бірінің арқасынан сипайды)
Жақсы сезім қуанышың тасады. (бір-бірін құшақтайды)
Ақ көңілмен болар бейне саябақ,
Аялаған әр адамның құшағы. ( барлығы дөңгеленіп тұрып, құшақтасады)
Жағдаяттарды талдау
1.* Аружанның қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма ? Неліктен?
* Сендер Аружанның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2. Сендер Асылханның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Сендер Мұхиттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Дәйексөз
«Аялауды табиғаттан үйрен»
- Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарды аялайды. Мысалы, нұрын төгеді, суын береді, ауасымен дем алдырады және олар осы жақсылығын міндет етпейді. Сондай-ақ адамдарды бөлмейді, бар жақсылығын бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық «Аялауды табиғаттан үйрен» дейді.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: дәптердегі ребусты шешіп, шешуін жазыңдар.
Шешуі: Аялау- мейірімділікті қажет етеді.
Жүректен жүрекке
Бөпем менің
«Ашуланды -ау», сірә, тағы,
Жұбатамын бөпемді енді.
Бөпем менің ұнатады
Тербеткенді, көтергенді.
Қызығады-ау ел де, тегі,
Дейді:
- Бөпең ержетті ме?
Ержетеді, ер жетеді.
Отырмын мен тербеп, міне.
Тербеттім де таң қалдым мен,
Тыңдап жатып өлеңімді,
Ұйықтап қалып, аңғардым мен
Күлді бөпем, неге күлді?
Сұрақтарым көп қой әлі,
Бөпем жауап қайтармайды-ау.
Тілі шыққан жоқ қой әлі,
Көрген түсін айта алмайды-ау.
11-сабақ
Шаңырақ жарастығы
Шаңырақ сәні- сыйластық
халық мақалы
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер .
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме, менің аяулы достарым. Мен барлығыңды жақынымдай, бауырымдай жақсы көремін және сыйлаймын. Мен бүгінгі сабақта шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз. Әрбірің өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып шығыңдар:
Мен қазақ баласымын
Бұтағы- бабасының,
Ұрпағы - атасының,
Шуағы -әжесінің,
Тұяғы - әкесінің,
Тілегі- анасының,
Түлегі- даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен - қазақ баласымын!
Жерінде - бабасының,
Елінде - атасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында - анасының,
Жолында - ағасының,
Төсінде- даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен-қазақ баласымын!
Әңгімелесу
* Бір шаңырақта тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер.
* Өз отбасыңның сыйластығы туралы айтып беріңдер.
- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір-біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы, бір-бірімен ынтымағы, татулығы, бірлігі шаңырақ жарастығын құрайды.
Мәтінмен жұмыс
А. Асылбековтың «Сүйіспеншілік» туралы әңгімесін кідіріспен әңгімелеп беру.
* Сендер болсаңдар қайсысын шақырған болар едіңдер? Неліктен?
* «Сүйіспеншілік бар жерде - байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
Көмек
Таза ұстаймын үйімді,
Менен жұмыс қала ма?
Ілгішке іліп киімді,
Көмектесем мамама.
Елгезекпін - бұл анық,
Мамамды мен сыйлаймын.
Білегімді сыбанып,
Ыдысты да жинаймын.
«Боласың, - деп, жақсы адам»,
Қостар мамам мұнымды.
Кешке балабақшадан
Алып келем інімді.
«Күн суық қой, тоңбасын»,
Деп қояды мамам да....
Інім жігіт болғасын,
Көмектесер маған да.
Дәйексөз
«Шаңырақ сәні - сыйластық» халық мақалы
- Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәніні кіргізіп, жарастық орнатады.
Дәптермен жұмыс
- Балалар, әр күнді ( үйдегі, сыныптағы, мектептегі) ұмытылмас мереке етіп өткізуге болады. Қалай десіңдер ғой? Ол үшін мынадай мерекелік кесте жасап алу қажет деп ойлаймын.Дүйсенбі-
«Күлкі күні»
- Әр адам бұл күні шаңырағында, сыныбында біріне-бірі күле қарап, қалжыңдасып көңілді әңгімелер айтады.
Сейсенбі-
«Тосынсый күні»
- Бұл күні бір шаңырақ астында тұратындар бір-біріне тосынсый дайындап қуантады. Мысалы: өолдан жасалған бұйым, мерекелік ас, т.с.с.
Сәрсенбі-
«Еңбек күні»
- Бұл күні шаңырақ астында тұратындар бірлесе еңбек етеді. Мысалы: ағаш отырғызады, көршілеріне, достарына көмек береді.
Бейсенбі-
«Тазалық күні»
- Бұл күні аты айтып тұрғандай, шаңырақ іші, айналасы мұнтаздай етіп тазартылады.
Жұма
«Интеллектуалды орта күні»
- Бұл күні шаңырақтағылардың бәрі бір жерге жиналып қызықты кітаптар оқиды. Барлығы бірлесе бір кітапты оқып талдау жасауларына болады. Интеллектуалды ойындар ұйымдастырады. Мысалы: « Ғажайып алаң», «Алтын дала» ойыны және т.б.
Сенбі
«Патшалық күн»
- Бұл күні шаңырақта үлкен ерекшелік болуы керек. «Шаңырақ патшалығын» орнатып өзара қарым-қатынастарында бір-біріне сыпайылық, әдептілік, ізеттілік көрсету қажет. Мысалы: «Мәртебелі патша», «Мархабат», т.с.с.
Жексенбі
«Жұлдызды күн»
- Бұл күні бір шаңырақта тұратындар кешке қарай сыртқа, аулаға, көшеге шығады. Жұлдызды аспанға қарап өздерінің тілектерін тілейді. Бірлесе ән салып, би билейді.
12-сабақ
Сіз деген -әдеп, біз деген - көмек
Көп жүрген жер - көңілді,
Көп еңбегі - өнімді.
Мақал
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- Бірлесіп еңбек етуге қызығушылығын арттыру;
- өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.
Шаттық шеңбері:
- Балалар, «Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, балалар, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық.
Көмек
Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі-
Үлкендерге «Сіз» деген.
- Бүгін біз «Әдептіліктің бастауы- «Сіз» және «біз» туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
* «Өзара сыйластық» дегенді қалай түсінесіңдер?
* Сендер қандай жағдайда, кімдерге көмек көрсетесіңдер?
- Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай-ақ жасы кіші болса сыйлы адаммен «Сіз» деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты құрметті білдіреді. Ал «біз» деген ұғым көпшілдікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмайды, оның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.
Мәтінмен жұмыс
Көпшіл болудың мәнін түсіндіру мақсатында Е. Өтетілеуовтың «Бірлік» әңгімесін айтып беру.
* «Бірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?
* Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?
*Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істегендеқандай сезімге бөленсіңдер? Жалғыз істегенде ше?
* Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Сахналау
Бес нәрсеге асық бол!
Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, Рақым, Терең ой, Талап, Еңбек.
Жағдаяттарды талдау
1. Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2.Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?
Ернардың орнында сендер болсаңдар, не істер едіңдер?
3. Бұл сыныпты қандай сынып деп ойлайсыңдар? Неліктен?
Дәйексөз
«Көп жүрген жер- көңілді,
Көп еңбегі - өнімді»
- Бір адам жалғыздан-жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды, жасаса да әрі қызықсыз, әрі қажыр-қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты, әрі тез, әрі тиянақты бітеді. Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңілі көтеріледі, тіпті дем алады. Бұл адамды достыққа, бірін-бірі жақсы танып білуге, сыйлауға, бірінен - бірі қамқор болуға жетелейді. Сондықтан да халық «Сіз» бен «»біз сөздерін игі, жақсы сөздер деп қастерлейді.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: өлеңнен түйген ойларыңды жазыңдар.
Қорытындылау
- Әрбір адам «Сіз» бен «біз» туралы ұмытпаса, оны өмірде қолданса, онда барлық адамдар бір-бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады.
Әдеп
Әдеп, ізет, иба да-
Шарайнасы жаныңның.
Әдептіні сыйла да,
Тәңіріндей табынғын.
Әдеп- алтын сабырың,
Жетелейтін мұратқа.
Әдеп - талап, жалының,
Ақ желкенін құлатпа.
13-сабақ
Ойнай білу де -өнер
Бәрінен күшті адам - өзіне - өзі ие болатын адам.
Сенека
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық, адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
- жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа
Шаттық шеңбері:
Бәрі бірге қосылып «Айгөлек» әнін шырқайды.
Әңгімелесу
- Өткен сабақта бірлесе жұмыс істеу кезеңіндегі адами қарым-қатынастармен танысқан болатынбыз. Ал бүгін ойнау кезіндегі адами қарым-қатынастар туралы әңгімелесеміз.
* Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?
* Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?
Мәтінмен жұмыс
«Қызғаныштың кесірі»
* Шынар мен Назым неге ренжісіп қалды?
* Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?
* Апасы Назымға қандай ақыл айтты?
Сендерге сондай жағдай кездесті ме?
Дәйексөз
«Бәріне күшті адам - өзіне - өзі ие болатын адам»
- Адам ойын кезінде де, өмірде де өзінің ашуын, ызасын көрсетпей, ұстамды болуы тиіс. Ашуды ақылға жендіре білу- адам бойындағы жақсы қасиет. Ойын кезінде досының жіберген қателігі мен кемшілігін кешіре білу - адамдық белгісі.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: ойын кезінде достарыңның арасындағы ұнамды және ұнамсыз әрекеттер туралы өз ойларыңды бос жолдарға түсіріңдер.
Қорытындылау
- Ойын - еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен сергітудің құралы және ұжымдық, ұйымдық әрекет. Бірге ойнау кезінде әдептілікпен қатар, әділеттілік те қажет. Дөрекі сөз айтып даурығу, бірін-бірі - мазақтау - мәдениетсіздік, әдепсіздік болып табылады. Кешірімді болу, әділетті болу, дос көңілін қалдырмау- нағыз адам болуға жетелейді.
Жүректен жүрекке
- Достықты қадірлей білейік!
- Әділетті болайық!
- Мәдениетті болайық!
- Әдепті болайық!
- Ойын бәрімізге қуаныш сыйласын!
- Қуанышты көңіл күймен табысайық!
- Ойнайық та ойлайық!
14-сабақ
Ұл бала мен қыз бала
Ел ұлымен берік, қызымен көрік.
Халық даналығы
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, екі плакат, жанатын шам, маркер.
Шаттық шеңбері
Біз- туған ел баласы
Асыр салған таласып,
Біз-туған ел баласы
Қандай байтақ Отаным
Жан-жағыңа қарашы.
Отаным кең көсілген
Төсінде ырыс өсірген.
Қаптаған мал, алып дән
Бәрі менің несібем.
Бәрін көріп келеміз
Болашаққа сенеміз
Жақсы оқумен, еңбекпен
Біздер жауап береміз
Әңгімелесу
-«Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?»
- «Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер? деген сауалға өз ойларын білдіреді.
Жағдаяттарды талдау
- Өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа қуаныштымын. Дұрыс айтасыңдар. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.
Мәтінмен жұмыс
«Кімнің жұмысы»
-Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізеді?
-Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
- Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріне ортақ. Сыныпта тату-тәтті болып, сыйластықты қарым-қатынас жасай білу-әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастыру.
Ұлдар мен қыздарды екі топқа бөлу.
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргін келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?» деген сұрақтар беріледі.
Қыз бала: әдепті, нәзік, инабатты, ақылды, мейірімді, әдемі сүйкімді, сұлу, ұқыпты, және т.б.
Ұл бала: әдепті, батыл, ер жүрек, қайратты, ақылды, әділ, шыдамды, бір сөзді және т.б.
Ойын
Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам..., егер қыз болсам...» дегенді жалғастырып айтады
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: Дәптерде берілген ұл бала (Алпамыс) мен қыз баланың (Махаббат) суреттерінің жан-жағына «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазу.
Қорытындылау
Жүректен жүрекке
15-сабақ
Дос болайық, бәріміз
Татулық - достық кепілі
халық мақалы
Мақсаты: балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- татулық, достық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
- достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, саңырауқұлақтың үлгісі, жануарлардың маскасы
Шаттық шеңбері
Татуласу
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кәне, соңынды.
Баққа бірге кірейік,
Қол ұстасып жүрейік
Татулықтың белгісі
кел қосылып күлейік
-Ха-ха-ха, ха-ха-ха!
Әңгімелесу
- Сендер 1-2 сыныптарда дос, достық қарым-қатынас туралы қызықты шығармалармен танысып, дос бола білуді оқып үйрендіңдер.
-Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?
- достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
Жағдаяттарды талдау
- Кейде біз өте асығып жүріп, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рақмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады.
Мәтінмен жұмыс
«Күштісің енді сен»,-деді
- «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Сахналау
«Саңырауқұлақтың аясында»
Достық туралы ән айту
Жаңа ақпарат
Дос, достық мағынасын түсіндіру
« Мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі достық қарым -қатынасты нығайтады.»
Дәптермен жұмыс
Тапсырма: «Досыңды құрметте» нақыл сөз шығу үшін әріптердідұрыс орналастыру. Құрастырған сөздерді торкөздерге жазу.
Қорытындылау
Достықтың күші- бірлікте, кепілі-татулықта. Біз де сыныптас достарымызды қолдап, қол ұшын беруге әрқашан дайын болайық.
Жүректен жүрекке
16-сабақ
Дос болайық, бәріміз
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес
Мақсаты: балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- достық ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- өзара көмек, жолдастық, сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- достыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Шаттық шеңбері
-Балалар, шаттық шеңберін құрып тұра қалайық. Бүгінгі сабағымызды достық тақырыбын жалғастырамыз. Сабағымызды бір-бірімізге деген жылы лебізбен бастайық:
- сені көргеніме қуаныштымын
-Қайырлы күн!
- Сәлем! Сені көргеніме ризамын.
Бүгінгі күнге ризамын
Күнде шат күліп күн
Шаттанамыз бәріміз
Өміріміз көңілді
Мәңгілік достықпен
Мақтанамыз бәріміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Адамдардың бір-бірімен ауызбіршілікті, тату болуы, ынтымақта өмір сүруі өз қолыңда. Бүгінгі сабағымызда достықты сақтау мен нығайтуды, оның қадірін түсіне білуді, достарды қолдауды үйренеміз.
Әңгімелесу
- Адал достықты қалай түсінесіңдер?
-Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар? деген сұрақ бойынша әңгімелесу.
Мәтінмен жұмыс
«Сазды хикая» ертегісін оқып беру
Сұрақтар:
Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?
Көртышқан достарымен қалай татуласты?
«Ескі достаң айырылсаң, жаңасын таппайсың» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Әрқашан тілектес, досыңа көмектес»
-дос адам бір-біріне қашанда тілекші, көмекші. Досыңа әрдайым тілектестік білдіріп, оның айтқан сөзін, істеген ісін қолдап, қажет кезінде өз көмегіңді көрсетіп жүргенің дұрыс болады. Адалдық, сенім нағыз достарға тән қасиет.
Сергіту сәті
Санайық жаңаша
Бір,екі, үш...
Желбіре жалауша!
Достықта біздің күш!
Жағдаяттарды талдау
Ойын
Оқушылардың бір-біріне достық қарым-қатынасрын дамыта түсу үшін «Кімнің даусы?» атты ойын жүргізу. Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Олардың бірі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушының рөлін атқарады. Ал қалғаны:
«Секір-секір деген кім,
Білгіш болсаң, таба ғой.
Тауып алда, өзің кеп,
Сол досыңды айта ғой,»
«Секір-секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастауышы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға кіріседі. Тапса, айтқан бала ортаға шығып қол алысады да, ойын басқарушы болады. Таба алмаса ойынды өзі жалғастырады.
Дәптермен жұмыс
- Дәптердегі бірінші тапсырма бойынша ребусты дұрыс шешсеңдер есте сақтауға тиісті, өнегелі сөз шығады.
Шешуі: «Досыңа ауыр сөз айтпа»
- Дәптердегі екінші тапсырма бойынша мақалдарды аяқтау
Қорытындылау
Жүректен жүрекке
- Адамдардың бір-біріне деген ең қымбат сезімдерінің бірі-достық. Ал адам бойындағы ең игі қасиеттердің бірі - достаса білу. Адамдар қарым-қатынасындағы аса бағалы құндылық - достық. сол себепті, балалар әрқашан дос болайық, бәріміз!
«Дос болайық, бәріміз» әнін бәрі бірге қосылып айту.
17 - сабақ
Жылы жүрек-жақсы тілек
жақсы сөз-жан семіртер.
халық мақалы
Мақсаты: балалардың «мейірімділік» , «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
- қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық.
Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың, мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.
- Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып «Көңілді балалар әні өлеңін айтайық.
Әңгімелесу
- Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімде болдыңдар?
- Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде сезімге бөлендіңдер?
Тыныштық сәті
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.
Мәтінмен жұмыс
«Жақсы ата»
- Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
-Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер.
Дәйексөз
«Жақсы сөз - жан семіртер»
- Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уаймға салады.
Тапсырма
Тапсырмада оқулықта берілген суреттердегі кейіпкердің орнына өздерін қойып, жақсы сөз, жылы тілек айту ұсынылады.
Сергіту сәті
- Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.
Тілек
Шөліркемей гүл тұрсың
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке
Ыстық бізге тыныштық
Қорытындылау
- Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттықа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
Жүректен жүрекке
Бала тілегі
18 - сабақ
Ұқыпты бала-әдепті бала
Ұқыптының уақыты мол.
Мақсаты: балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру;
- сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту;
- ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық.
Шаттық шеңбері
-Балалар, қайырлы күн! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберіндетұрып, бір-бірімізбен қуанышты көңіл күйде жылы жүректен, жақсы тілекпен, игі әдеппен сәлемдесейік. «Мен өсемін» өлеңін айту
- Балалар, енді өз орнымызға отырайық. Өткен сабақта жылы жүрек, жақсы тілектерің адамды бақытты ететіні туралы айтқан болатынбыз. Бүгінгі сабақта ұқыптылық туралы әңгімелесеміз.
Әңгімелесу
- Ұқыпты болу дегенді қалай түсінесіңдер?
- Ұқыптылық не үшін қажет?
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақтар қойып, әңгімелесу.
Мәтінмен жұмыс
«Ұқыптылық»
- Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
- Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
- «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Ұқыптының уақыты мол»
- Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.
Тапсырма
Оқулықта берілген көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып, мақалдар мен жаңылтпашты оқиды. Оларды түсініп оқып, есте сақтап, өмірде қолдана білуге және жаңылтпашты жаңылмай айтып үйреніп, мағынасын түсінуге тырысады.
Түйіндеме
Түйіндемеде оқушыларға «Ұқыпты болудың жолын біліп алуға» кеңес беру.
1. Күнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруды ұмытпа.
2. Бір күндік жұмыс кестесін құрып апл.
3. Мерекелік күндерді белгілеп қой.
4. Атқарылатын істерді жоспарлап ал.
5. Өз істеріңді қадағалау үшін күнтізбені серік ет.
6. жақын, туыс адамдардың туған күнін есте сақта.
7. Айналаңа мұқият бол.
Мәтінмен жұмыс
«Дәме»
- Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Мүмкін бе? Неліктен?
Жаңа ақпарат
Ұқыптылық сөзінің мағынасын түсіндіру.
«Ұқыпты адам тәртіпті, тыңғылықты болады. Ондай адам өз іс-әрекетінде үнемі жинақылық танытады»
Тапсырма
Өлеңді оқып, сұрақтарға жауап беру.
Жаңа ақпарат
Әдептілік- әр түрлі жағдайда мінез-құлық ережелеріне сәйкес өзіңді ұстай білу. Әдепті адам өзін, өзгелерді ыңғайсыздық жағдайда қалдырмайды. Өзгелердің ісіне жөнсіз араласпайды, дөрекі түрде, намысқа тие немесе